logoru
logo

Жұма, 01 Мамыр 2020 - KAZUS.KZ

42 500 теңгенің жіберілгенін қалай тескеруге болады?

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Енді egov.kz және 42500.enbek.kz-тегі мәртебеде (статуста) ақша жіберілгенін және қандай банкке жіберілгенін көруге болады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев Facebook-тегі парақшасында жазды.

Мақұлдағаннан кейін шоттарға ақша жіберілгендігі туралы сұрақтар көптеп келіп түсуде. Нақты ЖСН-і бойынша тексеруді жиі сұрауда. Сондықтан, әрбір адам өзіне ақша жіберілгенін және қайда жібергенін білу үшін, біз цифрлық командамызбен соңғы күндер ішінде бірқатар интеграция мен техникалық жұмыстарды жүргіздік, - деп жазды ол.

WhatsApp Image 2020-05-01 at 15.34.33.jpeg
Оның айтуынша, енді egov.kz және 42500.enbek.kz-тегі мәртебеде (статуста) ақша жіберілгенін және қандай банкке жіберілгенін көруге болады.

Егер өтінім мақұлданса және ақша жіберілсе, мәртебесі 5 қадамды жасыл түспен көрсетеді, ал төменгі жағында 42500 теңге қандай банкке жіберілгені жазылады. Бұл жағдайда, егер картада түсімдер жоқ болса, банкке хабарласуыңызға болады. Егер өтінім мақұлданған болса, бірақ шот нөмірінде қате болса, мәртебеде 5 қадамды сары түспен көрсетеді. Төменде дұрыс шот нөмірін алу үшін не істеу керек туралы ақпарат көрсетіледі. Мұндай қателіктердің бір бөлігін біз өзіміз анықтаймыз, бірақ бір бөлігін көре алмаймыз және банктер ақшаны қайтарады. Сонда біздің базамыз арқылы немесе СМС арқылы басқа шоттарды іздеуге тура келеді, - деп жазды Мұқышев.

Толығырақ ...

ШЫМКЕНТ: Кәсіпкерлік нысандарда санитарлық талаптар қатаң сақталады

  • Бөлім:  Қоғам

Шымкент қаласында 1 мамырдан бастап кейбір кәсіпкерлік нысандарының қалпына келтірудің бірінші кезеңі басталды, деп хабарлайды KAZUS.KZ

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 27 сәуірдегі мәлімдемесіне орай өткен брифингте айтылды.

Брифинг барысында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қалада санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң түрде сақтай отырып, бірінші және екінші кезеңде қайта жұмысын бастайтын нысандар туралы жан-жақты ақпарат берді.

Қаламызда бүгіннен бастап, бірінші кезеңде бірқатар нысандар қызметін қайта бастап, қалыпты жұмыс режиміне өтті. Атап айтсақ, химиялық тазалау, кір жуу, кілем тазарту, тұрмыстық (мобильді құрылғыларды қоса), медициналық және өндірістік жабдықтарды жөндеу орталықтары, тұрмыстық және кеңсе жабдықтарын сататын дүкендер, автожуу, май ауыстыру орталықтары, техникалық қызмет көрсету станциялары іске қосылуда. Барлық нысандар сағат 10:00 мен 18:00-ге дейін жұмысын жалғастыратын болады, - деді қала әкімінің орынбасары.

Сондай-ақ алдын ала жазылумен сұлулық салондары мен шаштараздар, санитариялық нормалардың және басқа да санитариялық-карантиндік талаптардың сақталуымен жүзеге аспақ. Онда келушілер саны бір уақытта 5 адамнан аспауы, отыратын орындардың қашықтығы кем дегенде 2 метр болуы қажет.

Мақсұт Пернебайұлының мәлімдеуінше, өтінішті жіберуге үлгермей қалған кәсіпкерлерге тағы да мүмкіндік беріліп отыр. Яғни, жұмысын бастайтын нысан жетекшілері 3 мамыр күні сағат 14:00-ге дейін төмендегі көрсетілген пошталарға өтінімді жіберуі қажет. Абай ауданы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., Әл-Фараби ауданы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., Еңбекші ауданы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., Қаратау ауданы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it..

Қала әкімінің орынбасары екінші кезеңде, яғни 4 мамырдан бастап іске қосылатын нысандарды да атап өтті.

Оның айтуынша, ақпараттық-коммуникациялық компаниялар, сондай-ақ 500 шаршы метрден аспайтын, барлық бағыттағы дүкендер, фотосалондар, медициналық орталықтар, стоматологиялық клиникалар жарнама агенттіктері жұмысын бастамақ. Сондай-ақ көшелердегі спорт алаңдары, жеке кабиналары бар моншалар, тек алдын ала жазылу бойынша үй жануарлары мен гүл сататын дүкендер, жылжымайтын мүлік агенттіктері, кәсіпкерлер осы нысанға сәйкес өтініш беріп, әкімдіктің электрондық поштасына жіберуі арқылы жұмысын жалғастыра алады.

Сондай-ақ брифингте Шымкент қаласы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Алмат Қосалиев сөз алып, қала тұрғындарын сақтық шараларына немқұрайлы қарамауға шақырды.

Қазіргі таңда қаламызда коронавирус инфекциясымен 200-ге жуық жағдай тіркеліп отыр. Сондықтан әрбір жұмысын жалғасырушы кәсіпкерлер бекітілген қаулыға сәйкес, санитарлық талаптарды қатаң түрде сақтауы міндетті. Тәртіп бұзған кәсіпкерлеге әкімшілік жаза қолданылатын болады, - деді А. Қосалиев.

Толығырақ ...

Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметін күшейтудің 6 бағыты белгіленді

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қатысуымен COVID-19 індетіне қарсы күрес шараларын әзірлеп, санитарлық-эпидемиологиялық қызметті жетілдіру бойынша жұмыс тобының отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиынның өткені жайлы министрліктің Facebook парақшасынан хабарланды.

Отырысқа министрмен қатар Денсаулық сақтау вице-министрі әрі жұмыс тобының жетекшісі Людмила Бюрабекова, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі комитетінің төрағасы Тимур Сұлтангазиев, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі департаменттерінің, республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың, ғылыми-практикалық орталықтардың, медициналық университеттердің өкілдері және Парламент Мәжілісінің депутаттары қатысқан.

Отырыс барысында негізгі екі мәселе, атап айтқанда денсаулық сақтау саласының кадрлық әлеуеті мен санитарлық-эпидемиологиялық қызметті күшейту жұмыстары қаралды.

«Екі мәселенің де ауқымының кең екені түсінікті. Алайда ондағы міндеттерді алдағы екі-үш айда жүзеге асыруға болатындай жұмыс жүргізу керек», - деді Елжан Біртанов.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетованың айтуынша бүгінде Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметін күшейтуге бағытталған бірқатар шара әзірленіп жатыр. Өзгерістер алты бағытта жүргізіледі. Мәселен тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінен санитарлық-медициналық бақылау қызметін жеке шығара отырып, қайта құру жоспарлануда.

Сонымен қатар бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің мәртебесі мен өкілеттігі де артады. Эпидемиологиялық қызметтің штат саны көбейіп, эпидемиологтар арнайы мемлекеттік орган ретінде артықшылықтарға ие болады. Осы шаралардың аясында мемлекеттік шекарада санитарлық-карантиндік бақылауды күшейтіп, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің материалдық-техникалық жабдықталуын жақсарту көзделген. Яғни олар тепловизормен, көлік құралдарымен және кеңсе жабдықтарымен жарақтандырылады.

«Сонымен қатар бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің өкілеті кеңейтіліп, енді ол өз Қаулысымен елдің бүкіл аумағында шектеу шараларын енгізіп, қайта алып тастай алады. Бұл ретте нормативті-құқықтық акт мемлекеттік тіркеуге жатпайды. Қазіргі уақытта осы жағдай кедергі келтіріп тұр. Себебі өзгерістер бір-ақ апта ішінде енгенімен, тіркеу үрдісі одан да ұзақ уақытты алып жатыр. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер мемлекеттік шекара арқылы өткізу бекетінен кіргізу және шығару бойынша шектеулерді енгізе алады. Карантин аумағын белгілеп, күзетілген аумақта эпидемияға қарсы шараларды толыққанды үйлестіреді», - делінген хабарламада.

Толығырақ ...

ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданында биыл 64 аула абаттандырылады

  • Бөлім:  Қоғам

Қаланың Еңбекші ауданында күні бүгінге дейін 519 аула абаттандырылған.​ Биыл тағы 64, ​келер жылы 47 ауланы абаттандыру жоспарда отыр, деп хабарлайды KAZUS.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтың Тоғыс тұрғын алабына барған сапарында мәлім болды.​

Қала басшысы ондағы Мұнайбарлаушылар​ көшесіне салынған ойын алаңшасымен танысты. Мердігер компания ғарыштық үлгіде бой көтерген​ балалар алаңшасына құрылғыларды арнайы Ресейден алдырыпты. Маңында үш спорт алаңы да бар. Бүгінде тұрғындар ол жерге видео камера орнатуды ойластырып жатыр.​ Тек пандемияға байланысты елде жарияланған төтенше жағдай қол байлау болып отырған көрінеді.

"Бұрын ойын алаңшасының орнында тозған кәріз жүйесінен аққан​ сасық су көлдеп, Бадам өзеніне ағатын. Кәріз жүйесі мен ауыз сумен үлкен мәселе еді. Қазір жағдай жақсарды. Кәріз жүесі жаңарып, тәулігіне 24 сағат тіршілік нәрі беріледі. Өткен жылы электр жүйесі тартылды. Сондықтан жүйелі жұмыстың арқасында бізде біртіндеп мәселелер шешіліп жатыр. Әкімдікке алғыс айтамыз.​ Мынадай ойын алаңшасы Астанадан басқа еш жерде жоқ сияқты.​ Өздерінде ойын алаңшасы болса да, көршілес Маятас, Елтай, Айнатас елді мекендерінің балалары осында келіп ойнайды", -- дейді Мұнайбарлаушылар көшесінің төбе биі Талиба Бурковецкая.

Тұрғындардың айтуынша, бүгінде көшені жарықтандыру мәселесі өзекті. ​ Өз кезегінде Мұрат Әйтенов жарық шамдарын орнатудың оңтайлы жолдарын қарастырып жатқанын жеткізді.

Толығырақ ...

Елімізде әуе билеттері қымбаттамақ

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Мамырдың ортасына қарай елімізде әуе билеттері қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Air Astana компаниясының вице-президенті мәлімдеді.

Оның айтуынша, ұшақта жолаушылар арақашықтық сақтап отыруы тиіс деген талап әуе компаниялары үшін тиімсіз. Себебі ұшақ сыйымдылығын толтырмай, ұшу тасымалдаушы компанияны шығынға батырады. Әуе компаниялары бұрынғы бағаны оныншы мамырға дейін сақтауға уәде беріп отыр.

Оған дейін ұшуға қатысты санитарлық талаптар өзгермесе, баға біртіндеп көтеріледі. Ұшақтағы жолаушылардың арасында бос орын болуы тиіс деген талап әуе компанияларын шығынға батырады.

Air Astana компаниясының вице-президенті Ердәулет Шәмшиев осындай пікірде. Оның айтуынша, автобус немес жеңіл көлікпен жолаушы тасымалдайтындарға мұндай талап қойылмаған. Яғни олар бос орынның барлығына адам отырғыза алады. Сондықтан тек ұшақтарға қатысты қойылған бұл талап қиысынға келмейтінін жеткізді.

Пікірді SCAT әуе компаниясының вице-президенті де қуаттайды. Ол төтенше жағдай кезінде тарифтердің бұрынғы қалыпта сақталатынын, бірақ бұлай жалғаса берсе, компаниялардың банкрот болатынын айтады. Сондықтан 10 мамырдан кейін билеттердің құнын көтеруге мәжбүр. Ал еліміздің Азаматтық Авияция комитеті билеттердің бағасы бұрынғы күйде қалатынын айтқан болатын.


Толығырақ ...

Елімізде орташа жалақы 199 206 теңгені құрады

KAZUS.KZ. 2020 жылғы І тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 199 206 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі өткен жылғы тиісті тоқсанына 118,2%, ал нақты жалақы индексі 111,5% құрды, деп жазады baq.kz.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінше, салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда – 444,0 мың теңгені құраған. Бұл  орташа республикалық деңгейден 2,2 есеге асты. 

Қаржы және сақтандыру қызметінде - 371,1 мың теңге (1,9 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 338,7 мың теңге (1,7 есеге асты), ақпарат және байланыс саласында – 305,4 мың теңге (1,5 есеге асты), көлік және жинақтау саласында– 245,8 мың теңге (1,2 есеге асты) белгіленген. 

Ең төменгі атаулы жалақы ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығының қызметкерлерінде белгіленген – 105,1 мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 47,2% %-ға төмен.

Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді – 346,4 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,7 есеге асады. Солтүстік Қазақстан облысында мұның шамасы 141,7 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 28,9%-ға төмен.


курма.jpeg

Толығырақ ...

Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндіруді қысқартады

KAZUS.KZ. Екі айдың ішінде мұнай өндіруді тәулігіне 9,7 миллион баррельге қысқартуды қарастыратын ОПЕК+ келісімі аясында Қазақстан өндіруді тәулігіне 390 мың баррельге азайтуға міндеттеме алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлемде және Қазақстанда мұнайға сұраныстың төмендеуі аясында мұнай қорларының едәуір профицитінің болуына байланысты биылғы жылдың екінші тоқсанында мұнай сақтау орындарының толып кету және қазақстандық кен орындарының авариялық тоқтау қаупі туындайды.

Осыған байланысты, министрлік мамыр-маусым айларында мұнай өндіруді шектеу қажет болатын жер қойнауының жекелеген учаскелерінің тізбесімен бірге «Көмірсутектерді барлау және өндіру жөніндегі операцияларды және өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскелерін пайдалануға уақытша шектеулер енгізу туралы» Үкімет қаулысының жобасын әзірледі.

«Өндірісті шектеу орташа, ірі және алып кен орындары санатына жататын кен орындарына қолданылады. Аталған жер қойнауы тізбесіне экономикалық факторларға байланысты өндірудің табиғи төмендеуі күтілетін шағын және ұсақ кен орындары кірмеген. Бұл қаулы барлық Қазақстан Республикасының ішкі нарығының мұнай өнімдерінің қажетті көлеміне деген қажеттілігін қамтамасыз етуді ескере отырып, барлық өндіруші компанияларға кемсітушіліксіз көзқарасты, сондай-ақ ірі жобалар мен өндірудің табиғи төмендеуі кезеңінде тұрған байырғы кен орындары үшін мұнай өндіруді азайту жөніндегі міндеттемелерді әділ бөлуді көздейді», делінген хабарламада.

 

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу