logoru
logo

Сәрсенбі, 13 Мамыр 2020 - KAZUS.KZ

Қазақстанда пойыздар қашан жүре бастайтыны белгілі болды

KAZUS.KZ. 1 маусымнан бастап елде кезең-кезеңмен ішкі теміржол қатынасы жанданады, деп жазады sputniknews.kz.

Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды primeminister.kz.

"2020 жылдың 1 маусымынан бастап мемлекеттік бас санитар дәрігердің талаптарын ескере отырып, ішкі теміржол қатынасын кезең-кезеңмен жандандыру жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.

Жолаушылар пойыздарына билет 15 мамырдан сатыла бастайды.

Бұған дейін 13 мамырдан Шымкент, Ақтау, Орал, Жезқазған, Балқаш, Үржар және Зайсан қалаларына ішкі әуе рейстері ашылатыны хабарланған еді.

Толығырақ ...

Шымкентте жаңадан ашылған Мамандандырылған ХҚО өз қызметін көрсетуде

  • Бөлім:  Қоғам

Шымкентте автоәуесқойлар үшін мамандандырылған ХҚО жаңа форматта іске қосылады, деп хабарлайды KAZUS.KZ. 

Енді мамандандырылған ХҚО-ға бару үшін 1414 байланыс орталығы немесе немесе egov.kz сайтындағы арнайы сервис арқылы кезек уақытын алдына ала брондау қажет болады. 

Бұл азаматтардың ХҚО-да көптеп жиналуын болдырмайды және вирусты жұқтыру қаупін жояды, осы ретте қызмет алушылар да өз уақытын үнемдейді. Алдын ала брондаусыз еш қызмет көрсетілмейді.

Дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін мамандандырылған ХҚО-да автокөлік иелері өз автокөліктерін қайта тіркеп, жүргізуші куәлігін алып, практикалық емтихан тапсыра алады.

Шымкентте барлығы 3 мамандандырылған ХҚО жұмыс істейді. Мамандандырылған ХҚО ғимаратында көлік құралын тіркеуге және қайта тіркеуден өткізуге, жүргізуші куәлігін ауыстыруға болады. Жүргізуші куәлігіне қосымша категориялар бойынша практикалық емтихан тапсыру және медициналық тексерістен өту жұмыстары Достық мөлтек ауданындағы мамандандырылған ХҚО-да ғана жүзеге асырылады.

Санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтау мақсатында автоХҚО-ға кезектің уақытын брондау үшін egov.kz порталы немесе 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы белгілуге болады. автоХҚО-ға барған кезде қашықтықты сақтауды сұраймыз, медициналық маскалардың болуы міндетті.

Естеріңізге сала кетейік, азаматтар, сондай-ақ электрондық үкімет порталы арқылы жүргізуші куәлігін ауыстырып, автокөлігін қайта тіркей алады.

Айта кетейік, автоХҚО жұмысы тоқтатылған сәттен бастап, төтенше жағдай кезінде онлайн режимінде азаматтарға 600 жуық жүргізуші куәлігі берілді және автокөлікті қайта тіркеу бойынша 300 астам қызмет көрсетілді.

Анықтама: Жұмыс кестесі: ДС-ЖМ, 10.00- ден 18.00-ге дейін үзіліссіз.

Мамандандырылған ХҚО мекенжайлары:

№1 мамандандырылған ХҚО: Достық м.а.

№2 арнайы ХҚО: Ташкент айналма жолы, 341.

№3 арнайы ХҚО: Қызылжар м.а., Жиделібайсын көшесі 92. «Бекжан-комфорт»

Толығырақ ...

Мақтааралдықтардың құжаттары қалпына келтіріліп жатыр

KAZUS.KZ. Түркістан облысы ПД көші-қон және әкімшілік полиция қызметкерлері су басқан кезде жоғалған Мақтаарал ауданы тұрғындарының құжаттарын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы мақсатта Мақтаарал аудандық полиция бөлімшесінің көші-қон қызметінің қызметкерлері 500-ден астам тұрғын эвакуацияланған мектептердің біріне барды. Полиция қызметкерлерімен тексеру барысында бірнеше құжат жоғалту жайттарын анықтады, оның ішінде жеке куәліктер және үйдің құжаттарды жоғалған.

Мысалы, Мақтаарал ауданы, Жеңіс ауылының төрт тұрғыны су басу аймағынан көшірілген кезде жеке куәліктердің жоғалуына байланысты тәртіп сақшыларына хабарлап, көмегіне жүгінді. Қазіргі таңда көші-қон қызметінің қызметкерлері Мақтаарал ауданынан тиісті жоғалған құжаттарды жинап, қалпына келтіруге бағытталған жұмыстарды жүргізіп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, көрші мемлекеттегі су қоймасындағы апат салдарынан Мақтаарал ауданының бірнеше ауылдары зардап шеккен болатын. Түркістан облысының полицейлері, әскери қызметкерлер және құтқарушылармен бірге су басқан аумақтардың тұрғындарын және үй малын қауіпсіз аймаққа көшірді. Қазіргі уақытта ТЖ орнында авариялық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Толығырақ ...

ШЫМКЕНТ: Мұрат Әйтенов 100 сарбазға алғыс хат табыстады

  • Бөлім:  Қоғам

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов төтенше жағдай кезінде қаланы залалсыздандыру жұмыстары мен блок бекеттерде еңбек еткен 100 сарбазды марапаттап, алғыс хатын табыстады, деп хабарлайды KAZUS.KZ

Естеріңізде болса, төтенше жағдайға байланысты әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру жөніндегі Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Шымкент қаласында 100 сарбаз әскер қатарына шақырылып, қаланың қауіпсіздігі мен дезинфекция жұмыстарына жұмылдырылған болатын.

Қауіпті дертпен күресте белсенділік танытқан сарбаздарды марапаттау барысында қала басшысы олардың ерліктерін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, еріктілер жылы қарсаңында өз еркімен көзге көрінбейтін инфекциямен күресте аянып қалмаған әрбір сарбазға мегаполис тұрғындары атынан ризашылығын білдірді.

Толығырақ ...

Көлікте бала отырғанда темекі тартқандар 55 560 теңге айыппұл төлейді

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында 21 жасқа толмаған азаматтарға темекі сатып алуға тыйым салынатыны белгілі болды, деп жазады baq.kz.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексі жобасы екінші оқылымда мақұлданды.

Кәмелет жасына толмағандарға темекі және темекі бұйымдарын сатқаны, темекі бұйымының маркасы бар тауарларды қасақана таратқаны, көрмеге қойғаны немесе сатқаны үшін әкімшілік айыппұлдар 2 есеге өсті. Ал темекі және темекі бұйымдарын сату жөніндегі заңнама талаптарын, оларды белгіленбеген орындарда тұтынуға салынған тыйымды бұзғаны, заңсыз жарнамалағаны үшін әкімшілік айыппұлдардың мөлшері 30-50%-ға ұлғайтылды. Автомобиль көлік құралында балалар болған кезде онда темекі бұйымдарын тұтынғаны үшін 10-нан 20 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл көзделіп отыр, - деді депутат Зәуреш Аманжолова.

Бірінші рет заң бұзғаны үшін 15-тен 100 АЕК-ке дейін (41 670 теңгеден 277 800 теңгеге дейін), ал заң бұзушылық қайталанса, онда 30-дан 200 АЕК-ке (83 340 теңгеден 555 600 теңгеге дейін) дейін айыппұл салынады. Автокөлікте балалар отырған кезде шылым шеккені үшін 10-нан 20 АЕК (27 780 теңгеден 55 560 теңгеге дейін) дейін айыппұл көзделген.

Толығырақ ...

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы «5-10-20» жобасымен кімдер пәтер ала алады

KAZUS.KZ. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Нұрлы жер» бағдарламасының жаңа бағыты ретінде «5-10-20» пилоттық жобасын іске қосады, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) «Нұрлы жер» бағдарламасының жаңа бағытын әзірлеуді бастап кетті.

Жаңа пилоттық жоба 5-10-20 шарты бойынша тұрғын үй сатып алу үшін азаматтарды несиелендіруді қарастырады:

- несие мөлшерлемесі 5%;

- бастапқы жарна 10%-дан бастап;

- несиелендіру мерзімі – 20 жылға дейін.

«5-10-20» пилоттық жобасына тұрғын үйге мұқтаж ретінде жергілікті атқарушы органдарда есепте тұрған азаматтар қатыса алады.

Толығырақ ...

Жаңа заң: 21-ге толмағандар дүкеннен темекі сатып ала алмайды

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. 21 жасқа толмаған қазақстандықтар дүкеннен темекі өнімдерін сатып ала алмайды. Мәжіліс депутаттары осындай мазмұндағы тиісті түзетуді қамтитын халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қоғамда ең көп талқыланатын мәселелердің бірі темекі шегудің алдын алу және шектеу мәселелерін реттейтін нормаларды да қарастырдық. Нәтижесінде, депутаттар енгізген түзетулер бойынша алкогольді ішімдіктерді сатуға тыйым салумен ұқсас, темекі өнімдерін сатудың жас шегін 18-ден 21 жасқа дейін арттырды, - деді Мәжіліс депутаты Зәуреш Аманжолова.

Сондай-ақ, темекі өнімдерін өндіруші мен импорттаушыға жыл сайын өнімдегі никотиннің құрамы бойынша зертханалық зерттеулер жүргізуге және зерттеу нәтижелері туралы уәкілетті органға есеп беруге міндеттейтін нормалар енгізілді.

Толығырақ ...

Екпелер міндетті және ерікті болып бөлінеді

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасы екінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қорытынды салыстырмалы кесте 717 қабылданған түзетуді қамтыды, екі түзету қабылданбады», - деді депутат Зәуреш Аманжолова.

Осы орайда аталған екі түзетудің біріншісі профилактикалық екпелерді жүргізу бойынша пункте «міндетті» сөзін «құқылы» деген сөзге ауыстыруға қатысты болды. Ал екінші түзету екпе жасалмаған балалардың балабақшаға баруын шектейтін норманы жоюға байланысты. Дегенмен бұл түзетулер қабылданбады.

«Нәтижесінде, барлық екпелер міндетті және ерікті болып нақты бөлінеді, ал балалардың балабақшаға баруы осы ұйымдағы «ұжымдық иммунитеттің» деңгейіне қарай жүзеге асырылады деген шешім қабылданды», -деді Зауреш Аманжолова.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл 4 наурызда «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс жобасы бірінші оқылымда мақұлданған еді.

Толығырақ ...

ТҮРКІСТАН: Карантин режимі 25 мамырға дейін созылады

  • Бөлім:  Қоғам

Түркістан облысында карантин режимі 25 мамырға дейін ұзартылды. Бұл ретте бірқатар шектеулер сақталады, деп хабарлайды KAZUS.KZ

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов онлайн-брифингте мәлімдеді.

Атап айтқанда, көрші аймақтармен шекарадағы санитарлық блок-бекеттер жұмысын жалғастырады. Тұрғындарға қалааралық, ауданаралық және елдімекендер арасында қатынауға қойылған шектеу күшінде қалады.

Қоғамдық орындар мен демалыс орындары, саябақтар жұмысын бастайды.

Аталған шаралар Түркістан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 10 мамырдағы N17 Қаулысымен бекітілді.

Қаулыға сәйкес, карантин режимі аяқталғанша елдімекен ішіндегі қоғамдық көліктер мен діни бағыттағы нысандар жұмысын бастамайды.

Спорттық, мәдени іс-шаралар өткізілмейді. Азық-түлік базарларының жұмысы таңғы сағат 10.00 мен кешкі 17.00 арасында жалғасса, киім-кешек, өзге де заттар сататын дүкендер дезинфекция жұмыстарын күшейтілген режимде жүргізе отырып, таңғы 9.00-20.00 аралығында жұмыс істейді.

Балабақшаларда кезекші топтар өз жұмысын бастайды. Алайда, мұнда тек ауруханадан анықтамасы бар тәрбиешілер ғана жұмыс істеуі тиіс. Бүлдіршіндердің денсаулығына қатысты анықтама талап етіледі.

Адам көп жиналуына жол берілмейтін сұлулық салондары, тігін цехы, аяқ киім жөндеу орындары, шаштараз, тіс емдеу, ем жасау орындары секілді шағын кәсіпкерлік нысандары да алдын-ала жазылу тәсілімен жұмысын бастай алады.

Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің 50 пайызы жұмысты қашықтықтан жалғастырады.

Үйден шығуға, серуендеуге тек маска тағып, ара қашықтықты сақтаған жағдайда рұқсат етіледі.

Тұрғылықты жерде отбасылық мерекелер, туған күн, той-жиын өткізуге, үш адамнан артық топтың көшеде және қоғамдық орындарда жиналуына салынған тыйым күшінде қалады. Жасы 65 жастан асқан азаматтарды оқшаулау жалғасады.

Халыққа қызмет көрсету қызметі орталығы мен екінші деңгейлі банктер, «Қазпошта» бөлімшелері қазіргі таңда жұмысын бастады. Демалыс орындары, қонақ үйлер, туристік нысандарға санитарлық талаптарды сақтаған жағдайда жұмысын бастауға рұқсат етіледі.

Халықтың тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті азық-түлік, заттар мен өнеркәсіп, құрылыс нысандарындағы және көктемгі егіс жұмыстарына қажет өндірістік тауарлар мен материалдар, медициналық заттар тасуға рұқсат қағазы бар автокөліктер мен азаматтар және медициналық көмек қажет болған азаматтар ғана облыс аумағына кіріп-шыға алады.

Толығырақ ...

42 500 теңгелік төлем тәртібіне өзгерістер енгізілді

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Елімізде 42 500 теңгелік төлемді беру тәртібіне өзгеріс енгізілді. Тиісті бұйрық Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұйрыққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов қол қойған.

Оған сәйкес 42 500 теңгелік төлем акциялары және жарғылық капиталындағы үлестері тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметкерлеріне берілмейді.

Толығырақ айтқанда 42 500 теңгелік әлеуметтік төлем төмендегі санаттағы азаматтарға берілмейді:

1. БЖТ төлеушілерді қоспағанда, төтенше жағдай енгізілген күнге дейін он екі ай ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуының бір де бір ай өтілі жоқ адамдарға;

2. Өтініш берген күніне дейін дейін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуының бір де бір ай өтілі жоқ БЖТ төлеушілерге;

3. Төтенше жағдай енгізілген күнге дейін он екі ай ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуының бір де бір ай өтілі жоқ АҚС шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғаларға;

4. Еңбек немесе кәсіпкерлік қызметті (оның ішінде қашықтықтан) жалғастырған немесе ақылы еңбек демалысы берілген немесе жұмыс орындарының бірінде тоқтап тұру болған жағдайда, кәсіпкерлік қызметті қоса алғанда, екі немесе одан да көп жұмысты қоса атқаратын адамдарға;

5. Егер бір мезгілде республикалық бюджеттен немесе қордан төленетін ай сайынғы зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді алушылар болып табылса, төтенше жағдай енгізілгеннен кейін БЖТ-ны алғаш рет төлеген адамдарға;

6. Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты ішкі істер органдарында тіркеуден шығарылған адамдарға;

7. Толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріндегі адамдарға.

Төлемдерді жүзеге асыру үшін банк және банк шотының нөмірі туралы мәліметтер автоматтандырылған режимде бұдан бұрын қалыптастырылған ІЭМ-ге енгізіледі. ІЭМ-ді көрсетілген мәліметтермен толықтыру туралы ақпарат автоматты түрде қордың филиалы мен Мемлекеттік корпорацияға жіберіледі.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу