logoru
logo

Сенбі, 09 Мамыр 2020 - KAZUS.KZ

Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін өтініштер онлайн қабылданып жатыр

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін өтініштер 10 мамырға дейін ent2020.testcenter.kz сайтында онлайн қабылданады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Интернет жылдамдығы төмен немесе мүлдем жоқ жерлерде тұратын оқушылармен орталық мамандары тікелей байланысып, тіркеу үшін көмектесіп жатыр.

18 жасқа толмаған тұлғалардың дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімді олардың заңды өкілдері беретінін айта кеткен жөн.

Қазіргі күні 125 000-нан астам талапкер тестілеуге қатысуға өтініш білдірді.

Техникалық қолдау үшін Ұлттық тестілеу орталығының 8 8000 80 71 77 нөмірі бойынша Call-center жұмыс істейді. Cондай-ақ, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. қолдау қызметі жəне ҰТО-ның əлеуметтік желідегі парақшалары арқылы хат жолдауға болады.

Толығырақ ...

Әлемдегі ең кедей президент жалақысының 90 пайызын таратып береді

KAZUS.KZ. Әлемде мемлекет басқарған адамдардың арасында ең кедейі – Хосе Альберто Мухика Кордано (Jose Alberto Mujica Cordano) екен, деп жазады egemen.kz.

Бұл кісі Уругвай елін 2010-2015 жылдары басқарған 40-шы президенті. Қазір жасы 80-ге аяқ басқан бұл кісі ел қатарлы қарапайым өмір сүреді.

Хосе Мухика на встрече с президентом Бараком Обамой

Президент кезінде 12 500 доллар жалақы алғанымен оның 90 пайызын кедей-кепшікке таратып беріп, әйелі екеуі қалған 1250 долларға өмір сүретін болған.

Айтуына қарағанда, бұл адамда банкте сақтаған бір тиыны да жоқ. Жер бетінде ешкімге қарыз емес.

«Ең бақытты адам өзіне қажет дүниені сезініп, сол мөлшерде өмір сүре білген жан» дейді екен Хосе мырза.

5
Президенттің үйі
6
Президенттің көлігі
Толығырақ ...

Қытайда мектеп оқушыларына маска тақпауға рұқсат берілді

KAZUS.KZ. Қытайда мектеп оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілеріне (ясли) оқу орнында маска тақпауға рұқсат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл ереже Қытайдың эпидемиологиялық қауіп дәрежесі төмен аймақтарында орналасқан бастауыш және орта мектептер, мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне қатысты. Мұндай ұсынысты ҚХР Денсаулық сақтау істері бойынша Мемлекеттік комитет және ҚХР Білім министрлігі жасады.

Мектептер мен балабақшаларда, яслиде жұмыс процесін ұйымдастыруға әрқайсында жеке тәртіп орнатылған. Бастауыш және орта мектеп мұғалімдеріне де сабақты маскасыз өткізуге рұқсат етілді. Мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілері мен қызметкерлеріне арналған жұмыс барысын ұйымдастыру тәртібі қаталдау.

Өткен тәулікте (2020 жылдың 8 мамыры, сағат 24:00 бойынша) құрлықтық Қытайда коронавирус жұқтырған бір ғана адам анықталды, өлім жағдайы тіркелмеді, деп хабарлайды ҚХР Денсаулық сақтау істері бойынша Мемлекеттік комитеті.

Құрлықтық Қытайда COVID-19 жұқтырған адамдардың жалпы саны – 82 887, емделіп шыққандар – 78 046. Өкінішке қарай, дерттен 4633 адам өмірден өтті.

Толығырақ ...

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 4922 адамға жетті

  • Бөлім:  Қоғам

Қазақстандағы коронавирус бойынша 9 мамыр 12:25-тегі эпидемиологиялық жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 88 жағдай тіркелді, деп жазады coronavirus2020.kz.

Олар мына қалалар мен облыстарда тіркелген: 

Алматы қаласы - 22,
Атырау облысы - 18,
Нұр-Сұлтан қаласы - 41,
Түркістан облысы - 3,
Маңғыстау облысы - 4.

Қазақстан бойынша барлығы - 4922.

Нұр-Сұлтан қаласы – 1003
Алматы қаласы – 1559
Шымкент қаласы – 226
Ақмола облысы – 106
Ақтөбе облысы – 172
Алматы облысы – 182
Атырау облысы – 290
Шығыс Қазақстан облысы – 43
Жамбыл облысы – 177
Батыс Қазақстан облысы – 218
Қарағанды облысы – 186
Қостанай облысы – 61
Қызылорда облысы – 226
Маңғыстау облысы – 113
Павлодар облысы – 154
Солтүстік Қазақстан облысы – 34
Түркістан облысы – 172
Толығырақ ...

Мақтааралдағы егін-мал шығындары толық өтеледі

  • Бөлім:  Қоғам

Мақтаарал ауданында жалпы көлемі - 7639 гектар ауыл шаруашылығы жерлері зақымданған, деп хабарлайды KAZUS.KZ

Ал мал шығыны 297-ні құрады. Барлық шығындар есептеліп, Үкіметке ұсынылды. Алдағы уақытта өтемақы жасалатын болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметін өткен брифингте облыстық Ауышл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов мәлімдеді.

«Ауданда 11 елдімекеннің егістіктері зақымданған. Жалпы 1 мыңнан астам ауылшаруашылығы тауар өндірушілер тізімі жасақталды. Біз 7639 гектар егістіктің шығынын 4 млрд 1 млн теңге көлемінде есептеп, Үкіметке ұсындық. Комиссия шешімі бойынша әр дақыл түріне орай өтемақы жасалады. Ал ветеринариялық жағдай бойынша 297 мал зардап шеккен: 58 бас сиыр, 227 қой-ешкі, 16 жылқы, 2 түйе және 227 үй құстары суға аққан. Барлығын жою жұмыстары жүріп жатыр. Мал шығынын өтеу үшін нарықтағы баға бойынша 32 млн теңге шығынды есептеп, Үкіметке ұсынып отырмыз», - деді басқарма басшысы.

Басқарма мамандары өлген әр малдың фотосын түсіріп, актісін дайындауда. Мал мен егіннің өтемақылары төтенше жағдайға байланысты ашылатын азаматтардың жеке шоттарына аударылады. Қосымша шот ашудың қажеті жоқ. Су тартылғаннан кейін Ауыл шаруашылығы министрлігінен арнайы мамандар келіп, жердің құрамын, зақымданған күйін тексереді.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу