logoru
logo

Жұма, 27 Наурыз 2020 - KAZUS.KZ

Қазақстанда коронавирустан үшінші адам жазылып шықты

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Бүгін, 27 наурызда Алматыда қалалық жұқпалы аурулар ауруханасынан COVID-19 расталған екінші пациент жазылып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл пациент, Алматыға 13 наурызға қараған түні Берлин-Минск-Алматы чартерлік рейсімен келген ер адам. Ол вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды. Ауру жеңіл түрде өтті. Емдеу кезеңінде асқынулар болған жоқ. Қазір ол емхананың медициналық қызметкерлерінің қадағалауында болатын 14 күндік үй карантиніне шығарылды.

Еске салсақ, Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, экипажды қоса алғанда, борттағы барлық 12 адам жұқпалы аурулар стационарына карантинге жатқызылып, оқшауландырылған.

Ертең, бақылау талдауы расталғаннан кейін тағы бір пациентті шығару жоспарлануда. Ол қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатқан 12 жасар қыз.

25 наурызда Алматыда коронавирустан екі адамның жазылғаны хабарланған болатын.

"Екі емделуші коронавирустан жазылды. Қазір олар соңғы анализдерін тапсырып жатыр. Ертең ауруханадан шығады", - деген еді ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.

Толығырақ ...

Ресей президенті әкімшілігінде коронавирусқа шалдығу дерегі тіркелді

Ресей президенті әкімшілігінде коронавирус жұқтыру оқиғасы анықталды. Владимир Путин науқаспен байланысқа түспеген. Вирустың ары қарай таралуына жол бермеу үшін барлық қажетті санитарлық-эпидемиологиялық шаралар қабылдануда. Бұл туралы Ресей басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді деп хабарлайды KAZUS.KZ  Риа Новостиге сілтеме жасап.

Журналистер Песковтан аталған ақпараттың қаншалықты рас екенін сұраған болатын.

"Расымен де президент әкімшілігінде коронавирус оқиғалары анықталды. Бұл шындық, енді вирустың ары қарай таралуына жол бермеу үшін барлық қажетті санитарлық-эпидемиологиялық шаралар қабылдануда. Президент инфекцияға шалдыққан адаммен байланысқа түспеген", – деп мәлімдеді Ресей президентінің баспасөз хатшысы.

Сондай-ақ Песков президентпен өтетін барлық іс-шаралардың қатысушылары алдын ала коронавирусқа тест тапсыратынын атап өтті. Айтуынша, вирустың анықталуы бұндай сақтық шараларының маңыздылығын тағы бір дәлелдеп берді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ресейде Димаш Құдайберген мен Иманғали Тасмағамбетовтың коронавирус жұқтырған Лев Лещенкомен бір кеште болғанын хабарлағанбыз.

Толығырақ ...

Атырау облысында үй карантинінде 140 адам жатыр

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Атырау облысында фармацевтикалық орталықтар қарқынды жұмыс жасауда, қазіргі таңда 140 адам үй жағдайында оқшауланған, деп хабарлайды Baq.kz.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасыың мәліметінше,  бүгінгі таңда облыста екі фармацевтикалық орталық бар.  

Біреуі – Атырау қаласында, екіншісі – Махамбет ауданында орналасқан, орталықтардағы  орындар саны - 200. Аталмыш орталық -  коронавирустық инфекцияны диагностикалауға, кейіннен расталған коронавирустық инфекцияны тіркеуге алып, емдеуге бағытталған.

Сонымен қатар, облыстық денсаулық сақтау басқармасы Атырау облысының үш тұрғыны коронавирус жұқтырғанын, олардың қазіргі уақытта облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатқанын хабарлады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының айтуынша, бүгінде Атырауда жеті карантин орталығы бар, олардағы орындардың жалпы саны - 1910.

Қазіргі таңда үй карантинінде 140 адам бар. Күн сайын дәрігерлер қоңырау шалып, жағдайларын сұрауда. 

Айта кетейік, төтенше жағдай жарияланғаннан бері штаб Атырауда төтенше жағдайды алдын алу бойынша штаб жұмыс жасауда. Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов басқарады. Штаб құрамына тағы 34 адам кірді, олар әртүрлі басқарма  мен департаменттердің басшылары. Штаб тәулік бойы жұмыс істейді. 

Толығырақ ...

Коронавирустан қорғайтын білезік жасалды

KAZUS.KZ. АҚШ-та адамның қолы бетіне тисе дірілдейтін білезік жасалды. Осылайша, құрылғы иесін коронавирус жұқтырудан қорғайды, - деп хабарлайды TechCrunch.

Білезікте қол қозғалысын секундына 10 рет өлшейтін акселерометр орнатылған. Бұл электрон құрылғының көлбеу бұрышын анықтайтын датчиг. Бүгінде ол кез келген смартфон мен фитнес білезікте бар.

 Гаджеттің мақсаты тек қолды бетке тигізбеу емес, бұл әдеттен арылуға көмектесу. Адам дірілді сезгенде, ми кері байланыстың теріс екенін түсінеді, осылайша қолды мұрынға немесе көзге апаруға ниетті елемеуге үйретеді.

"Біз мұнымен ақша табуға тырыспаймыз. Біз әрбір білезікті материал, дайындау, жинау және өңдеу бағасын ескере отырып, өзіндік құнына сатамыз", - дейді жобаның тең құрылтайшысы Джастин Айт.

Immutouch білезіктері 50 доллар (22 мың теңге) тұрады.

Еске салайық, сарапшылар коронавирусты жұқтырмау үшін жиі қолды жуып, бетті ұстамауға кеңес береді. Worldometers мәліметтері бойынша, әлемде 540 мыңнан астам вирус жұқтырғандар тіркелген. 24 мыңнан астам адам көз жұмды, 125 мыңнан астам адам сауығып кетті. Қазақстанда 125 оқиға тіркелді, екі адам сауығып шықты, бір адам қайтыс болды.

Толығырақ ...

Министр кімдерге үш ай кредит төлемеуге болатынын айтты

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев кімдерге үш ай кредит төлемеуге болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Министрдің айтуынша, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі екінші деңгейлі банктер мен мироқаржы ұйымдармен біріге отырып, халыққа көмек көрсету үшін шаралар қабылдады.

"Борышкерлерге 16 наурыздан 15 маусымға дейін төлем жасамауына болды. Мысалы, карантинге байланысты жұмысынын айырылғандар, ақысыз еңбек демалысына шыққандар немесе жалақысы тоқтатылып не болмаса төмендеген жағдайларда", - деді Абаев "Хабар 24" эфирінде.

Оның айтуынша, мұның барлығы елде төтенше жағдай режимі енгізілуіне байланысты жасалып отыр.

Сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмек алатындардың, ресми түрде жұмыссыздардың тізімінде тұрғандар мен әлеуметтік әлсіз топтардағы адамдардың қосымша құжаттарсыз-ақ төлемді кейінге шегере алатыны айтылады. 

Толығырақ ...

Нұр-Сұлтан мен Алматыда себепсіз үйінен шыққандарға айыппұл салынады

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев "Хабар 24" телеарнасындағы онлайн-брифингте Нұр-Сұлтан мен Алматыда жаңа шектеу ережелерін бұзғандар қалай жазаланатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қоғамдық көлік жұмысы бойынша қазір әкімдіктер пысықтап жатыр. Жағдайға қарай, қоғамдық көлікке қосымша жүктеме түсіп, қозғалыс шектелуі мүмкін. ", - деді Абаев тікелей эфирде.

 Қала тұрғындарына үй жануарларымен аулада серуендей алады.

"Азаматтар басқа себептермен шыққан болса, онда алдымен, ескерту, одан кейін 26,5 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынуы немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін. Полиция қызметкерлері хаттама толтырып, істі сот қарайды", - деді министр.

Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде билік өкілінің заңды талабына бағынбағаны үшін қылмыстық жауап көзделгені айтылды. 

Министр бүгін түнгі 00-ден бастап көшеде жүруге тыйым салынғанын атап өтті. Ал жұмысқа шыққаныңды растау үшін тікелей басшының не кадр бөлімі қызметкерлерінің телефон нөмірі болғаны жөн.

Толығырақ ...

Ит-мысықты үй маңына ғана серуендеуге алып шығуға рұқсат етіледі

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Үй жануарын тұрғылықты жері маңында ғана серуендеуге алып шығуға рұқсат етіледі. Бұл туралы брифингте ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қалалық саябақтар мен алаңдар күзетілетін болады. Азаматтар үй жануарын үйіне жақын маңда ғана серуендеуге алып шығуға құқылы. Егер азаматтар басқа себептермен далаға шықса, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады, - деді Абаев.

Толығырақ ...

Қырғызстанда коронавирус жұқтырғандар саны 58-ге жетті

KAZUS.KZ. Қырғызстанда коронавирус жұқтырғандар саны 58 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат КАБАР-ға сілтеме жасап.

Үкімет үйінде өткен брифингте қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айнура Акматованың мәліметінше, 27 наурыз сағат 14:00-дегі жағдай бойынша 14 адам коронавирус жұқтырған. Джалал-Абад пен Ошта 7 адамнан. Барлығы Джалал-Абад облысында – 27, Ош – 26, Бішкек – 4, Баткен облысында – 1.



Толығырақ ...

Өзбекстан ДСМ: Коронавирус жұқтырғаны расталған науқас инфарктен қайтыс болды

KAZUS.KZ. Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырғаны расталған науқас инфарктен қайтыс болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӨзА агенттігіне сілтеме жасап.

«Биыл 26 наурызда созылмалы ауруларымен диспансердің бақылауында болған Наманган қаласының 72 жастағы тұрғыны Р. облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына коронавирустық инфекция диагнозымен жатқызылды. Сол күні шамамен 23:00 шамасында, арнайы зертханалық зерттеулер нәтижесінде инфекция жұқтырғаны расталған», - делінген хабарламада.

Науқасқа вирус 12 наурызда түркиялық М. есімді қыздан жұққан, оған да осы ауру диагнозы қойылып, карантинге жатқызылған. Науқас көптеген жылдар бойы диабетпен, созылмалы жедел жүрек жеткіліксіздігімен және басқа да аурулардан зардап шеккен. Ол бүгін таңертең сағат 4.30-да өткір миокард инфарктісінен қайтыс болды.




Толығырақ ...

«Карантиндегі жұлдыз» жобасы өнер адамдары халықпен бірге екендігін дәлелдеді - Жеңіс Сейдуллаұлы

KAZUS.KZ. «Карантиндегі жұлдыз» жобасы өнер адамдары әрдайым халықпен бірге екендігін дәлелдей түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

COVID19» пандемиясына байланысты карантин тәртібі, соның салдарынан пайда болған кейбір қиындықтар мен уақытша дағдарыс ел ішінде бірқатар алаңдаушылық туғызды. Бірақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, әрбір дағдарыстың екі жағы бар. Біріншіден, бұл – қауіп, екіншіден, бұл – мүмкіндік. Біз үшін карантин өнер саласын жаңаша дамытуға үлес қосатын жаңа мүмкіндіктер кезеңіне айналды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты барлық өнер ұжымдары онлайн кеңістікті қарқынды игеріп, көрермен қауымға жақын бола түсті», - деді ол.

Ұйым басшысының атап өтуінше, 23 наурыздан бастап ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен Қазақконцерт пен Қазақтелеком ұйымдары бірлесіп, Live форматындағы «Карантиндегі жұлдыз» атты жаңа жобаны бастады. Онлайн өмірге және әлеуметтік желілерге бет бұрған халықтың бос уақыты пайдалы, тиімді әрі позитивті өтуіне бұл жоба зор үлес қосуда. Байланыс саласының көшбасшысы «Қазақтелеком» АҚ-ның зор мүмкіндіктері арқылы «Карантиндегі жұлдыз» жобасы барша халыққа және еліміздің шалғай жатқан өңірлеріне қолжетімді бола алды.

«Қазіргі уақытта жобамызды тек қазақстандық көрермен ғана емес, шетелдіктер де тамашалайтынын байқауға болады», - деді Жеңіс Сейдуллаұлы.

Оның айтуынша, жоба аясында танымал қазақстандық өнер жұлдыздары мен Қазақконцерттің әртістері жанды дауыста және онлайн форматта өнер көрсетеді. Өнерсүйер қауымға әртүрлі бағыттағы – фольклорлық, эстрадалық, классикалық және ұлт аспаптық орындауда концерттер ұсынылмақ. Жобаның басты артықшылығы – көрермен қауым үйден шықпай, сүйікті әншілерінің өнерін үйдегі жайлы атмосферада тамашалай алады. Бұған қоса, концерт барысында тыңдармандар өнер жұлдыздарымен тікелей сұхбаттасып, ой-пікірлерін білдіре алады. Концерттер Қазақтелекомның Kazakhtelecomkz YouTube арнасы арқылы тегін көрсетіледі.

Осы күндері Роза Рымбаева, Жеңіс Сейдуллаұлы, Жұбаныш Жексенұлы, Ғаділбек Жаңай сынды белгілі әншілер өздерінің онлайн концерттерін беріп үлгерді. Концерттер көрерменнің ықыласына бөленуде. Тіпті 26 наурыз күні өткен Роза Рымбаеваның онлайн концертін Мемлекет басшысы да жоғары бағалап, концертті халықтың рухын көтеретін нағыз өнер туындысы деп бағалады. Алдағы уақытта Сәкен Майғазиев, Медеу Арынбаев, Құрмаш Махан, Мөлдір Әуелбекова, Нұржан Керменбаев және басқа артистердің концерттері өтеді.

«Карантиндегі жұлдыз» жобасы өнер адамдары әрдайым халықпен бірге екендігін, қиын кезеңде бір-бірімізге қашықтан да қолдау көрсете алатындығымызды дәлелдей түсті. Жалпы алғанда, әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, Қазақконцерт өзге де тың жобаларды қолға алды. Олардың қатарында: «Бір әннің тарихы», «Музыкалық аспапта ойнау» инста-үйірмесі, үздік концерттердің бейнежазбаларын көрсету және басқалары бар. Менің ойымша, осындай онлайн жобалар қазіргі кезде аса өзекті. Бұл жобалар бізге тек уақытты пайдалы өткізу ғана емес, ең бастысы – халыққа рухани азық беру, демеу болу және өнерімізді насихаттау үшін қажет. Мәдениет пен өнер – бұл қашан да халықтың рухани діңгегі, сарқылмас қазынасы екенін ұмытпаған жөн», - деді Жеңіс Сейдуллаұлы.






Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу