logoru
logo

Дүйсенбі, 30 Наурыз 2020 - KAZUS.KZ

Шымкентте төтенше жағдай режимін бұзған 300-ге жуық кәсіпкерге айыппұл салынды

KAZUS.KZ. Шымкент қаласында төтенше жағдай режимін бұзғаны және санитарлық талаптарды орындамағаны үшін кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікк е тартылуда. Қаладағы сауда және қызмет көрсету нысандарына 287 әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық төтенше жағдай жөніндегі штаб мәліметінше, соңғы 5 күннің өзінде Абай ауданында – 144, Еңбекші ауданында – 58, Қаратау ауданында – 50 және әл-Фараби ауданында 35 кәсіпкерлік нысан жауапқа тартылған. Оның ішінде сауда орталықтары, азық-түлік дүкендері, дәмханалар, әсемдік салондары, ломбардтар мен автокөлікке техникалық қызмет көрсету орталықтары бар.

Айта кетейік, төтенше жағдай кезінде сауда және қызмет көрсету нысандарының жұмыс уақыты шектелген. Бұл орындардың кіре берісінде қолды антисептикалық өңдейтін құралдар қойылып, келушілердің дене қызуы контактісіз пирометрмен өлшенуі талап етіледі.

Сондай-ақ, қызмет көрсетушілер мен келушілер медициналық бетперде тағып жүруге міндетті. Осы талаптарды орындамаған кәсіпкерлер алдағы уақытта да жауапқа тартылады.

Аталған штабтың мүшесі Бұхарбай Пармановтың сөзінше, бүгінгі таңда мегаполистегі Абай ауданы аумағында 12 ірі сауда орталығы мен әуежай, «Самал» және «Бекжан» сияқты ірі базарлардың, мал базары мен автокөлік базарының, 59 тойхана мен 31 моншаның жұмысы уақытша тоқтатылған.

Қалада сондай-ақ, бақылау шаралары күшейтілген.

 

Толығырақ ...

Атырауда коронавирус жұқтырған 12 адамның жағдайы туралы айтылды

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Қазіргі кезде науқастар өзін жақсы сезінеді, көп жағдайда ауру симптомсыз жүруде, деп хабарлайды zakon.kz Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, Атыраудағы коронавирус инфекциясы бар он екі науқастың жағдайы қалыпты.

Науқастардың көпшілігінде ауру асимптоматикалық жағдайда өтуде, ал, екі емделушіде құрғақ жөтел бар. Олардың барлығы тиісті күтіммен және емдік шаралармен қамтамасыз етілген.

Естеріңізге сала кетейік, 30 наурыз күні Атырауда коронавирустық инфекцияның тағы алты жағдайы анықталған болатын. Науқастар оқшауланып, арнайы медициналық мекемеге орналастырылды.

Толығырақ ...

Нұр-Сұлтанда жұмыссыз қалған азаматтарға төлем беру басталды

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Елордада жұмыссыз қалған азаматтарға төлем беру басталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын қолдау мақсатында қалалық еріктілер партияның волонтерлерімен бірлесіп, «Birgemiz» акциясының аясында 5 мыңнан астам отбасыға тиісті әлеуметтік көмек көрсетуі жалғасуда. Соның ішінде 3,5 мың отбасыға, атап айтқанда жалғыз тұратын зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының өкілдеріне атаулы көмек көрсетілуде«,- деді Бақтияр Мәкен.

Қала әкімінің айтуынша, мұнан бөлек, 25 наурыздан бері елорда волонтерлері медициналық қызметкерлермен бірлесіп, диспансерлік есепте тұрған егде жастағы азаматтардың үйлеріне дәрі-дәрмектерді жеткізуде. Карантин кезеңінде «Қазпоштаның» қызметкерлері еріктілермен бірлесіп, зейнетақыны ақшалай алатын азаматтарға оны үйлеріне жеткізіп береді.

«Мемлекет басшысы жұмыссыздықты шешу мақсатында тиісті мәселелерге тоқталып, тапсырма берген болатын. Соған байланысты қаламызда тиісті жұмыстар басталып кетті. Жұмыссыз қалған азаматтарға бүгіннен бастап жұмыс орталықтар арқылы онлайн негізде төлем беру басталады. 300 өтініш түскен болатын. Солардың бәрі бүгіннен бастап алады. Оның көлемі 42 500 теңге көлемінде бекітілген. Мемлекет дегеніміз сіз бен біз. Біз бір бірімізді қиын-қыстау кезеңде ешқашан ұмыт қалдырмаймыз. Әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен мұқтаж азаматтарға азық-түлік, дәрі-дәрмек уақтылы жеткізіліп жатыр. Бұл – ауыртпалық кезеңі. Бір-бірімізді сынайтын емес, бірлігіміз сыналатын кез. Сондықтан, тәртіп сақтап, күндіз-түні ұйқы көрмей ауырған азаматтарды емдеп жүрген медицина қызметкерлеріне үйде отырып көмектесейік», - деді елорда әкімінің орынбасары.

Толығырақ ...

ШЫМКЕНТ: Қайсы ХКО-дан дайын құжаттарды алуға болады

  • Бөлім:  Қоғам

30 наурыздан бастап әр қалада бір-бір ХҚО дайын құжаттарды беру үшін бірыңғай терезе ретінде жұмыс істейді, деп хабарлайды KAZUS.KZ

Мұнда қазақстандықтар онлайн түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижесін ала алады. eGov порталында қызмет нәтижесі қағаз түрінде берілетін 23 түрлі мемлекеттік қызмет бар. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз хатшысы Алтынай Татаева хабарлады.

Мамандандырылған ХҚО-да да дайын құжаттарды беру терезелері ғана жұмыс істейді, онда автокөлігін қайта тіркеуге қойған немесе жүргізуші куәлігін онлайн ауыстырғандар дайын құжаттары мен мемлекеттік тіркеу нөмірін ала алады.

«Дайын құжаттарды беру терезелерінің жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма 9.00-ден 17.00-ге дейін. Сенбі – сағат 9.00-14.00 аралығы. Шымкент қаласы бойынша, Мәделі Қожа көшесі 1Г, мекенжайында орналасқан №1 ХҚО-нан дайын құжаттарды алуға болады. Ал, автокөлік иелері дайын құжат бойынша Достық м.а. орналасқан мамандандырылған ХҚО-на жүгіне алады", - деп түсіндірді Алтынай Татаева.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тоқтатылды. Азаматтар қызметтерді тек электронды форматта алады.

Толығырақ ...

ШЫМКЕНТ: Карантиндегі тұрғындарға қандай көмек көрсетіліп жатыр

  • Бөлім:  Қоғам

Шымкент қаласындағы карантинге жабылған Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабында әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетілуде, деп хабаралайды KAZUS.KZ

«Nur Otan» партиясы ұйымдастырған «Біз біргеміз!» республикалық акциясының аясында 107 (616 адам) жағдайы төмен отбасыға азық-түлік себеттері тегін таратылды.

Бұл туралы Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов ақпараттық коммуникациялар орталығында өткен брифинг барысында мәлімдеді.

Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабы короновирус инфекциясына байланысты 14 күнге карантинге жабылғаны белгілі. Біз осы қиын кезеңде әлеуметтік тұрғыда әлжуаз отбасыларға барынша қолдау көрсетіп жатырмыз. Елбасы тарсырмасымен ұйымдастырылған «Біз біргеміз!» республикалық акциясының аясында 107 (616 адам) жағдайы төмен отбасыға азық-түлік себеттері тегін таратылды. Сонымен қатар 716 отбасыға 40-50 пайыз жеңілдікпен картоп, пияз, сәбіз, май, ұн ұсынылды,-  деді Бұқарбай Рысқұлұлы.

Б.Парманов тұрғын алабына арзандатылған бағамен бірінші сұрыпты ұн жеткізілгенін, қазір нан бағасы тұрақты екенін айтты. Нан Жаңаталап тұрғын алабындағы (500 метр қашықтағы) наубайханада жабылып, жеткізілуде. Тұрғындарға 75 теңгеден сатылып жатыр. LTD Тұрмыс ұйымы елді мекенге күніне 2 мезгіл таза ауыз су жеткізіп беруде.
Аудан әкімінің айтуынша, елді мекендегі барлық тұрғындар қауіпсіздік талаптарын мұқият орындап, үй карантинінде отыр. Барлық 2 856 тұрғынға тұрақты түрде тегін медициналық бетперде таратылуда.

Айта кетейік, Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабында 132 аз қамтамасыз етілген, 96 көп балалы отбасы өмір сүреді.

Толығырақ ...

Коронавирус қарттардан басқа тағы кімдерге қауіпті екені айтылды

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Коронавирус қарттардан басқа қант диабеті, семіздік және өкпе ауруларына шалдыққандарға қауіпті. Бұл туралы Ресейдің денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко айтты, - деп хабарлайды tengrinews.kz РИА Новости сайтына сілтеме жасап. 

Сондай-ақ, министрдің вируспен күресу мақсатында ішімдік ішпеуге кеңес береді. 

"Алкоголь мен темекі коронавирусты жояды деген қауесеттер тарап жатыр. Бұл cандырақ. Ең дұрысы - дұрыс тамақтану. Сондай-ақ, желдетілген бөлмеде физикалық жаттығулар жасаған пайдалы. Қазіргі уақытта иммунитетті көтеруге арналғанның барлығы пайдалы", - дейді ресейлік министр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлем бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны 634 мың адамға жетіп, 30 мыңға жуық адам қайтыс болған.

Мұның алдында қытайлық дәрігерлер коронавирустың күн сайынғы белгілері қандай болатынын айтып берген еді.

Толығырақ ...

Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырғандардың саны 293 жетті

  • Бөлім:  Қоғам

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 9 адам тiркелді, Алматы қаласында - 3 адам, Қызылорда облысында - 3 адам, Ақмола облысында - 3 адам, деп хабарлайды KAZUS.KZ.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 167 адам, Алматы қаласында – 73 адам, Қарағанды облысында - 7, Ақмола облысында - 9 адам, Атырау облысы - 12 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 6 адам, Ақтөбе облысында - 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 5 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, жалпы 293 науқас тіркелді.

Толығырақ ...

Түркістандық кәсіпкер ет өнімдерін елге тегін таратты

  • Бөлім:  Қоғам

Түркістан облысында «Nur Otan» партиясының бастамасымен өтіп жатқан «Біз біргеміз!» акциясы аясында жергілікті кәсіпкер көмекке мұқтаж азаматтарға қолдау көрсетті, деп хабарлайды KAZUS.KZ

Коронавирус індетіне қарсы күресті күшейту, көмекке мұқтаж тұрғындарды қолдау мақсатында қолға алынған акцияға жанашыр азаматтар атсалысуда. Түркістан облысының кәсіпкері, «Ордабасы құс» ЖШС-нің директоры, бастауыш партия ұйымының төрағасы Мұрат Тағаев та айрықша үлес қосып, 2800 келі күркетауық еті өнімімен демеушілік көрсетті. 

«Мемлекет тарапынан қауіпті індетті таратпау, тұрғындардың әл-ауқатын көтеру үшін ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Дегенмен мұндай кезеңде әрбір азамат қолдан келгенше елге көмектесуі керек деп есептеймін. Біз бұл қиындықты бірлік пен тәртіп арқылы жеңеміз», – дейді Мұрат Тағаев.

Іскер азамат күркетауық етінен әзірленген шұжық және өзге де өнімдерді партиялық жобалар аясында әлеуметтік аз қамтылған тұрғындарға тарату үшін «Біз біргеміз!» акциясының үйлестірушілеріне ұсынды. Жалпы өнімнің құны 2 млн. теңгені құрайды. Партия өкілдері мен волонтерлар, «жасотандықтар» бұл етті аудан, қалаларда тізімдегі отбасыларға апарып бермек.

Ордабасы ауданы, Бадам ауылында орналасқан «Ордабасы құс» ЖШС бүгінде Қазақстанның бірнеше өңірін күркетауық етімен қамтып отыр. Өнім көлемі де ұлғайып келеді. Осы кәсіпорынды басқаратын Мұрат Тағаев бұған дейін де қайырымдылық акцияларына үлес қосып, демеушілігімен танылған. Меценат азамат, «Nur Otan» партиясының мүшесі Мұрат Тағаевқа жұртшылықтың алғысы мол.

Толығырақ ...

30 наурыздағы коронавирус бойынша әлемдегі жағдай: 33 984 адам көз жұмды

  • Бөлім:  Әлемде

KAZUS.KZ. 30 наурызда коронавирус жұқтырған адамдардың жалпы саны 722 289 адамға жетті. Ауруды жұқтырғандар саны бойынша АҚШ - бірінші орында, екінші орында - Италия, одан кейін Қытай - деп хабарлайды zakon.kz.

Ауруды жұқтырған және емделген адамдар туралы ақпарат жаңартылып отыратынArcgis.com мәліметтеріне сүйенсек, АҚШ-та коронавирустың 142 356, Италияда - 97 689, Қытайда - 82 149 фактісі тіркелген.

Вирус жұқтырғандар бойынша одан кейінгі орындарда Испания (80 110), Германия (62 435), Франция (40 723), Иран (38 309), Ұлыбритания (19 784), Швейцария (14 829) және Нидерланды (10 930) елдері тұр.

ТМД елдерінің ішінде бұл тізімге Қазақстаннан басқа Украина (475), Армения (424), Әзірбайжан (209), Өзбекстан (144), Беларусь (94), Қырғызстан (84) да енген.

Барлығы 33 984 адам вирустан көз жұмды, 151 901 адам емделді.

Қазақстанда 30 наурызда сағат 00.20-ға дейінгі уақыт бойынша 284 коронавирус инфекциясы тіркелді.

Толығырақ ...

Бүгін Қазақстанның 6 қаласы карантинге жабылды

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. 30 наурыз сағат 00:00-ден бастап Қазақстанның алты бірдей қаласы карантинге жабылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Олар: Атырау, Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Сарань және Абай.

Аталған қалалардың тұрғындары енді тек азық-түлік пен дәрі алуға немесе банк қызметін пайдалануға және жұмысқа бару үшін ғана үйден шыға алады. Қалған уақытта тұрғын үйді тастап шығуларына тыйым салынады. Ал, Қарағанды облысында 65 жастан асқан тұрғындарға мүлдем далаға шықпауға кеңес берілді.

Карантинге жабылған қалаларда 30 наурыздан бастап қоғамдық орындардың барлығы, мекемелер мен ұйымдар, сондай-ақ, балабақшалар да уақытша жұмысын тоқтатады. Мейрамханаларға ас-ауқатты тек үйге жеткізіп берумен айналысуға рұқсат берілген.

Айта кетейік, Қарағандыда коронавирус жұқтырған 7 адам тіркелді. Қалаға жақын орналасқан Сарань, Шахтинск, Абай, Теміртау қалалары тұрғындарының 20% облыс орталығына келіп жұмыс істегендіктен, ол елдімекендер де карантинге жабылып отыр.

Ал, Ақтауда 30 наурыздан бастап тұрғындар кешкі 19:00-ден таңғы 08:00-ге дейін қоғамдық орындарға бармайды.

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан мен Алматыда да карантин енгізілді. 30 наурыздан 5 сәуірге дейін екі қаланың да барлық мекемесі мен ұйымы жұмысын тоқтатты.

Қазақстанда коронавирус жұқтырған 284 адам тіркелді. Олардың 20-сы ауруынан жазылса, біреуі қайтыс болған.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу