logoru
logo

Сейсенбі, 05 Мамыр 2020 - KAZUS.KZ

Иран валютасының аты өзгереді

  • Бөлім:  Әлемде

KAZUS.KZ. Иранның заң шығарушы органдары ұлттық валюталарының атын өзгерту және деноминациялау туралы заң жобасын мақұлдады. Билік өкілдері валюта атауын риалдан томанға (тұман) ауыстырмақ, - деп хабарлайды tengrinews.kz Xinhua сайтына сілтеме жасап.

Портал мәліметінше, 10 000 риал бір томға, ал әрбір томан 100 парсехқа (жаңа валютаның қосымша ақшалай бірлігі) тең болады.

Валютаның ауысуы біртіндеп жүзеге асады. Өтпелі кезең екі жылға созылады. Осы уақыт аралығында үкімет ескі монеталар мен ақшаларды айналымнан алып, оларды жаңасымен ауыстырады.

Мұның алдында риал бағамы АҚШ-тың санкцияларына байланысты үздіксіз құлдырап отырған. Енді валюта транзакцияны жеңілдетіп, банкноттар мен монеталарды басып шығару құнын төмендету, сондай-ақ, ақша жүйесінің тиімділігін арттыру үшін өзгертіледі.

Айта кетейік, Иранның Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың "Парсы шығанағындағы әскерінің төндіріп отырған қаупі" үшін наразылық білдіргені хабарланған болтын

Толығырақ ...

ТҮРКІСТАН: Мақтааралда су деңгейі төмендеді

  • Бөлім:  Қоғам

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында тасқын су деңгейі едәуір төмендей бастады, деп хабарлайды KAZUS.KZ

Бұл туралы онлайн брифингте облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов мәлімдеді.

Жалпы 6128 тұрғыны бар 5 елдімекенді су басқан болатын. Олар: Жеңіс, Жаңатұрмыс, Фирдоуси, Өргебас және Достық ауылдары. Қазіргі таңда бұл ауылдарда су басу қаупі төмендеген. Атап айтқанда, 5 мамыр күнгі дерек бойынша Жеңіс елдімекенінде су деңгейі 2 см-ге төмендеген. Жаңатұрмыс ауылында бұл көрсеткіш 3 сантиметрге, Өргебас ауылының кіре берісінде 6 см-ге азайған. Арай елдімекенінде 4 см-ге азайған», деп мәлімдеді С. Қалқаманов.

Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары 6 мамырдан бастап эвакуациялық пункттегі балалар сабақтарын қашықтан оқитын болатынын жеткізді. Бұл ретте білім басқармасы оқулықтар мен оқу құралдары тиелген жүк көлігін Мақтааралға жіберген.

Айта кетейік, Мақтаарал ауданы аумағынан ағын суды тез арада шығару мақсатында Өзбекстан Республикасы тарапынан Жетісай ауданы, Қоғалы елдімекенінің маңынан «Орталық бетпақдала коллекторы» арқылы автожол көпірін айналып өтетін канал қазылған.

Толығырақ ...

Тоқаев: Коронавируспен күреске шамамен 6 трлн теңге жұмсалды

KAZUS.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күреске қанша ақша бөлінгенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстан пандемияның екпінін азайту үшін қандай шаралар қабылдап жатқандығы туралы Президент ТАСС бас директорының бірінші орынбасары Михаил Гусманға берген эксклюзивті сұхбатында айтты.

Президенттің айтуынша, бұл бағыттағы шараларға мемлекет 5 жарым, тіпті шамамен 6 трлн теңге жұмсаған.

Жалпы, біз қабылдаған шараларға мемлекет бес жарым, тіпті шамамен 6 триллион теңге шығындады - бұл 13 миллиард доллар немесе жалпы ішкі өнімнің 8 пайыздан астам көлемі. Яғни, тағы қайталап айтамын, бұл бұрын-соңды болмаған, шұғыл әрекет етуді қажет еткен шаралар. Бұл шараларды мақсатты түрде қолға алдық, әрине, ертең сын-ескертпелер болуы мүмкін, мәселен ақшаны желге шашты дегендей. Бірақ мен, ең алдымен, бұл жағдайда біздің азаматтарымыздың өмірі мен әл-ауқаты үшін аянбай күресуіміз керек деп санаймын, - деді ол.

Сонымен қатар, Тоқаев халық жоқта экономиканың да болмайтынын баса атап өтті.

Толығырақ ...

Квотамен оқыған жастар ауылда үш жыл жұмыс істеуге міндеттеледі

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Педагогика, медицина, ветеринария және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша квотамен білім алған ауыл жастары колледж немесе университетті аяқтағаннан кейін үш жыл ауылда жұмыс істеуге міндетті. Тиісті Қаулыға Үкімет басшысы Асқар Мамин қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаулыға сәйкес, «Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №390 қаулысына, сондай-ақ «Білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №58 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

«Педагогтік, медициналық, ветеринариялық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша ауыл жастары қатарынан шыққан азаматтарға берілетін квота шегінде оқуға түскен азаматтар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын бітіргеннен кейін кемінде үш жыл ауылдық жерде орналасқан тиісінше мемлекеттік білім беру ұйымдарында, мемлекеттік медицина ұйымдарында, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлімшелерінде, мемлекеттік ветеринария ұйымдарында және меншік нысанына қарамастан, аграрлық бейіндегі ұйымдарда жұмысын өтейді», - делінген құжатта.

Сондай-ақ үш жыл ауылда жұмыс істеу жөніндегі міндетке қатысты Қаулының 28-тармағына өзгерістер енгізілді.

«28. Заңда көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндет:

1) жұмысты өтеу жөніндегі міндеттің орындалуына байланысты;

2) тиісті құжаттармен расталған, білім алушының (жас маманның, философия докторының (РhD)) қайтыс болуына байланысты;

3) жұмысты өтеу мерзімі кезінде I және II топ мүгедектігі белгіленген жағдайда;

4) Заңда және осы Қағидалардың 27-тармағында көзделген жағдайларда жұмысты өтеу жөніндегі міндетінен босатылуына байланысты бюджет қаражаты есебінен жұмсалған оқытумен байланысты шығыстар қайтарылмай тоқтатылады», - делінген онда.

Аталған Қаулы алғаш ресми жарияланған уақыттан 10 күннен соң қолданысқа енгізіледі.

Толығырақ ...

Желіде "Шегіртке" вирустық ролик хитке айналды

Әлеуметтік желіде Ахметбек Нұрсиланың "Шегіртке" деп айтқан сөзіне байланысты вирустық ролик тарады, деп хабаралайды KAZUS.KZ

Қазақстанға белгілі кәсіпкер, мотиватор Ахметбек Нұрсила "КТК" телеарнасында "Астарлы ақиқат" бағдарламасының бірінде Ернар Айдарды шегірткеге теңеп, эстарда жұлдыздарының көпшілігін жұлдыз атына сай емес деген пікір білдірген болатын. 

Аталған бағдарламада эстарда жұлдыздарының лоторея ойындарын ұйымдастыру, олардың қаншалықты әділ өтіп жатқандығы туралы кәсіпкер мен әншілер арасында екі жақты пікірі талас болғаны белгілі.

Бүгінгі таңда әлеуметтік желіде ең көп талқыланып жатқан тарқырыптарды бірі. Онда бірі кәсіпкерді жақтап жатса, енді бірі әншілердің сөзін сөйлеуде.

Осы бағдарлама кейіпкерінің бірі кәсіпкер, мотиватор Ахметбек Нұрсиланың сөзінің қиындыларынан бийнеролик әзірлеп, әлеуметтік желіде хитке айналған "Шегіртке" вирустық ролигі тарауда. 

 

 

Толығырақ ...

Қазақстандықтар ХҚО-ға кезек уақытын алдын ала брондап барады

  • Бөлім:  Қоғам

Кеше Қарағанды, Ақтау және Орал қалаларындағы бірнеше халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын қайта жандандырып, жаңа форматта қызмет көрсете бастады, деп хабарлайды KAZUS.KZ

Алғашқы жұмыс күні осы ХҚО-ларда 2038 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Олардың 70%-дан астамы алдын ала брондау арқылы қамтамасыз етілген. Қалғандары сол жерде бронь жасаған немесе операторлардың босауын күткен.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коронавирус пандемиясы қауіпінің сақталуына байланысты мемлекеттік қызметтерді көрсетудің жаңа форматын ұсынды, оған сәйкес азаматтар ХҚО-дан тек «қағаз жүзіндегі» қызметтер мен онлайн түрде рәсімделген қызметтердің нәтижелерін ала алады.

Бұл ретте қызметтерді тек алдын ала жасалған брондау арқылы алуға болады. Халыққа қызмет көрсету орталығына кезек уақытын egov.kz порталы немесе 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы белгілеуге болады.

Сондай-ақ кезекке тапсырыс берген клиенттердің қатаң түрде белгіленген уақыт аралығында келу керектігін ескертеміз, себебі бронь уақыты өтіп кетсе, қайта брондау рәсімін жасау керек. Сонымен қатар бронь барысында тіркелген ЖСН иесі ғана электронды кезекті пайдалана алады.

Естеріңізге сала кетейік, 4 мамырдан бастап төтенше жағдай тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі штабтардың шешімімен бірқатар аймақта халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылды.

Атап айтқанда, Қарағанды, Ақтау және Орал қалаларында жеке тұлғаларға қызмет көрсету үшін алдын ала брондау арқылы ХҚО-лар ашылды, ал Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында ХҚО-лар шағын және орта бизнеске қызмет көрсету үшін ашылды.

Толығырақ ...

Вице-министр мұғалім мәртебесі заңмен қалай қорғалатынын айтты

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова мектеп мұғалімінің мәртебесі заңмен қалай қорғалатынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанда желтоқсан айында қабылданған «Педагогтар мәртебесі туралы» заң мен әкімшілік рәсімдер туралы кодекске енгізілген өзгерістер негізінде 2020 жылдың 31 наурызында бұйрық қабылданды. Бұл бұйрық білім беру жүйесінде тексеру жүргізу бойынша тәуекел дәрежесін қарап, өлшем шарттары мен тексеру парақтарын бекітуді көздейді. Яғни, мұғалімдерден тиісті емес жұмыстарды талап еткен жағдайда әкімшілік айыппұл салу көзделген», - деді Шолпан Қаринова Білім және ғылым министрлігінің онлайн режимде өткен аппараттық отырысында.

Вице-министр бұл ретте аумақтық департаменттер нақты қандай жағдайда мұғалімдерді міндетінен тыс жұмысқа тартқандарға айыппұл салынатынын айтып берді.

«Нақты айтып отырған бұйрыққа байланысты өңірлердегі департаменттерге құзіретіне 1 сәуірден бастап беріліп, жұмыс басталды. Мұның ішіне педагогтардан есептілік немесе өзіне байланыста емес ақпараттарды сұратқандар, мұғалімдерді өзінің, яғни кәсіби мамандығымен байланысты емес жұмыстарға тартқандар, педагогтарды тауарлар мен қызметтерді сатып алуға міндеттеп, мемлекеттік білім мекемелеріндегі қызметкерлерді басқа мемлекеттік емес ұйымдардың іс-шараларын өткізуге тартатындар жауапкершілік арқалайды», - деді вице-министр.

Еске салсақ, бұған дейін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балабақша, мектеп пен колледжде қағазбастылықтан арылатын күн келгенін мәлім еткен болатын.

Министрдің айтуынша педагогты қосымша құжат толтыруға міндеттегендерге ірі көлемде дейін айыппұл салу көзделген.

 

Толығырақ ...

Асхат Аймағамбетов: Бұйрық шықты – мектепте қағазбастылық жойылады

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балабақша, мектеп пен колледжде қағазбастылықтан арылатын күн келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Педагогтардан негізгі төрт құжат талап етіледі. Оның ішінде мұғалім тек екеуін ғана күнделікті жүргізіп отырады. Олар: дәстүрлі сабақ жоспары мен сынып журналы. Қалған құжаттар, яғни күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау (КТЖ) мен жетекшілік бойынша құжат бар. Демек құжаттар тізімі нақты бекітілді. Қазір орта білім дәрежесінде оны қатаң сақтау керек», - деді Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің аппараттық отырысында.

Министрдің айтуынша педагогты қосымша құжат толтыруға міндеттегендерге ірі көлемде дейін айыппұл салу көзделген.

«1 сәуірден бастап білім сапасын қадағалау департаменттері осындай құзіретке ие болды. Олар артық қағазбастылықты мен мұғалімді міндетінен тыс жұмысқа тарту мәселесін қатты қадағалауы керек. Бұл мәселеге нүкте қоюуымыз керек. Балабақша, мектеп, колледж болсын – қағазбастылықтан арылатын күн келді. Нақты бұйрық шықты. Дайын. Тиісті шара қолданатын мекемелер бар. Заңда және әкімшілік кодексте тиісті нормалар, санкциялар мен айыппұлдар қарастырылды. Сондықтан бұл мәселені күнделікті өз бақылауымызда ұстайтын боламыз. Қағазбастылық мүлде жойылады. Бұйрық тіркеуден өтті. Жергілікті департаменттер бұл мәселені қатаң бақылауда ұстауы керек», - деді Асхат Аймағамбетов.

Толығырақ ...

Қазақстан Өзбекстанға наразылық нотасын жолдайды

  • Бөлім:  Cаясат

KAZUS.KZ. Еліміз бұзылған су қоймасына қатысты Өзбекстанға наразылық нотасын дайындап жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл туралы «Атамекен» бизнес арнасына сұхбат берген Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громов мәлімдеді. 

Вице-министрдің айтуынша, ала шапанды ағайындар алып бөгеттің құрылысын қазақстандық тараппен ақылдаспастан бастап кеткен. Ал трансшекаралық нысандардың барлығы халықаралық ережеге сай, іргелес жатқан елмен келіссөз жүргізу негізінде салынуы керек.

Осылайша, Өзбекстан тарапы Біріккен Ұлттар Ұйымының конвенциясын өрескел бұзған. Екі елге ортақ есеппен айтсақ, 276 мың шаршы шақырым аумақты су басқан. Оның 80 мың шаршы шақырымға жуығы Қазақстанға тиесілі.

«Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігіне нота дайындап жатырмыз. Онда біздің арыз-талабымыз айтылады. Өйтуге толық құқығымыз бар. Онда біз келтірілген көптеген шығынды өтеп беруді талап етеміз. Сондай-ақ, бұл су қоймасын қайтадан салмауды сұраймыз. Себебі, бұл нысан барлық халықаралық ережелерге қарама-қайшы бой көтерген», - дейді Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Сергей Громов.

Толығырақ ...

Әлемде коронавирусқа шалдыққандар саны 3,6 миллионнан асты

  • Бөлім:  Әлемде

KAZUS,KZ. Әлемде коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны 3,6 миллионнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

5 мамыр, сағат 09:00-дегі жағдай бойынша, әлем елдерінде COVID-19 індетін жұқтырғандардың жалпы саны 3 645 539 адамға жетті. Қайтыс болды – 252 396, жазылды - 1 195 070 науқас.

ТОП-10 мемлекет:

АҚШ: 1212835 / +24713

Испания: 248301 / +1179

Италия: 211938 / +1221

Ұлыбритания: 190584 / +3985

Франция: 169462 / +769

Германия: 166152 / +488

Ресей: 145268 / +10581

Түркия: 127659 / +1614

Бразилия: 108266 / +7119

Иран: 98647 / +1223

ТМД елдері бойынша:

Беларусь: 17489 / +784

Украина: 12331 / +418

Молдова: 4248 / +127

Қазақстан: 4049 / +129

Армения: 2507 / +121

Өзбекстан: 2189 / +40

Әзербайжан: 1984 / +52

Қырғызстан: 830 / +35

Грузия: 593 / +4

Тәжікстан: 230 / +102



Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу