logoru
logo

Сенбі, 02 Мамыр 2020 - KAZUS.KZ

Ғалымдар коронавирустан қорғанудың жолын тапты

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Ғалымдар SARS-CoV-2 вирусын бұғаттайтын антиденелерді тапты, деп хабарлады sputniknews.kz РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Ғылыми зерттеуге сәйкес, түйе тұқымдас жануар - таутайлақта болатын антиденелер COVID-19 індетін қоздыратын SARS-CoV-2 вирусын бұғаттай алады. Коронавирус адам ағзасында өту үшін арнайы ақуызды пайдаланады. Осындай жолмен ауру жасушаларды "жаулап алады". Ғалымдар осы процесті бұғаттайтын әдісті іздеді.

Олар таутайлақтың ағзасындағы антидененің екі түрін қосып, коронавирустың таралуын тоқтататын антиденені шығарды

"Бұл - SARS-CoV-2 вирусын бұғаттайтын алғашқы антиденелердің бірі", - дейді Техас университетінің доценті, биолог Джейсон Маклеллан.

Сынақ кезінде ғалымдар таутайлақтан алынған антиденелерді адам ағзасына екпе арқылы енгізу керектігін анықтады. Оны індетті жұқтырудан бір ай бұрын жасаса, осы әдістің тиімділігі артады. Сондай-ақ, антиденелерді вирусты жұқтырған адамдардың жағдайын жақсарту үшін пайдалануға да болады.

Айта кеткен жөн, осы зерттеу 2016 жылы басталған болатын. Ғалымдар коронавирустың жаңа түрі - SARS-CoV-2-ге жақын SARS-CoV-1 және MERS-CoV вирустарына қарсы дәрі іздеген. Олардың айтуынша, таутайлақтан алынған антиденелерді зейнеткерлер мен созылмалы ауруы бар адамдарды қорғау үшін пайдалануға болады.

Толығырақ ...

Оралда коронавирус жұқтырған науқастар аурухана есігін бұзып шықты

KAZUS.KZ. Оралда коронавирус жұқтырған науқастар жұқпалы аурулар ауруханасың есігін бұзып шығып, далаға лап қойды. Кеселден аман екенін айтқан 30-ға тарта ер адам үйге жіберуді талап етті, деп жазады ktk.kz.

Ешкім де ауру емес, ешкім бізді қарамайды. Мұнда ешкім жоқ, бастықтар жоқ. Науқастар: «Дәрігерлерге сенбейміз», - дейді.

Олардың айтуынша, мұнда ешкімнің басы ауырып, балтыры сыздап жатқан жоқ. Сондықтан төрт қабырғаға тектен-тек қамалып отыр екен. Аулаға шығып, медқызметкерлердің айтқанына көнбей қойған соң, полиция шақыруға тура келген. Тәртіп сақшылары аурухана айналысын қоршап, айқайға  басқандарды бір сағатта әзер сабасына түсірді. Дәрігерлердің айтуынша, бұлардың көбінде ауру белгілері жоқ. Бірақ ағзаларында вирус бар. Ал осы әрекеттері арқылы кеселден айығып келе жатқандары қайтадан вирус жұқтыру қаупін арттырған. Айта кету керек, шу көтергендердің дені – Оралға Ресейден вахталық жұмыстан оралғандар.

Надия Ахметова Орал қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры:

Олардың бүгінгі жасаған әрекеттері өте қауіпті. Біздің қызметкерлерімізге, айналадағы жұртқа. Неге десең, олар әлі ауыратын науқастар. Ағзаларынан вирус кеткенде ғана сау адам деп саналады. Оның өзінде де, шыққаннан кейін үйінде тағы 21 күн карантинде отыруы керек. 21 күн өткеннен кейін ақтық тексеріс жасалады. Сонда теріс деп шықса, онда болды.

Толығырақ ...

Мақтаарал аумағына 300 млн текше метр су келді

KAZUS.KZ. Өзбекстандағы су қоймасының бүлінуіне байланысты Мақтаарал ауданына келетін судың көлемі артты, деп жазады baq.kz.

Қазіргі мәлімет бойынша 300 млн текше метр су келді деуге болады. Бұл туралы арнайы облыстық штаб басшысының орынбасары Бейсенбай Тәжібаев брифинг барысында айтты.

Брифинг барысында ол, судың артуына байланысты бірнеше елдімекенді су басу қаупі туындап отырғанын айта келе, облыс басшылығының тапсырмасымен арнайы штаб құрылғанын жеткізді.

Осы уақытқа дейін 4 елдімекенді су басып, 5400 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Адамдар Атакент кентіндегі 10 мектепке бөлініп  орналастырылды. Ол адамдармен кездесіп, ұйымдастырылып жатқан жұмыстармен танысып қайттым. Мектептерге орналастырылған адамдарға медициналық қауіпсіздік құралдары беріліп, тамақпен қамтылуда,-деді Тәжібаев. 

Оның айтуынша, Нұрлы Жол, Фирдауси, Жантақсай және Жайлыбай елдімекендерінде бірқатар егістік алқаптарын су шайған.

Сондай-ақ, ол облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев су алған елдімекендерді аралап, жергілікті елдің жағдайымен танысқанын айтты.

Облыс басшысы штабтың отырысын өткізіп, барлық салалық, құрылымдық қызметтерге нақты міндеттерді тапсырды. Осындай төтенше жағдай өткен жылы Арыс қаласында болған еді. Облыс басшылығы Арыс қаласында болған алгоритмге сай жұмыс істеуді міндеттеп отыр. Облыстық штабтың мұндай тәжірибесі бар, сондықтан Мақтааралдағы су басу зардаптарын жоюда сол алгоритмге сай жұмыс істейміз,-деді ол.

Толығырақ ...

Президент су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды

KAZUS.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетуді тапсырды. Бұл туралы ол өзінің Тwitter-дегі парақшасында жазды.

Өзбекстандағы су қоймасы бөгетінің бұзылу салдарынан Түркістан облысының Жеңіс және Жаңа тұрмыс ауылдарын су басты. Бүгін премьер-министр Асқар Мамин мен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ауыл тұрғындарын эвакуациялау бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады. Зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетуді тапсырдым, - деп жазды ол.

 

Толығырақ ...

Өмірзақ Шөкеев өңірдегі төтенше жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

KAZUS.KZ. Әзірге тұрғындардың малдары қауіпті аймақтан түгел шығарылды. Ешқандай шығын жоқ. Енді тұрғындардың үйлері, мүліктерінің бәрі күзетілетін болады, деп мәлімдеді өңір басшысы Өмірзақ Шөккев, деп хабарлайды zakon.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметііне сілтеме жасап.

2020 жылды 1-мамыр күні Өзбекстан Республикасындағы "Сордаба" су қоймасы жарылып, Мақтаарал ауданындағы "ЦГК" каналына 300 миллион текше метр артық су келіп құйылған. Соның салдарынан Мақтаарал ауданында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай қалыптасты. Өзбекстан республикасының Су шаруашылығы министрі Хамраевтың берген ресми мәліметіне сәйкес,қазіргі таңда "Сордаба" қоймасынан су жіберу жұмыстары толық тоқтатылған. Дегенмен түнімен аққан сарқырама су"ЦГК" каналына жиналды. Аталған каналдың су жіберу қуаттылығы - секундына 120 текше метр. Бірақ каналға түнімен секундына 180 текше метр су ағып келген. Осыны ескерген облыстық төтенше жағдай жөніндегі тиісті қызметтер Мақтаарал ауданындағы 4 елді-мекеннен 5400 адамды эвакуациялауға мәжбүр болды. Бірқатар тұрғындар өз көліктерімен туған туыстарына жайғасса, қалғандары эвакуация барысында Атакент кентіндегі мектептерге жайғастырылды. Эвакуацияланған тұрғындар былтырғы Арыстың тәжірибесіне сәйкес тиісті медициналық қызмет, азық-түлік секілді барлық заттармен қамтамасыз етілетін болады.

"Қазір енді Өзбекстан министрінің ресми мәлімдемесіне сәйкес, су басқан өңірдің барлығын қайтадан аралап, көріп шығамыз. Егер де, тағы су басу қауіптері болмайтын жағдайда ондағы барлық тұрғын үйлер полициямен қорғалатын болады. Әзірге тұрғындардың малдары қауіпті аймақтан түгел шығарылды. Ешқандай шығын жоқ. Енді тұрғындардың үйлері, мүліктерінің бәрі күзетілетін болады. Егер де судың деңгейі әлі де көтерілетін болса, Мақтаарал ауданындағы тағы да қосымша 4 елді-мекенді эвакуациялайтын боламыз. Ол - Нұрлыжол, Фирдауси, Жантақсай, Жайлыбаев елді-мекендері. Аталған әр елдімекенде төтенше жағдайды тұрақтандыру үшін жақын арадағы аудандардың күштері жұмылдырылды. Айталық, Нұрлыжол елді мекеніне Шардара ауданының әкімдігі,Фердауси, Жантақсай ауылдарына Келес ауданы,Т. Жайлыбаев ауылына Сарыағаш ауданы жауапты болып бекітілді. Сондықтан менің айтатыным, тұрғындарға дүрлігіп, көшеге шығып, дүрбелеңжасап, жолға шығудың қажеті жоқ. Барлығы ұйымдасқан түрде реттеліп, өз қалпына келеді", - деді облыс әкімі.

Оның айтуынша, бұл жергілікті масштабтағы төтенше жағдай.

"Сондықтан бұл жерде Арыстағы тәжірибеге сай алгоритмде жұмыс істейтін боламыз. Бәрі ұйымдасқан түрде реттеледі, қалпына келеді. Бұл төтенше жағдайды игеруге облыстың толық мүмкіншілігі бар", - дейді Шөкеев.

Толығырақ ...

Дариға Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды

  • Бөлім:  Cаясат

KAZUS.KZ. Дариға Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды", - делінген Жарлықта.

Дариға Назарбаева Сенат төрағасы болып 2019 жылдың 20 наурызда сайланған еді. 

Дариға Назарбаева 1963 жылы 7 мамырда Қарағанды облысының Теміртау қаласында дүниеге келген. 1980-1983 жылдары М.В.Ломоносов атындағы ММУ тарих факультетінде оқыды. 1983-1985 жылдары С.М.Кирова ҚазМУ тарих факультетінің студенті. 1985-1987 жылдары М.В.Ломоносов атындағы ММУ тарих факультетінің тағлымдамадан өтуші-зерттеушісі. 1987-1990 жылдары М.В.Ломоносов атындағы ММУ аспиранты болған.

2015 жылғы 11 қыркүйек - 2016 жылғы 13 қыркүйек аралығында - Қазақстан Республикасы премьер - Министрінің орынбасары қызметінде болған. Ал 2016 жылғы 13 қыркүйек - 2019 жылғы 20 наурыз аралығында - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комитетінің төрағасы болды. 

2019 жылғы 20 наурыздан бастап-Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы. 2019 жылғы 2 қыркүйектен бастап - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы болып қайта сайланған.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу