logoru
logo

Бейсенбі, 21 Мамыр 2020 - KAZUS.KZ

ШЫМКЕНТ: Су тасқынында қатты зақымданған 5 үй қайта салынады

  • Бөлім:  Қоғам

Шымкент қаласындағы Елтай тұрғын алабында «Шымкент қайырымды қала» әлеуметтік қорынан 5 үй салынатын болады. Құрылыс жұмыстарына қордан қажетті қаржы бөлініп отыр, деп хабарлайды KAZUS.KZ. 

Бұл туралы бүгін қала әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиев аталған елді мекеннің тұрғындарымен кездесу барысында мәлім етті.

«Әлеуметтік қордан бүгінгі таңда тиісті қаражат бөлінген. Осы аптаның соңында құрылыс жұмыстары басталатын болады. Құрылыс компанияларына үйлерді бір жарым айда аяқтауды айттық. Бұдан бөлек, су басқан 32 үйдің зақымданғаны туралы комиссия шешім шығаратын болса әлеуметтік қордан қалпына келтіру жұмыстарына тиісті қаражат бөлуді қарастыратын боламыз»,-деді Б.Мамыталиев.

Сондай-ақ, қала әкімінің орынбасары су басып өткен аулалар мен көшелерді тазарту жұмыстарының барысын тексерді. Еңбекші ауданының Елтай тұрғын алабында қазіргі таңда су толығымен тоқталып, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстарға Шымкент қаласы ТЖ департаментінің жеке құрамында 48 қызметкер, 3 техника мен 1 мотопомпа жұмылдырылған.

«Үйімізді арнайы әлеуметтік қордан салып беретінін естіп, қуанып қалдық. Жергілікті билік қолдан келгенше көмек беріп жатыр. Төтеншеліктер мен әскер қызметкерлері де тәулік бойы жұмыс атқарып аулалар мен көшелерді тазартуда»,- деген ауыл тұрғындары қалпына келтіру жұмыстарына атсалысып жүрген барша азаматтарға алғыстарын жеткізді.

Өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамы су басқан аула аумақтардан, көшелерден батпақ лай мен тастарды шығарып, арықтарды жиналған қоқыстардан тазартуда. Сондай-ақ олар бүгінге дейін ұзындығы 30 метр болатын екі көше мен 48 үйдің ауласын лайдан тазартты.

Толығырақ ...

Apple мен Google вирус жұқтырған пациенттерді бақылайтын қосымшаны іске қосты

KAZUS.KZ. Әлемге танымал Apple және Google компаниялары көптен күткен қосымшаны іске қосты. Ол COVID-19 жұқтырған адамның орнын хабарлайды. Бұл туралы ҚазАқпарат Technology Review-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл қосымша әлемнің денсаулық сақтау органдарына коронавирустың таралуын қадағалауға мүмкіндік береді. Әлемнің түрлі елдерінің үкіметі енді бұл технологияны ауру жұқтырған науқастарды және олармен байланыста болуы мүмкін адамдарды бақылау үшін қолдана алады.

Жиырмадан астам ел науқаспен байланыста болған адамдарды бақылауға арналған өз қосымшасын шығарды, бірақ Apple және Google компанияларының бірлесіп жасаған қосымшасы пандемиямен күрес процесін едәуір жеделдетеді деп күтілуде.

Бұл ғаламдық алпауыттардың серіктестігі ауруды жұқтыруы мүмкін тасымалдаушыларды табу бойынша ақпарат алмасуға мүмкіндік береді.

Apple және Google бес құрлықтағы 22 мемлекет, сонымен қатар АҚШ бірнеше штаты API-ге қол жеткізгенін мәлімдеді.

Apple және Google компанияларының хабарлауынша, коранавирусы бар науқастарды бақылау технологиясы пандемияны жеңген елдерде біртіндеп өшіріледі.

Мұндай технология пандемия ауқымын жеңуге көмектеседі. Сондай-ақ жаһандық экономиканы қалпына келтіру процесінің бір бөлігі бола алады.

Толығырақ ...

«Рахат-Шымкент» кондитерлік фабрикасы жылына 3,5 мың тонна мармелад шығаратын болады

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жақында мармелад өндірісінің жаңа желісін іске қосқан «Рахат-Шымкент» кондитерлік фабрикасының жұмысымен танысты, деп жазады KAZUS.KZ

Онда Мұрат Дүйсенбекұлы кәсіпорын жұмысшыларымен кездесіп, фабриканың қала өнеркәсібін дамытуда айрықша үлесі бар екенін атап өтті.

Жаңа желінің ашылуы өткен жылдың сәуір айында қол қойылған Шымкент қаласы әкімдігі мен «Рахат-Шымкент» ЖШС арасындағы серіктестік меморандумы нәтижесінде іске асырылған.

Бұл жоба барысында Қазақстандағы үшінші мегаполистің өндірістік әлеуетіне 1,8 миллиард теңге инвестиция тартылған. Сонымен қоса, жоба мемлекет тарапынан қолдау тауып, 90 миллион теңге субсидия төленген. Жаңа желінің ашылуының арқасында 80 азамат жұмыспен қамтамасыз етіледі. Бұл фабрика бір сағат ішінде 1 тонна, бір жылда 3,5 мың тонна мармелад шығаратын болады.

Фабрика заманауи құралдармен жабдықталған. Бүгінде 30 аталым бойынша 6 өнімнің түрі өндіріледі. 2019 жылғы көрсеткіш бойынша фабрикада 20 мың тонна өнім шығарылған.

Толығырақ ...

Қай өңірде туу көрсеткіші жоғары

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. 2019 жылы Қазақстан Республикасының Азаматтық хал-актілерін тіркеу органдары дүниеге келген 402 310 нәрестені тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінен мәлім еткендей, 402 310 шақалақтың 239 496-сы немесе 59,5% - қалаларда, 162 814-і немесе 40,5% ауылдық елді мекендерде туған.

Сондай-ақ дүниеге келгендердің 208 038-і немесе 51,7% - ұл, 194 272-сі немесе 48,3% - қыздар. Туған кездегі жыныстардың арақатынасы 100 қыз балаға шаққанда 107 ер баланы құраған.

Қазақстан өңірлері бойынша ең жоғары туу көрсеткіші Маңғыстау (1 мың тұрғынға шаққанда 29,72 сәби), Түркістан облыстарында (27,87) және Шымкент қаласында (27,89) тіркелді. Ең төменгі көрсеткіш – Солтүстік Қазақстан (12,46), Қостанай (13,15) және Павлодар (15,35) облыстарында.

Былтыр босанған әйелдердің орташа жасы 28,9 жасты (2009 жылы – 27,4) құрады. Қалалық мекендерде – 29,2 (2009 жылы – 27,6), ауылдық мекендерде – 28,5 (2009 жылы – 27,3) жас.

«Қазақстанның көпшілік өңірлерінде бала туу кезіндегі әйелдердің орташа жасы орташа республикалық деңгейден жоғары болды. Алматы қаласында 29,8 жасты, Нұр-Сұлтан қаласында 30 жасты құрады», - делінген ақпаратта.

Толығырақ ...

Полицейлер жүргізушілерді ЖСН арқылы тексере алады - министр

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Полицейлер енді жүргізушілерді ЖСН арқылы тексере алады. Бұл туралы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Facebook желісіндегі парақшасында жазды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Әріптесім Ерлан Тұрғымбаевтың азаматтарға таяуда жүргізуші куәлігі мен техпаспортты өзімен бірге алып жүруінің қажеті болмайтыны туралы айтқаны кешегі күннің басты жаңалығы болды. Бұл шын мәнінде, көптен күткен шешім. Мемлекет пен азаматтың өзара цифрлық іс-қимылын жақсартуға жасалған үлкен қадам. Полицейлердің жүргізушілерден бұл құжаттарды талап етпей-ақ, оның бар-жоғын ЖСН арқылы тексеруіне техникалық мүмкіндіктер бар. Қазір Сенатта қаралып жатқан "Цифрлық технологиялар туралы" заң жобасы қабылданғаннан кейін, eGov Mobile мобильді қосымшасындағы цифрлық құжаттар толық заңды күшке ие болып, қағаз құжатпен бірдей қолданылады. Яғни, сіз полиция қызметкеріне өз куәлігіңіздің цифрлық нұсқасын смартфоннан көрсете аласыз", - деп жазды министр.

Әзірге мобильдік қосымшада 4 түрлі құжаттың цифрлық нұсқасы бар: жеке куәлік, баланың туу туралы куәлігі, неке қию және бұзу, атын, тегін, әкесінің атын ауыстыру туралы.

"Бұл құжаттардың мобильдік қосымшада цифрлық нұсқаларының болуы азамат үшін өте ыңғайлы болар еді деп ойлаймын. Сонымен қатар, біз мемлекеттік органдардың азаматтан талап етпей, өздері ала алатын анықтамалардан бас тартуы жұмыстарын жүргізудеміз. Жоспар бойынша, мемлекеттік органдар жыл соңына дейін 24 ақпараттық анықтаманы алып тастауға уәде берді. Ол үшін олар өз интеграциясын аяқтауы, сондай-ақ өз регламенттері мен НҚА-ны өзгертуі тиіс", - дейді Жұмағалиев.

Толығырақ ...

Биыл мешіттерде Ораза айт намазы оқылмайды – ҚМДБ

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Биыл карантинге байланысты мешіттерде Ораза айт намазы жамағатпен оқылмайды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Бізде әдетте айт намазына жұма намазынан да көп халық жиналады. Бұл карантин талаптарына сәл қайшы келетінін ескеріп, биыл айт намазын тоқтатуға тура келіп тұр. Айт намазы оқылмаса да, әркім үйінде нәпіл намазын оқуына болады. Оған ешкім тыйым салмайды", - деді Аманқұлов.

Ол шариғат кітаптарында адамның денсаулығы мен өмірі әрдайым бірінші орында екенін атап өтті. Сондықтан зәрулік жағдайды ескеріп, жамағатпен оқылатын айт намазын тоқтатуға рұқсат етіледі.

Мүфтият қазақстандықтарға Ораза айт мерекесін үйде отбасымен бірге қарсы алуға шақырды.

Биыл Рамазан айы 24 сәуірде басталды. Қасиетті ай коронавирустың таралуын тоқтату мақсатында жарияланған төтенше жағдай мерзімімен тұспа-тұс келген еді.

Ораза айттың бірінші күні 24 мамырға түсіп тұр. Шариғат бойынша айт намазы күн найза бойы көтерілгеннен бастап күн тас төбеге көтерілгенге дейін оқылады.

Мешіттер қалай жұмыс істеп жатыр

Қазақстанда төтенше жағдай режимі 11 мамырда аяқталды. Ал 18 мамырдан мешіттер ашыла бастады. Бірақ олардың жұмыс уақыты шектелген: күндіз таңғы  07.00-ден кешкі 20.00-ге дейін ашық болады. Осыған байланысты биыл қасиетті Қадір түнін де қазақстандықтар үйде қарсы алған еді.

Коронавирустың таралуына байланысты әзірге жамағатпен оқылатын бес уақыт жұма намазы мен тарауық намазына тыйым салынып отыр.

Мешітте жеке құлшылық жасап, құран оқытып, неке қидыруға рұқсат етілген.

Жеке құлшылық кезінде 1,5 метр арақашықтық сақталуы тиіс. Құран оқитын бөлмеге он адамнан артық кіргізілмейді. Ал неке қидыратын бөлмеге тек төрт адамға ғана кіруге рұқсат.

Сонымен қатар, мешіт ішінде он бес минуттан артық болуға тыйым салынады.

Толығырақ ...

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: Үздік құрылысшыларды ынталандыру керек

  • Бөлім:  Қоғам

Түркістан қаласында қарқын алған тұрғын үй құрылысын аралап шыққан өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев үздік құрылысшылырды ынталандыру керектігін атап өтті, деп хабарлайды KAZUS.KZ

Аймақ басшысы тұрғындарға қолайлы жағдай жасап, білікті құрылысшыларды тиiмдi жұмысқа ынталандыруды тапсырды. Дайын пәтерлердің сапасын тексеріп, жұмыс кестесінен қалыс қалған компания жетекшілерін қатаң сынға алды.

Білікті құрылысшыларға қолдау көрсету туралы облыс әкімінің бастамасын толығымен қолдаған жауапты сала басшылары айқындалған тапсырмаларды тиiмдi жүзеге асыруды межелеп отыр. Қазіргі уақытта Түркістан қаласында 24 тұрғын үй құрылыс нысандары салынып жатыр. Жоспар бойынша баспаналар жыл соңына дейін түркістандықтарға тапсырылады.

Шаһардың әкімшілік-іскерлік орталық аумағында 7 қабатты 14 тұрғын үй мен 12 қабатты 29 тұрғын үйдің, Батыс Қытай-Батыс Еуропа тас жолының бойында 7 қабатты 10 тұрғын үй құрылысы жүргізілуде.

Облыс басшысы қала орталығындағы желілік саябақтың аяқталуға жақын тұрған көгалдандыру жұмыстарын бақылап, аспан астында орналасқан бассейнде болды. Ерекше жоба маусым айында ашылады.

Толығырақ ...

Армениядан келген көлікті тіркеуге қалай қоюға болады?

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Алматы полициясы Армениядан әкелінген көлік құралдарын тіркеуге арналған сұрақтар үшін Call-орталық құрды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы қаласындағы Полиция департаментінде тіркелу шарттары туралы барлық қажетті ақпаратты алу үшін Call-орталық жұмыс істейді: 8-747-080-01-56; 298-50-71. "Шұғыл желі" жұмыс кестесі: 9.00-ден 19.00-ге дейін.

"Үкіметіміздің қаулысы" (Қазақстанға әкелудің және қазақстандықтардың Арменияда тіркелген жеке көлік құралдарын пайдаланудың кейбір мәселелері туралы ), қазақстандықтарға Армениядан 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген автокөліктерді тіркеуге мүмкіндік берді.

Үкімет тұрғындардың 2020 жылдың 1 ақпанға дейін Армениядан әкелген автокөліктерді тіркеуге шешім қабылдады. Екіншіден, осы жылдың 1 маусымы мен 1 қыркүйегі аралығында тіркеу жүргізу қажет. Үшіншіден, тек сол жақтағы басқару элементтері бар автокөліктер тіркеуге жатады. Төртіншіден, үш төлеммен шектеу туралы шешім қабылданды: тіркеу жарнасы – 695 теңге, тіркеу куәлігі үшін төлем – 3 мың 473 теңге және мемлекеттік тіркеу нөмірі үшін – 7 мың 778 теңге.

Төлемдердің жалпы сомасы 11 мың 946 теңгені құрайды, – деп түсіндірді, Алматы қалалық ПД басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Сонымен қатар, спикер көлік құралдарын тіркеу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажеттігін айтып өтті:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) мемлекеттік тіркеу алымының төленгені туралы құжаттар ҚР Салық кодексінің 615-бабына сәйкес айлық есептік көрсеткіштің және мемлекеттік баждың 0,25% мөлшерінде;

3) Армения Республикасының уәкілетті органы шығарған көлік құралдарына арналған СРТС және МТНБ;

4) автокөлік құралдарын тіркеуге ұсынылған, мемлекеттік немесе орыс тілдерінен басқа тілде жасалған құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аударылған және аударманың дәлдігі туралы нотариустың немесе осындай әрекеттерді жасауға уәкілеттік берілген басқа адамның қолтаңбасы болуы керек;

5) арнайы жазбаларға келесі жазбалар енгізіледі: "TСРА" және "басқа тұлға үшін тіркеуге жатпайды";

6) Қазақстан Республикасында шығарылған көлік құралында СРТС және (немесе) МТНБ жоғалған жағдайда, олардың жоғалу жағдайлары жазбаша түрде көрсетіледі;

7) МТНБ жоғалған жағдайда, көшірмесін беру бірыңғай ақпараттық жүйеге өзгерістер енгізбестен оларды жасау арқылы жүзеге асырылады.

"ҚР 2020 жылдың 1 ақпанынан кейін әкелінген көлік құралдарын тіркеуге рұқсат етілмейді.Сонымен қатар, Армения Республикасының уәкілетті органы берген тіркеу құжаттарында меншік иесі ретінде көрсетілмеген адамдарға тіркеу жүргізілмейді, – деді Н.Алмасбеков.

Арнайы мақсаттағы ұйымдардың мекен-жайы: №1 шағын ауданда орналасқан арнайы орталық:

Саялы ықшам ауданы, Ақ-Қайнар көшесі; № 2 арнайы орталық, Майлин көшесі 85-те орналасқан; №3 арнайы орталық, Құлагер шағын ауданы. Серіков көшесі, 6; №4 арнайы орталық, Қайрат шағын ауданы, 181 ("Жетісу" базары); № 5 арнайы орталық, "Кемел" шағын ауданы, Ақсуат көшесі, 118.

Толығырақ ...

Индустрияландыру: Биыл 160 жоба іске асып, 17 мың жұмыс орны ашылады

KAZUS.KZ. Индустрияландыру картасы аясында биыл 17 мың жаңа жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Биыл Индустрияландыру картасы аясында тау-кен металлургия кешені, құрылыс индустриясы, химия өнеркәсібі, машина жасау, мұнай-газ химиясы, мұнай өңдеу, фармацевтика, агроөнеркәсіптік кешен, азық-түлік өндірісі салаларында 1,1 трлн теңгеге 160 жобаны іске асырып, 17 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарланған .

Жобалардың басым бөлігі Алматы (33 жоба) және Ақтөбе (20 жоба) облыстарында іске асырылады. Қаржыландыру көлемі бойынша Қарағанды (256,4 млрд теңге) және Алматы (230,2 млрд теңге) облыстары көш бастап тұр.

Отандық кәсіпкерлер бастамашы болған барлық жоба банктердің меншікті және кредиттік ресурстары есебінен жүзеге асырылады.

Коронавирусқа қарсы шаралар экономикалық белсенділіктің, оның ішінде іскерлік және инвестициялық белсенділіктің төмендеуіне, тұтынушылық және инвестициялық сұраныстың қысқаруынаалып келді. Бизнестің ұтқырлығы шектелді. Бұл шикізат пен жинақтауыштарды жеткізудегі проблемалармен бірге өндірістік белсенділікті де төмендетеді.

Осыған қарамастан ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның 13 сәуірдегі шешімімен қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шаралар сақталған жағдайда кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысын кезең-кезеңімен жандандыру қызметкерлердің жұмыс орнындағы қашықтығын сақтай отырып жүзеге асырылады.

Осыған орай жобалар 2020 жылдың ІІ жартыжылдығында іске қосылады деп жоспарланған.

Толығырақ ...

Шымкент тұрғыны жұрттың көзінше әйелін сабап тастады (ВИДЕО)

KAZUS.KZ. Шымкентте ер азамат күндіз көшенің қақ ортасында өз әйелін соққыға жықты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиғаның видеосын жәбірленушінің сіңлісі Пакиза Бопинаева Instagram әлеуметтік желісіне жүктеген.

Видеороликтен ер адамның әйелді шашынан сүйреп, ұрып, теуіп жатқанын анық аңғаруға болады. Видео авторының айтуынша, ерлі-зайыптылар 4 жыл бұрын үйленген екен.

«Бұл видеолар өз қолыммен түсірілген. Бұл адамдар бір адамның өмірін 4 жыл бойы ойыншық қылып, қорлап келді. Олар заң алдында жауап берсе екен дейміз. Ұят болады деп үндемей келдік. Ертең бұлар қастандық жасаудан тайынбайды», - делінген видео авторының жазбасында.

Бейнероликтен оқиға орнына полицейлердің келгенін көруге де болады. Пакиза Бопинаеваның жазуынша, Қаратау аудандық полиция басқармасының мамандары ер адамның үстінен «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Осы видиолар өз қолыммен түсірілген. Сонда Шарамига деген сөздің қазақшасы Бейшара деген сөз ғой, бұл адамдар осылай Адам баласын қорлап , қанын сорып, 4 жыл бір отбасы болып, бір адамның өмірі ойыншық болдыма? Мүмкін осы сөздері үшінде жауапқа тартылу керек шығар? Б- ның мамасы да бәрін біледі , әрине әркім өз баласын қорғап шығады. Бычевка деген сөз Құл деген сөз емеспа? Адамның құқығын қорлап, өмірін ойыншық еткендер, заң алдында жауап берсе екен деймін...Ұят Ұят Ұят деп жүрдік. Бүйте берсе, Адамға қастандық жасаудан да тайынбайды. ЗАҢ АЛДЫНДА ӘЛІМЖЕТТІК ЖАСАҒАНЫ ҮШІН ЖАУАП БЕРУІН СҰРАЙМЫН.БАРЛЫҚ АДАМҒА ОСЫЛАЙ ҮН ҚАТАДЫ, СӨЗДІҢ ДИАЛОГЫ ОСЫЛАЙ БАСТАЛАДЫ.ҮНДЕМЕГЕН АДАМНАН ДА ҮН ШЫҒАДЫ.өз көзіммен көрген соң қорлағанына шыдамадым. Өз ойымды осылай жеткізгім келді.@gulmir_ktk;@agbylek.kz

Публикация от @ pakiza.bopinaeva

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу