logoru
logo

Сейсенбі, 31 Наурыз 2020 - KAZUS.KZ

Елімізде қылмыс 20 пайызға азайды - Тұрғымбаев

KAZUS.KZ. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев елімізде төтенше жағдай жарияланғаннан бері қылмыс саны 20 пайызға азайғанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Министр елімізде карантин режимі күшейгенін жеткізді.

"Азаматтар мен автокөліктердің қозғалысы қатаң тексеріледі. Жаяу және автокөлік патруль саны көбейтілді. Бейнебақылау жүйесі іске қосылды. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және ұрлық, тонау фактілерін болдырмау үшін шаралар қабылданып жатыр. Төтенше жағдай жарияланған кезден бастап елімізде қылмыс саны 20 пайызға азайды", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Осыған дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі астаналықтаға үндеу жасаған болатын.

Сондай-ақ, білім және ғылым министрі оқушылар үшін жазғы демалыс мерзімі қысқармайтынын, интернет ресустарын пайдалану тегін болатынын айтқан.

Соңғы мәлімет бойынша, елімізде қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 336-ға жетті. 22 науқас аурудан жазылды, 2 адам қайтыс болды. 

 
Толығырақ ...

«Барселонаның» экс-қақпашысы коронавирус жұқтырды

  • Бөлім:  Спорт

KAZUS.KZ. «Барселонаның» және Түркия құрамасының экс-қақпашысы Рюштюр Речбер коронавирус жұқтырып, ауыр хәлде жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол туралы футболшының жұбайы хабарлады. Оның отбасында басқа ешкімнен вирус табылмаған. Қазіргі кезде Речбер ауруханада. Отбасы оны әзірге көре алмайды.
Речбер футболдағы мансабында «Анатльяспор», «Фенербахче», «Барселона» және «Бешикташ» футбол клубтарында өнер көрсеткен. Ол спорттағы мансабын 2012 жылы аяқтады.

Толығырақ ...

ТЖ қорғану құралдарына 900 млн теңгеден астам қаржы бөлді

KAZUS.KZ. "ҚТЖ" ҰК" АҚ "БЛАГО" компанияның корпоративтік құндылықтарына сәйкес келетін, қызметкерлер жағдайына мониторинг жүргізуге және денсаулығын қорғауға бағытталған бірқатар іс-шараны атқаруда, деп хабарлайды Baq.kz.

Елімізде – коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді. Қазақстандықтардың көпшілігі үйлерінде отыр. Осы бір қиын күндері жұмыс берушінің қамы – өз қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Құрылымында 120 мыңнан астам қазақстандық еңбек ететін "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ осындай жұмыстарды жүргізуде. Бұл шамамен ел тұрғындарының 1% құрайды.

Ұлттық теміржол компаниясында ЖТ мен магистральдық желі барлық өңірлік бөлімшелерінде әрекет ету жоспарлары мен іс-әрекет апгоритмі бектіліп, COVID-19 пандемиясымен байланысты ТЖ басқару жөніндегі штаб құрылған. Мысалы, коронавирусты көрсететін жағдай анықталған кезде ҚТЖ штабы, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер, әкімдік және қызмет көрсетуші медициналық ұйымдар жедел түрде хабарландырылуы тиіс, - деп түсіндіре кетті "ҚТЖ" ҰК" АҚ бас инженері Батыр Котырев.

 Компания өндірістік персоналы басым бөлігінің өз еңбек міндеттемелерін атқаруы зиянды және қауіпті еңбек жағдайларымен байланысты екендігін атай кету керек. Теміржолшылардың көпшілігі ауысымға түсер немесе рейске шығар алдында ауысымалды/рейсалды медициналық тексеруден өтеді.
Компания қызметкерлер дансаулығының қауіпсіздігі үшін барлық шараны қабылдауда. Медтексерістерді жүргізу жөніндегі қызмет көрсететін медұйымдармен бірлесе ауысымалды медтексеріс қорытындылары бойынша жұмыскерлер денсаулығының жағдайына бақылау күшейтіліп отыр. Өндірістік дәрігерлермен бірге емделу демалысында болған тұлғаларды есепке алу жүргізілуде, - дейді Батыр Котырев.

Медтексеріс қорытындысы бойынша ауысымға жіберілмеген қызметкерлердің жартысы жұмыстан шеттетілді. Оларда – ЖРВИ белгілері және жоғары дене қызуы. Бірақ та күн сайынғы шеттетілгендер саны персонал санының 0,002% ғана құрайды.

Кейбір қызметкер байланысы бар адам ретінде карантинде отыр. Дей тұрғанмен, "ҚТЖ" ҰК" АҚ қызметкерлерінің арасында COVID-19 тесті оң нәтиже көрсеткен бірде бір адам анықталмады, - деп атап көрсетті Батыр Котырев.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ өз қызметкерлерін жеке қорғаныс және гигиена құралдарымен: медициналық маскалар мен қолғаптармен, антисептиктер мен зарарсыздандыру құралдарымен, байланыссыз тепловизорлар мен пирометрлермен қамтамасыз етуде.

Қазақстан темір жолы бас инженерінің сөзіне қарағанда, олардың қажеттіліктері еселеп арттырылды. ҚТЖ бұл мақсаттар үшін 900 млн теңге бөлді. Қазіргі кезде 314 дана медициналық маска сатып алынып, бірінші кезекте жолсеріктерге, билет кассалары мен вокзал қызметкерлеріне таратылды. Бұдан басқа, шамамен 20 мың литр антисептик, 330 мың жұп медициналық қолғап және 12 мың дана зарарсыздандыру құралдары сатып алынды.

Алайда, бұл "теміржолда барлық проблема шешімін тапты" дегенді білдірмейді. ҚТЖ филиалдары мен құралымдары үшін маскалар, қолғаптар, антисептиктер саны әлі де жеткіліксіз... Біз үшін COVID-19 алдын алу мәселелері күн тәртібінде бірінші мәселеге айналды, - деді Батыр Котырев.

Орталық аппарат бойынша қызметкерлердің 98% офистен тыс жерде, яғни қашықтан жұмыс істеуде немесе еңбек демалысына шыққан. Еншілес ұйымдар мен филиалдарға қатысты айтар болсақ, оларда қызметкерлердің 44% офистен тыс жұмыс істеуде. Тағы теміржолшылардың 18% мәжбүрлі жұмыссыз отыр. Сөз негізінен "Жолаушылар тасымалы" АҚ мен "Жүк тасымалы" АҚ қызметкерлері туралы, өйткені ТЖ байланысты көптеген жолаушылар және жүк пойыздары тоқтатылды.

Карантин кезінде – ұжымдық келісім-шартында жазылған сомадан көп, қызметкерлерге жалақысының 50% төлеу шешімі қабылданды.

Біз кей өңірде қатаң карантин режимі енгізілгенін де қаперге алдық. Сондықтан да ауысымдық жұмыстағы қызметкерлердің барлық лауазымдарын үздіксіз өндірістік процеспен қамтамасыз ету үшін қызметтік авто көлікпен жүріп тұруын қамтамасыз еттік, - деп нақтылады Батыр Котырев.

Толығырақ ...

Өлуден қорықпадым: 95 жастағы әжей коронавирусты қалай жеңгенін айтып берді

  • Бөлім:  Әлемде

KAZUS.KZ. Швейцарияның Ле-Локль қаласында тұратын 95 жастағы әжей коронавирусты қалай жеңгенін айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Коронавирусты жеңген 95 жастағы Гертруда Фаттонның 10 немересі мен 11 шөбересі бар. Әжей демалуы қиындағанша үйінде бір апта ауырған. Жағдайы ауырлап кеткен соң оны Ла-Шо-де-Фон қаласындағы ауруханаға жеткізген.

"Дәрігерлер менен қан анализін алып, қан қысымымды өлшеді. Олар менің тамырыма күніне үш рет антибиотиктер салды. Бұл өте ауыр болды. Әйтсе де шыдауға болады. Мен өлуден қорыққан жоқпын", - дейді Гертруда.

Зейнеткер бір апта уақыт бойы интенсивті терапия бөлімінде ем қабылдаған. Оның сөзінше, ол ауруды антибиотиктер мен безгекке қарсы хлорохин препаратының арқасында жеңе алған.

"Дәрігерлер маған хабарласып, оның қанындағы оттек мөлшері азая бастағанын айтты. Оны құтқару үшін дәрігерлердің 24 сағаты ғана болды. Мен анаммен сол түні қоштасамын ба деп қатты қорықтым", - дейді Гертруданың қызы Жаклин.

Жаклиннің айтуынша, осыдан кейін үшінші күні анасының қанындағы оттек деңгейі қалыпқа келген. Тіпті ол анасымен күнінен екі рет телефон арқылы сөйлесіп жүрген. Сол кезде ол анасының жөтелі азайып, ауруды жеңгенін түсінген.

Джонс Хопкинс университетінің соңғы дерегінше, Швейцарияда 14,8 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған. 300 адам көз жұмып, тағы 1,6 мыңы жазылып шыққан.

Ал біздің елімізде вирус жұқтырғандар саны 336 адамға жетті. 22 науқас емделіп шықса, тағы екі адам коронавирустан қайтыс болды. 

Толығырақ ...

Түрікменстанда "коронавирус" сөзіне тыйым салынды

  • Бөлім:  Әлемде

KAZUS.KZ. Түрікменстан билігі "коронавирус" сөзін қолдануға тыйым салды, - деп хабарлайды "Хабар24".

Дереккөз мәліметінше, елдегі барлық ақпарат құралында "коронавирус" сөзін айтуға және жазуға болмайды. Сонымен қатарғ көшеде маска киіп, әлемдегі коронавирус пандемиясы туралы сөйлескен азаматтар тұтқындалуы мүмкін екені айтылады.

Соңғы мәліметтер бойынша, Түрікменстанда коронавирустық инфекцияның бірде-бір жағдайы тіркелмеген.

Толығырақ ...

Туысының жерлеуіне қатысқан бір отбасының 17 мүшесі коронавирус жұқтырып алды

  • Бөлім:  Әлемде

KAZUS.KZ. Ұлыбританияда бір отбасының 17 мүшесі туысының жерлеу рәсімінде коронавирус жұқтырып алған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости сайтына сілтеме жасап. 

Бір отбасы мүшелері COVID-19 асқынуынан қайтыс болған 86 жастағы Шейла Брукстың жерлеу рәсіміне қатысқан. Артынша 65 жастағы әйел адамның ауру жұқтырғаны анықталған. Ол да көп ұзамай көз жұмған.

Кейінірек, осы отбасының тағы 16 мүшесінен ауру белгілері анықталыпты. Бірнеше адамның жағдайы ауыр. Науқастар арасында бүйрек үсті безінің созылмалы жеткіліксіздігімен ауыратын 88 жастағы ер адам мен әйел адам да бар.

Джонс Хопкинс университетінің статистикасына сәйкес, әлемде COVID-19 инфекциясын жұқтырған адам саны 785 мыңнан асқан. 37 мыңнан аса пациент коронавирустық инфекциядан көз жұмған.

Италияда 11 мыңнан астам адам коронавирус құрбанына айналған. Сондай-ақ Испания, Қытай, АҚШ, Франция сынды елдерде адам шығыны көп.

Еске сала кетсек, біздің елімізде коронаврус жұқтырғандар саны 336 адамға жетті. Осы уақытқа дейін 22 адамның аталмыш дерттен айыққаны хабарланды. Сондай-ақ екі отандасымыз COVID-19 коронавирусынан көз жұмды. 

Толығырақ ...

«Тоттенхэм» 550 қызметкерін демалысқа жіберді

  • Бөлім:  Спорт

KAZUS.KZ. «Тоттенхэм» футбол клубы коронавирус пандемиясына байланысты 550 қызметкерін еңбек демалысына жіберді, деп хабарлайды  Prosports.kz.
Бұл туралы команда президенті Дэниэл Леви хабарлады. Оның айтуынша клуб осындай әрекет арқылы адамдардың жұмыс орындарын сақтап қалуға болады. Қызметкерлердің сәуір және мамыр айындағы жалақылары 20 пайызға қысқарады. Бірақ бұл шаралар футболшыларға қатысы жоқ. 
«Тоттенхэм» осындай қадамға барған екінші ағылшындық команда. Бірінші болып «Ньюкасл» осындай қадамға барған болатын.

Толығырақ ...

Уайт: Нурмагомедов — Фергюсон шайқасы 18 күннен кейін Жер шарында өтетіні анық!

  • Бөлім:  Спорт

KAZUS.KZ. UFC президенті Дэйна Уайт UFC 249 турнирі туралы ой бөлісті, оның басты жекпе-жегінде UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен Тони Фергюсон төбелесуі керек, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Менің жауынгерлерім қасымда болған кезде, олар ең жақсы медициналық көмек алады. Мен жұмысшыларыма да, жігіттерге де осыны айттым. Егер олардың бірі немесе жақындары ауырып, менің көмегімді қажет етсе, мен осындамын. Мен оларға қамқорлық жасау үшін барлығын жасаймын. Ал UFC 249 жекпе-жегі өтеді.

Журналистердің көбісі сирек кездесетін ақымақтар. Мен олардың әрқайсысына ары жүруді ескертемін. Мен не істеп жатқанымды ешкімге айтпаймын. Бірақ шайқас 18 сәуір күні Жер шарында өтетіні анық. Өзім хабардар етемін», - деді Дэна Уайт.

Толығырақ ...

Қызылордада коронавирус жұқтырған 8 кісі - бір үйдің адамдары Б

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Қызылордада коронавирус жұқтырған 8 кісінің бір үйдің адамдары екені анықталып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі таңда Қызылорда облысында коронавирус инфекциясының 18 жағдайы тіркелді. Бүгінгі күні қосымша тіркелген фактілер Жаңақорған ауданынан болып отыр. Барлығы да - алдында тіркелген науқаспен қарым-қатынаста болып, оқшауланып, карантинде болған азаматтар. Осы азаматтардан сынама алынған еді», - деді ол. Басқарма басшысының айтуынша, коронавирус жұқтырған 8 азамат – бір отбасының мүшелері. «Олар - 6-45 жас аралығындағы адамдар. Соның ішінде үшеуі - 14 жасқа дейінгі балалар», - деді ол.



 

Толығырақ ...

Күн жылынуына байланысты 6 облыста өзендердегі мұз еріп, су деңгейі көтеріледі

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Күн жылынуына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ауа температурасы жоғарылап, жауын-шашын жауады деп болжануына байланысты 1-4 сәуір аралығында Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында қар тез ери бастайды. Осыған байланысты өзен бетіндегі мұз еріп, су деңгейі көтерілуі мүмкін» делінген хабарламада.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу