logoru
logo

Дүйсенбі, 04 Мамыр 2020 - KAZUS.KZ

Нұр-Сұлтанда мыңнан аса студентке оқу ақысын төлеу мерзімі ұзартылды

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Елордада колледждердің мыңнан аса студенті оқу ақысын осы жылдың тамыз айында төлеу мүмкіндігін алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова мәлім еткендей, қазіргі уақытта колледждер Platonus, Google Classroom, Edupage платформалары бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Оқу процесі белгіленген оқу жүктемесіне, оқу жұмыс жоспарына, оқу бағдарламаларына, сабақ кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

«Білім алушыларға мемлекеттік стипендия ай сайын төленуде және төлем карточкаларына тамақтану үшін ақша аударылуда. Колледждердің 22661 студенттің басқа қалада тұратын 9172-і (40,5 пайызы) тұрғылықты жеріне жіберілді. Бүгінгі таңда колледждердің жатақханасында жетім және ата-анасының қарауынсыз қалған 50 студент қалып, оқуларын жалғастыруда. Басқарма тарапынан ол балаларға әлеуметтік көмек көрсетіліп жатыр», - деді Шолпан Қадырова бүгін өткен баспасөз мәслихатында.

Басқарма басшысының айтуынша оқу құны мамандық түріне байланысты жылына 320 мың теңгеге дейінгі қаражатты құрайды.

«Оқу ақысын төлей алмайтын студенттердің жалпы саны 1015 адамды құрады. Бүгінгі таңда колледж әкімшілігіне өтініш білдірген барлық студентке оқу ақысын төлеу мерзімі ағымдағы жылдың тамыз айына дейін ұзартылды», - деді ол.

Толығырақ ...

Өз-өзіне қол жұмсамақ болған тұрғынды полицей құтқарып қалды (видео)

KAZUS.KZ. Павлодарлық полицейлер өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 сәуірде бекітілген аймақты күзету кезінде Павлодар қ. ПБ патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы Сәрсембаев Дархан және екі әскери қызметкерден тұратын жаяу патруль 21.30-да Назарбаев даңғылы бойынша орналасқан пәтерлердің бірінде күйеуі әйелін ұрып-соғып жатқаны туралы қоңырау келіп түсті. Полиция дереу аталған мекен жайға қарай жүгірді. Олар оқиға орнына жеткен кезде әйелі кіреберісте болды, онымен бірге көршілер де болды.

Ішімдікке удай мас болған күйеуі әйеліне пышақпен таба бас салғаны анықталды. Әйел бірден пәтерден жүгіріп шыққан. 36 жастағы әйелінің айтуынша, ер адам өзін пәтерде жалғыз жауып тастаған, мүмкін өз-өзіне қол жұмсауға тырысады. Шынында да, пәтердің ішінен мас ер адамның дауысы естілді, сөйлеу азғана, ер адам балағат сөздер айтты. Полиция дереу құтқарушылар мен жедел жәрдем шақырды. Пәтер иесінің рұқсатымен құтқарушылар пәтердің есігін ашты.

Содан кейін полиция шу шығармауға тырысып, ішке кіріп, балконға жақындады, онда олар ашық терезеде төмен түсіп кетемін деп қорқытып отырған адамды көрді. Полицей Дархан Сарсембаев 34 жастағы павлодарлықты отбасы мен туыстары туралы әңгімелеп, дұрыс емес қадамға жол бермеуіне сендіре бастады.

Оның назарын аудару үшін ол темекі шегуді ұсынды. Осы мүмкіндікті пайдаланып, ол оған жақындады, содан кейін оны кенеттен ұстап, өзіне қарай тартып алды. Осыдан кейін полиция қызметкерлері павлодарлықты ауруханаға жеткізген медициналық қызметкерлерге тапсырды.

Толығырақ ...

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қазақстандықтарға алғыс айтты

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Қазақстандағы карантиндік шаралар өзінің оң нәтижесін берді. Бұл туралы онлайн баспасөз мәслихатында Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Соңғы екі аптада еліміз бойынша жағдай тұрақталғаны көрініп тұр. Ауруға шалдығудың өсімі 7 пайыздан аспайды. Егер наурызда инфекцияны жұқтыру байланыста болған адамдар мен сырттан келгендер арасынан тіркелсе, сәуірде профилактикалық тестілеуге көштік. Сәуір айында тіркелген барлық оқиғалардың 52 пайызы немесе 1862 жағдай профилактикалық тестілеумен байланысты болды», - деді А. Есмағамбетова.

Оның сөзіне қарағанда, профилактикалық тестілеудің мақсаты – ол жасырын ошақтарды айқындау. Егер осы тестілеу болмаса, онда індет жұқтырғандармен байланыста болғандар саны артып, коронавирусқа шалдыққандар саны өсер еді.

«Профилактикалық тестілеу нәтижесі тиісті жұмысты жүргізудің маңыздылығы мен қажетін байқатып отыр. Жалпы, карантиндік шаралар өзінің нәтижесін берді. Екі аптаның барысында тұрақты эпидемиологиялық жағдайды тіркедік. Карантин талаптарын сақтау бойынша Денсаулық сақтау министрлігі нұсқауларын орындаған әр қазақстандыққа алғыс айтқым келеді», - деді Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.



Толығырақ ...

Дариға Назарбаеваның орнына кім келгені белгілі болды

  • Бөлім:  Cаясат

KAZUS.KZ. Мәулен Әшімбаев парламент сенатының төрағасы болып сайланды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли растады.

4 мамырда мемлекет басшысының жарлығымен Мәулен Әшімбаев сенат депутаты болып тағайындалды. Бұған дейін ол президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған еді.

Осы жылдың 2 мамырында президент Қасым-Жомарт Тоқаев сенат депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтатты.

Ол 2016 жылдың 13 қыркүйегінен бастап парламенттің жоғары палатасының депутаты болды. 2019 жылдың наурызынан 2020 жылдың мамырына дейін сенат төрағасы қызметін атқарды.

Мемлекет басшысы Дариға Назарбаеваға сенат төрағасы ретінде атқарған белсенді және жемісті жұмысы үшін ризашылығын білдірді.

Мәулен Әшімбаев туралы не білеміз

Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев 1971 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

1993 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 2016 жылы Тафтса университетін, Флетчер атындағы құқық және дипломатия мектебін (АҚШ) аяқтаған. Саяси ғылымдардың кандидаты. Халықаралық қатынастар магистрі. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерген.

Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің жүйесінде жұмыс істеді. Қазақстан Жоғарғы кеңес депутатының көмекшісі, президент әкімшілігі сараптау және стратегиялық зерттеулер орталығының бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, осы орталық жетекшісінің бірінші орынбасары болды.

 

Толығырақ ...

АҚШ теннис қауымдастығы US Open турниріне қатысты мәлімдеме жасады

  • Бөлім:  Спорт

KAZUS.KZ. АҚШ теннис қауымдастығы (USTA) US Open турнирінің өткізілуіне қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады "Хабар 24"

«USTA-ның басты мақсаты 2020 жылғы US Open турнирін жоспарланған уақытында Нью-Йоркте, көрермендердің қатысуымен өткізу. Алайда COVID-19 індетінің кең белең алуына байланысты өзге де мүмкіндіктерді, соның ішінде жарысты көрерменсіз өткізуді қарастырып жатырмыз. Турнирдің ауыстырылуына қатысты сыбыс та көп. Бірақ бұл біздің бастапқы міндетіміз емес екендігін айтқымыз келеді, десе де біз түрлі нұсқаларды қарастырып жатырмыз. Жарыс кезінде қатысушылардың денсаулығына нұқсан келтірмеу біздің басты міндетіміз саналады. Шешім 6-8 аптадан кейін маусым айының ортасында қабылданады», - делінген хабарламада.

Толығырақ ...

Халыққа қызмет көрсету орталықтары бірқатар шектеумен жұмысын бастады

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Бүгін елордада және бірқатар өңірде Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын қайта бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, елордада Мәңгілік ел, 30 мекенжайында ашылған жалғыз ғана ХҚО шағын және орта бизнес субъектілеріне ғана қызмет көрсететін болады. Онымен қоса, кәсіпкерлер әкімдіктің алдын ала ұсынған тізімі бойынша қабылданады. Олар бизнесті жүргізумен байланысты қызметтерді, соның ішінде жылжымайтын/жылжымалы мүлікті кепілге қою шартын және оның қосымшасын тіркеу қызметтерін ала алады.

Сондай-ақ астанада жұмысын бастаған бір Мамандандырылған ХҚО тек автокөлік салондарына қызмет көрсетеді.

Мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақытылы ұсыну үшін «Азаматтарға арналған үкімет» кәсіпкерлерге құжаттардың толық пакетін алдын ала әзірлеп, ұсынуды сұрайды. ХҚО-лардың жұмыс кестесі - 09:00-ден 17:00-ге дейін.

4 мамырдан ХҚО-лар Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында ашылды. Олар да тек шағын және орта бизнеске қызмет көрсететі.

Ал Орал, Қарағанды және Ақтау қалаларында жеке тұлғалар үшін халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын жандандырды.

«Бірақ коронавирус пандемиясына байланысты, онда тек онлайн түрде қолжетімсіз қызметтер бойынша қызмет алуға болады. Бұл ретте электронды үкімет порталы немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы кезек уақыты алдын ала брондалуы тиіс. Дегенмен, зейнеткерлер, көпбалалы отбасылар және мүмкіндігі шектеулі жандар электрондық қызметтерді ХҚО-дан ала алады. Фронт-офисте олар үшін жеңілдік терезесі жұмыс істейді. Сондай-ақ олар да ХҚО-ға баратын уақытын алдын ала брондауы керек», - делінген ақпаратта.

ХҚО-да кезекті https://egov.kz/services/SR.06/#/declaration/// сайтында немесе 1414 нөмірі арқылы брондауға болады.

4 мамырда жұмысын қайта бастайтын кәсіпкерлерге қызмет көрсететін ХҚО-лар мен жеке тұлғаларға арналған ХҚО-лар тізімі мына сайтта: https://gov4c.kz/ru/zhanalyktar/2020/04/30/keibir-aimaktarda-khko-zhumysy-kaita-zhandanady/

Толығырақ ...

Дәурен Абаевтың қызметі ауысты

  • Бөлім:  Cаясат

KAZUS.KZ. Бүгін Дәурен Абаев Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметінен босатылып, жаңа қызметке тағайындалды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Дәурен Әскербекұлы Абаев ҚР Президентінің Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын», - делінген Ақорда сайтында жарияланған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында.

Дәурен Әскербекұлы Абаев 1979 жылы Алматы облысында туған. 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін үздік бітірген.

2001 жылдың тамызы мен 2003 жылдың тамызы аралығында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында жұмыс істеді.

2003 жылдың мамыры мен 2007 жылдың мамыры аралығында Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы және Нидерланд Корольдігіндегі Елшіліктерінде дипломатиялық қызмет атқарды.

2007 жылдың мамыры мен 2007 жылдың желтоқсаны аралығында – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз қызметі бөлімінің бастығы.

2007 жылдың желтоқсаны мен 2008 жылдың желтоқсаны аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бас сарапшысы, консультанты.

2008 жылдың желтоқсаны мен 2009 жылдың қазаны аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары.

2009 жылдың қазанынан – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2011 жылдың қазанынан бүгінге дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы қызметін атқарды.

2016 жылдың мамырынан бастап ҚР Ақпарат және коммуникация министрі, 2019 жылдың ақпанына бастап Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына тағайындалды.

Толығырақ ...

МАҚТААРАЛ: 31 000-нан астам тұрғын эвакуацияланды

  • Бөлім:  Қоғам

Мақтаарал ауданының су басқан елдімекендерінен 2 мамырдан бастап 31606 адам эвакуацияланған, деп хабарлайды KAZUS.KZ.

4 мамыр күнгі ақпарат бойынша Жаңа-Тұрмыс (46 үй), Жеңіс (130 үй), Фирдоуси (250 үй), Өргебас (194 үй), Достық (11 үй) елдімекендерінен жалпы саны 631 үй су астында қалды.

2 мамырүшін Атакент елдімекенінде 24 эвакуациялық бөлім құрылып, жұмыс жүргізуде.

Апаттан құтқару жұмыстарына жалпы саны 986 адам, 4 қайық, 180 дана техника тартылған.

Полиция тарапынан Жаңа-Тұрмыс, Фирдоуси, Өргебас, Нұрлыжол, Иіржар елдімекендерінде бір, Т. Жайлыбаев ауылында екі блок-бекет құрылып, оның жалпы саны 7-ге жетті.

3115 ірі қара мал, 1101 ұсақ мал, 585 жылқы, 34 түйе Келес ауданы, Қызыләскер ауылына жеткізілді. Бұдан бөлек, 1797 ірі қара мал, 6029 ұсақ мал, 689 жылқы, 381 түйе, 165 шошқа Мақтарал ауданындағы су басу қаупі жоқ жерге жеткізілді.

Толығырақ ...

Шавкат Мирзиёев: "Біз жаңа қала, жаңа аудан, жаңа көше саламыз"

  • Бөлім:  Әлемде

KAZUS.KZ. Өзбекстан билігі Сырдария облысындағы тасқын су талқандап кеткен елді мекендерге 10 млн доллар бөледі, деп хабарлайды "Хабар 24".

Бірнеше күн бұрын «Сардоба» су қоймасының бөгеті бұзылып, біраз жұрт зардап шекті. Қазір мұнда қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

«Сардобадағы» тасқын судан жапа шеккендерге 100 млрд сом бөлінеді. Бұл - шамамен 10 млн АҚШ доллары. Ол туралы Экономикалық даму вице-министрі Акмалхон Ортиков жергілікті журналистерге берген сұхбатында айтты. Ал Құрылыс министрлігі көпқабатты үйлер салу үшін жер учаскесін таңдап, жобалау-сметалық жұмыстарға кірісіп кетті. Сондай-ақ кеше Шавкат Мирзиёев үйлеріне оралған азаматтармен кездескен еді.

Мұндағы жұмыстар аяқталмайынша, біз сіздерді тастап кетпейміз. Сіздер үшін барлық жағдай жасалады. Жарықпен, газбен һәм тұрғын үймен қамтамасыз етеміз. Тіпті көрпе, теледидарларыңа дейін алып береміз. Үйлерді салып, сіздер онда көшпейінше, мен тынышталмаймын. Біз жаңа қала, жаңа аудан, жаңа көше саламыз, деді Өзбекстан республикасының президенті Шавкат Мирзиёев.

Ал бөгеттің бұзылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Апатқа кінәлі адамдарға тау, құрылыс немесе жарылу қаупі бар жұмыстардың қауіпсіздік ережелерін бұзды және қызметіне салғырттық танытты деген айыптар тағылады. Тергеу ісін Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі жүргізеді.



Толығырақ ...

Мақтааралдағы су тасқын: Үкіметтік комиссия құрылды

  • Бөлім:  Қоғам

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Өкімімен Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы елді мекендерді су басу салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды KAZUS.KZ primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Премьер-Министрдің орынбасары Роман Склярдың төрағалық етуімен комиссия құрамына орталық және жергілікті атқарушы билік органдарының басшылары кірді. 

Комиссия алдына келтірілген залалды бағалау және су басу салдарын жою, инженерлік, көліктік, әлеуметтік инфрақұрылымды, тұрғын үйлерді қалпына келтіру, сондай-ақ зардап шеккен тұрғындарға әлеуметтік қолдау көрсету міндеттері қойылды.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу