logoru
logo

Дүйсенбі, 18 Мамыр 2020 - KAZUS.KZ

Сенсация! Жас келіншек дүниеге бірден 6 бала әкелді

  • Бөлім:  Әлемде

KAZUS.KZ. Франциялық әйел дүниеге алты бала әкелді. Бұл 30 жылда алғаш рет болып отырған оқиға. Бес қыз және бір бала Страсбург ауруханасында дүниеге келді, деп хабарлайды Skifnews.kz РИА Новости cайтына сілтеме жасап.

Салмағы 630-дан 730 грамға дейінгі балалар кесар тілігі арқылы жүктіліктің 25-ші аптасында дүниеге келді. Әйелдің олармен қоса тағы екі баласы бар.

Сәбилер аман-есен туу үшін әйелді босандыруға 30 маманнан тұратын команда жұмылған. Нәрестелер неонаталды реанимацияға орналастырылды, олар ауруханада "бірнеше ай" жатуы тиіс.

Алты баланың тууы - әлемде сирек кездеседі, орташа алғанда 4,7 миллиард әйелдің біреуі ғана босанады. Мұндай оқиға Париж ауруханасында соңғы рет 1989 жылы болған. 

Толығырақ ...

Елімізде 13 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылды

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Қазақстанда "Жұмыс орындарын құрудың интеграцияланған картасы" ақпараттық жүйесі іске қосылды, деп жазады baq.kz.

"Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол елді мекен, жобалар, кәсіпорындар, экономиканың салалары мен мемлекеттік бағдарламалар бойынша жұмысқа орналасу көрсеткішіне сапалы мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жаңа ақпараттық жүйесі жұмыс орындарын құру серпінін дәл көрсетеді. Сондай-ақ, 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы мен жұмыс орындарын құру бөлігіндегі басқа да мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін жаңаша бағалауды енгізеді, - делінген ведомство хабарламасында.

Ақпараттық жүйенің ағымдағы жылдың 18 мамырындағы деректеріне сәйкес өңірлерде 3,6 мыңға жуық жоба жүзеге асырылуда. Олардың жартысынан көбі "Жұмыспен қамту жол картасына" енген жобалар.

Бүгінде 41 мыңға жуық жұмыс орны құрылды (жоспардың 16%), 12,9 мың адам жұмысқа орналастырылды. Оның 4,6 мыңы бұрын жұмыссыз, мыңнан астамы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар болған. Ал, қалған 7,2 мыңы жұмыс іздеуші тұлғалар.

Жұмыспен қамтылған азаматтардың: 4,1 мыңы жастар (31%), мыңнан астамы – аз қамтылғандар (7,9%) және 300-ден астамы мүмкіндігі шектеулі жандар (2,5%).

Жұмыспен қамту Жол картасы жобаларын белсенді жүзеге асыру бойынша Шығыс Қазақстан (722) және Алматы (715) облысы алдыңғы орында. Сәйкесінше, бұл өңірлер құрылған жұмыс орындарының саны (5 мыңнан астам), сондай-ақ адамдарды жұмысқа орналастыру кейстері (2,5 мыңнан астам адам) бойынша көш бастап тұр, - делінген таратылған ақпаратта.

Жол картасы аясында ең көп жобаларды Алматы облысында (977 жоба), Шығыс Қазақстан (813) және Жамбыл (690) облысында жүзеге асыру жоспарлануда. Ал, ең көп жаңа жұмыс орындарын Алматы қаласында (26 мың), Түркістан облысы (22 мың) және Алматы облысында (21 мың) ашылады деп күтілуде.

Естеріңізге салсақ, 2020 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бұйрығымен "2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы" бекітілді.

255 мыңнан астам азаматты жұмысқа орналастыру үшін 4 бағыт бойынша 6,5 мың инфрақұрылымдық жобаға жұмыс орындары ұйымдастырылады:

1) әлеуметтік-мәдени объектілерді: білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, демалыс, Халыққа қызмет көрсету мекемелерін - күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта жаңарту (2703 жоба);

2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін (сумен жабдықтау, кәріз, газ, жылу, электрмен жабдықтау, көп пәтерлі үйлерді) күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, қайта жаңарту (1039 жоба));

3) инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, қайта жаңарту, салу (қалалық, кентішілік және ауылішілік автожолдар, кірме жолдар, тротуарлар, Бөгеттер, дамбалар мен көпірлер, арналар, Су шаруашылығы объектілері мен құрылыстары (1799 жоба);

4) елді мекендерді абаттандыру (аулаларды абаттандыру, көшелерді, саябақтарды, скверлерді жарықтандыру және көгалдандыру, иесіз нысандарды бұзу, шағын сәулет нысандарын, қоршауларды, балалардың ойын және спорт алаңдарын жайластыру (965 жоба).

2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасының шарттары бойынша қызметкерлердің жартысы Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы тартылуы тиіс. Жұмысқа алу кезінде жұмыссыз жастарға басымдық беріледі. Сондай-ақ, қатысушылардың жалақы мөлшері бойынша шарт бар – ол 85 мың теңге және одан да көп болуы тиіс.

Толығырақ ...

Жазда коронавирус тыйыла ма - министрлік жауабы

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Жазда коронавирустың таралуының төмендеуі күн сәулесіне немесе температураға байланысты емес. Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Вирустың (коронавирустың) жаңадан пайда болғанын, бұрын-соңды болмағандығын түсіну қажет. Зерттеулер барысында егжей-тегжейлері шығып жатады. Бірақ, жаздағы температураның әсері жаз кезеңінде маусымдық тұмаудың немесе ЖРВИ-дің төмендеуіне негізгі себеп еместігін айыра білу керек. Жыл сайын ЖРВИ-ді тек қана күзде, көктемде тіркемейміз. Қыста, тіпті жазда да тіркеледі», - деді ол «Денсаулық министрлігі хабарлайды...» бағдарламасы барысында.

Дегенмен, комитет басшысының айтуынша, жаз айларында тұмау мен ЖРВИ аз тіркеледі.

«Бұл, ең бірінші кезекте, күн сәулесіне немесе температураға байланысты емес. Жазда ғимараттарды желдетіп алуға мүмкіндік туып, қоршаған ортада вирустардың саны айтарлықтай артатын жабық ғимараттарда адамдардың шоғырлануы азаяды. Ал болжамға келер болсақ, вирус өзін алдағы уақытта қалай ұстайтындығын ешкім дөп басып айта алмайды», - деді Тимур Сұлтанғазиев.

Толығырақ ...

Шымкентте мұнай зауытының 100-ге жуық жұмысшысы коронавирус жұқтырды

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытының жұмысшылары жаппай коронавирус жұқтырған. Бұл туралы бүгін қаланың бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев айтты, хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаланың бас санитарының айтуынша «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» компаниясында қауіпті індет таралу жағдайы 7 мамырдан бастап анықталған.

«7 мамыр күні осы зауыттың екі жұмысшысы науқастанып, жұқпалы аурулар ауруханасына түскен. Олардан алынған сынама қортындысы короновирус жұқтырғанын растаған. Науқастармен қарыс-қатынаста болған алты адам да ауырған. Зауыттың басшылығы 8 жұмысшының індет жұқтырғанын ескеріп, скрининг жұмыстарын жүргізген. Алайда сынама жұмыстарын алматылық зертхана жүргізгендіктен арада біраз уақыт өтіп кеткен», - деді Әбдіманап Төлебаев.

Ал, қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр аталған зауытта қауіпті індетті 96 жұмысшы жұқтырған. Тағы 12 науқас осы зауытқа қосымша қызмет көрсететін компанияларда жұмыс істейді. 29 адам зауыт жұмысшыларымен қарым қатынаста болған туыстар болып табылады.

«Мұнай өңдеу зауытындағы анықталған ошақ залалсыздандыру жұмыстары жасалып, жатақханасы карантинге жабылды. Қауіпті індет анықталған адамдардың барлығы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына, карантиндік стационарларға жатқызылды. Зауыттың жұмысы қазіргі кезде қалыпты жағдайда істеп тұр. Оған басқа жұмысшылар тартылған»,- деді Ербол Садыр.

Толығырақ ...

Ресейде бір тәулікте коронавирустан 91 адам қайтыс болған

  • Бөлім:  Әлемде

KAZUS.KZ. Ресейде коронавирустан қайтыс болғандардың саны 2722-ге жетті, - деп хабарлайды tengrinews.kz Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, бір тәулікте елде коронавирустан 91 адам қайтыс болған.

Сондай-ақ, өткен тәулікте Ресейде 8926 адамнан COVID-19 анықталғаны айтылады. 

Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 4,7 миллионға жетті. Пандемия 188 елге тарады. 315 мыңнан аса науқас қайтыс болып, 1,7 миллион адам дерттен айыққан.
Толығырақ ...

«Бақытты болыңыз»: Мөлдір Әуелбекова екінші мәрте тұрмысқа шықты

KAZUS.KZ. Отандық шоу-бизнес жұлдызы Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желідегі жеке парақшасында кезекті фотосын жариялап, жаңалығымен бөліскен. Бұған дейін желідегілер өнер иесінің жақында екінші рет тұрмысқа шығатынын болжаған болатын, – деп жазады KAZ.NUR.KZ. ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Танымал әнші қалың көрерменді желідегі соңғы жазбаларымен ғана емес, жеке парақшасындағы өзгерістерімен де таңғалдырған. Әнші Instagram-дағы бұған дейінгі барлық суреттерін өшіріп тастаған.

Өнер иесін бұл қадамдарға не итермелегені белгісіз. Желі қолдануылары бұл жайттардың астарында не бар екенін біле алмай әлек болған. Алайда бұл жұмбақтың шешімін жұлдыз өзі айтып бергенге ұқсайды.

«Ал, халқым! Қасиетті Рамазан айында Алланың қалауымен екі дүркін орамалды болдым! Әлхамдулиллях! Құтты болсын!»,– делінген жазбада.

Бұл жазбаны оқып, таңырқаған тыңдармандар жарыса пікір жазуға кірісіп кетті. Оқырмандар тілектерін жаудырып, жарысы жазып жатыр.

«Орамалыңыз құтты болсын!», «Бақытты болыңыздар!», «Әйел бақытын тілеймін», «Ұзағынан болсын»,– деген ақжарма тілек-ниеттерін білдіруде. 

Еске сала кетсек, бұған дейін сүйікті әртісінің парақшасын жіті тексерген оқырмандар соңғы фотосанын сақина тағып алғанын байқап қалған. Әуелбекованың жанкүйерлері ол сүйіктісімен отбасын құрғалы жатыр деп топшылаған болатын.

Толығырақ ...

Нұр-Сұлтанда орталық базар ашылды

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Астаналық әкімдік санитарлық-эпидемиологиялық қызметпен бірлесе қаладағы ірі базарды тексеріп, бұрынғы режим бойынша жұмыс істеуге рұқсат берді, деп хабарлайды sputniknews.kz әкімдік сайтында.

"Дайындық жоғары. Барлық базар антисептик, маскамен қамтылған, логистика ұйымдастырылған. Базар басшылығы санитарлық норманың сақталуына бақылау жүргізіп жатыр. Бақылау жалғасады", - деді қалалық инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмұрзаев.

Орталық базардың әрбір дүкенінде антисептиктердің болуымен қатар, әр екі сағат сайын дымқыл тазалық жұмыстары жүргізіледі.

Central Market сауда орталығы дүйсенбі күні ашылды, сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді.
Нұр-Сұлтанда қонақ үйлер жұмысы қайта жанданды

Елорда әкімдігінің қызметкерлері қонақ үйлердің қонақтарды қабылдауға деген дайындығын тексерді.
Олардың айтуынша, қонақ үйлерде санитарлық қорғау шаралары қабылданып жатыр.

"Қонақ үйлерді аралап көрдім, дайындық жұмыстары қонақ үйлердің келушілерді қабылдауға дайын екенін, эпидемияға қарсы барлық іс-шара ұйымдастырылғанын көрсетті. Барлық санитарлық-эпидемиологиялық талап сақталады", - деп атап өтті Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева.

Еске сала кетсек,18 мамырдан бастап Нұр-Сұлтанда қоғамдық тамақтану нысандары ашылды, жазда отыруға арналған орындарды есептегенде, келушілердің жалпы саны 50 адамнан аспауы қажет. Бұдан басқа қалада балабақшалардың, балалар түзету кабинеттерінің (тек жеке сабақтар үшін),  азық-түлік сатпайтын базарлар мен сауда үйлерінің жұмысы басталды.

Толығырақ ...

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина сынақтан өткізіле бастады

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Қазақстанда COVID-19 вирусына қарсы вакцина клиникаға дейінгі сынақтан өте бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

Осылайша, Қазақстан ресми түрде COVID-19 вирусына қарсы вакцина әзірлеуші елдер қатарына қосылды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазақстандық ғалымдардың әзірлемесін тіркеуге алып, өзінің ресми сайтындағы клиникаға дейінгі сынауды бастауға рұқсат етілген COVID-19 қарсы вакцина жасаушы үміткерлер тізіліміне қосты.

Инактивтендірілген вакцинаны ҚР БҒМ Ғылым комитеті Биологиялық қауіпсіздік проблемаларын ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері әзірлеген. Ол Қазақстан аумағында науқастанған адамдардан бөлінген вирус штаммының негізінде жасалды.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлерін құттықтады.

«Бұл қазақстандық ғылымның мемлекетіміздің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ елдің мықты ғылыми әлеуетінің дәлелі. Институт ұжымы қауіпті және аса қауіпті ауруларға қарсы вакциналардың жаңа түрлерін әзірлеуде өзінің жетекші рөлін тағы бір мәрте көрсетті» делінген жеделхатта.

Енді институт ғалымдары клиникаға дейінгі және клиникалық сынақ жүргізуі керек.

Естеріңізге сала кетсек, бұл институт қазірдің өзінде қауіпті және аса қауіпті ауруларға қарсы вакциналардың 67 түрін, 15 тест-жүйесін және 30-дан астам биопрепаратты әзірлеп, өндіріске енгізді. Олардың арасында құстардың жоғары патогенді тұмауына, жоғары патогенді шошқа тұмауына, нодулярлық дерматитке қарсы вакциналар, сондай-ақ бруцеллезге қарсы жаңа векторлық вакцина да бар.

 

Толығырақ ...

Майкл Джорданның кроссовкалары рекордтық сомаға сатылды

  • Бөлім:  Спорт

KAZUS.KZ. Аты аңызға айналған «Чикаго Буллз» баскетболшысы Майкл Джорданның қолтаңбасы бар аяқ киімі Sotheby's-те 560 000 долларға сатылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл Nike Air Jordan 1 кроссовкаларын Джордан 1984/85 жылдардағы дебюттік маусымда киген.

Кроссовкалар 2019 жылы орнатылған жұп кроссовкалар үшін алдыңғы аукцион рекордын бұзып, рекордтық сомаға сатылды.

Толығырақ ...

Димаштың жаңа әні қытайлық QQ Music платформасында рекорд жаңартты

KAZUS.KZ. Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергеннің We Are One ("Біз бірміз") әні қытайлық QQ Music музыка платформасында алтын сертификат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

COVID-19 пандемиясымен күреске арналған ән 100 миллионнан астам рет тыңдалып, танымалдық индексін жинады және солайша алтын сертификацияны алды.

Димаш Құдайберген We Are One әнін коронавирус пандемиясымен күресіп жатқан дәрігерлерге және оқшауланып отырған адамдарға арнаған.

"Бүкіл әлем коронавирус індетімен күрескен күрделі кезеңді бастан өткеріп жатыр. Тек қорқынышты ауруға қарсы бір-біріне көмектесіп, осы ауыр уақытта COVID-19 жеңуге болады. Бұл ән індетке қарсы күрестің басты майданындағы дәрігерлерге және оқшауланған барлық жанға арналған", - деп мәлімдеді Димаш Құдайберген.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу