logoru
logo

Бейсенбі, 26 Наурыз 2020 - KAZUS.KZ

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында карантиндік шектеу шаралары күшейтілді

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысы өтті, деп хабарлайды KAZUS.KZ Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов, шектеу шараларын бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату туралы әділет министрі М. Бекетаев пен бас прокурор Ғ. Нұрдәулетов, республикалық маңызы бар қалалардағы ахуал туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов, Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаев, Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов, азық-түлік қауіпсіздігі және әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына бағаны белгілеу туралы сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов, ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров және мемлекеттік органдардың басқа да басшылары баяндады. 

Мемлекеттік комиссия биылғы 28 наурыз күнгі сағат 00.00-ден бастап келесі шараларды қабылдау арқылы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимін күшейту туралы шешімді  бекітті:

1. Азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алуды және жұмысқа баруды қоспағанда, азаматтардың тұрғын үйден шығуын шектеу;

2. Халық көп жиналатын орындарды жабу (саябақтар, скверлер, жаяу жүретін көшелер, жағалаулар, ойын алаңдары және т. б.);

3. Қоғамдық көлік жұмысын кезең-кезеңмен шектеу;

4. Көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда үш адамнан артық топтасып жиналуға тыйым салу (отбасы мүшелерінен басқа); 

5. Кәмелеттік жасқа толмағандардың үлкендерсіз сыртта жүруіне тыйым салу. 

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында Шымкент қаласындағы Абай ауданында «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын үй алабында үйді-үйді аралауды ұйымдастырумен 14 күнге созылатын карантин енгізіледі. 

Шымкент қаласында сонымен қатар әуежайдың, теміржол вокзалы және автовокзалдың, балабақшалардың жұмысы тоқтатылады. Халық көп жиналатын жерлер жабылады (саябақтар, скверлер, жаяу жүргінші көшелері, ойын алаңдары т. б.). Қоғамдық тамақтандыру орындарының жұмысы сағат 18.00-ге дейін шектеледі (сағат 18.00-ден сағат 22.00-ге дейін үйге жеткізумен). Қоғамдық көлік қозғалысы кезең-кезеңмен шектеледі. Азық-түлік дүкендерінің, сауда орталықтары мен киім-кешек базарларының, қызмет көрсететін нысандардың жұмыс режимін шектеу Шымкент қаласының әкімінің шешімі бойынша жүзеге асырылады. 

Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрлігіне Әділет министрлігімен бірлесіп шектеу шараларын енгізу бойынша тиісті актіні қабылдауды тапсырды. 

Отырысқа қатысушылар сонымен қатар тұрғындарды әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету және олардың бағасын тұрақтандыру, көктемгі каникулдан кейін мектеп оқушыларының қашықтан оқуын ұйымдастыру (биыл 6 сәуірден бастап), сондай-ақ шетелде қалған, отанға оралуға ниетті ҚР азаматтарына қолдау көрсету мәселелерін қарастырды. 

Толығырақ ...

Коронавирустан жазылған екі адам үйлеріне жіберілді – Дәурен Абаев

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлім етті. Министр брифинг барысында қауіпті індеттен айығып шыққандар туралы ақпарат іздеп, олардың аты-жөнін анықтауға тырысқан БАҚ өкілдерін түсіністік танытуға шақырды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Дәрігерлік құпияны сақтауды еске саламыз. Ешкім коронавируспен ауырған адам ретінде аты шыққанын қаламайды. Өздеріңізді сол адамның орнына қойып көріңіздер. Олар – өз азаматтарымыз. Егер ол азаматтар туралы бір ақпарат тауып жатсаңыздар, олардың рұқсатынсыз ешкімге бермеуді сұраймыз», - деді Дәурен Абаев.

Министр алдағы уақытта дәрігерлердің коронавируспен ауырған науқастарды қалай емдейтіні туралы сұхбат ұйымдастырылатынын айтты.

Бұдан бөлек, Дәурен Абаев елдегі заңдылық пен тәртіп сақтауды қамтамасыз етуге қатысты прокуратура, полиция және Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдерінен құрылған мобильді топтардың жұмыс қорытындысын жариялады. Нәтижесінде, Нұр-Сұлтан және Ақтөбе облысында медициналық маска мен антисептикті заңсыз сатқан 40 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, 4 млн маска мен 13 мың литр антисептик тәркіленді.

«Төтенше жағдай басталғалы ҚР Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша 15 тергеу амалы басталды. Мұндай деректер Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында анықталған», - деді министр.

Соңғы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырғандардың саны 109 адамға жетті.

Толығырақ ...

Төтенше жағдай кезінде ХҚКО қалай жұмыс істейді?

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. ат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев төтенше жағдай кезінде халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыс режимі жайлы айтты, деп хабарлайды Sputnik.

Министрдің айтуынша, мемлекеттік қызметтің 80%-ін электронды үкімет порталы арқылы алуға болады.

"Президенттің тапсырмасымен Қазақстанның барлық қаласында халыққа қызмет көрсету орталықтары жабылды. Алайда мемлекеттік қызметтің 80%-тен астамын egov.kz порталынан алуға болады. Сондай-ақ, бірқатар қызмет мобильді қосымша, Telegram мен әлеуметтік желіде қолжетімді. Жақын арада онлайн қызметтер саны артады", - деді Абаев.

Сонымен қатар 1414 байланыс орталығы жұмыс істеп тұр. Сол арқылы бір уақытта мыңнан аса адам кеңес ала алады. Кеңес беру видеобайланыс арқылы да жүргізіледі.

"21 наурыз құжат тапсырған азаматтар құжаттарын 28 наурызға дейін ала алады. Әр қалада бір орталық анықталып, құжаттар сол жерден беріледі. Арнайы орталықтар да өз қызметтерін онлайн режимде атқарады. Құжаттар қолма-қол беріледі", - деді министр.

Айта кетейік, қажетті анықтамаларды eGov Mobile мобильді қосымшасы мен Telegram-дағы egovkzbot2.0 боты арқылы да алуға болады.







Толығырақ ...

Көкшетауда жасанды тыныс алдыратын аппарат шығарылуда

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Көкшетаудағы «Тыныс» АҚ зауыты жасанды тыныс алдыратын аппарат шығаруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорын басшылығының мәліметінше, қазіргі кезде зауыт алғашқы «Көкшетау-4» өкпеге жасанды тыныс беру аппараттарын облыстағы медициналық мекемелерге таратқан.

«Зауытта осыған дейін шығарылып, дайын тұрған 17 аппаратты облыстағы медициналық мекемелерге бердік. Тағы 50 дана аппарат шығарылуда. Жалпы, бүгінгі күнге дейін 300 дана «Көкшетау-4» өкпені жасанды тыныс алдыратын аппаратқа сұраныс түсті. Зауыттың айына осындай 20-30 дана аппарат шығаруға мүмкіндігі бар. Тек, кейбір қажетті материалдарды сырттан алдыртамыз. Сол біраз қиындық туғызып отыр», - деді зауыттың сату және өткізу бөлімінің басшысы Айбек Қабиев.

Сонымен қатар, кәсіпорын тәулігіне 6-7 мың дана медициналық маска тігуде. Бүгінгі күні барлығы 35 мың дана маска шығарылған.



Толығырақ ...

Онлайн-оқу кезінде оқушылардың әр сабағы 30 минуттан жүреді

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Қазақстанда мектеп оқушыларын қашықтан оқыту кезінде әр сабақ 30 минуттан болады, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасының эфирінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.

Оның айтуынша, қашықтықтан оқытудың әлемдік үздік тәжірибелері зерттелген. Ал қазірдің өзінде Білім және ғылым министрлігінің енгізген ұсыныстары ескеріле отырып, өзіндік тұжырымдама жасап шығарылды.

Қашықтан оқыту процесі әр мектепте қабылданған режим мен тәртіп бойынша жүреді. Сабақтың ұзақтығы 30 минутты құрайды. Мұғалім, оқушы және ата-ана тығыз қарым-қатынаста болады. Барлық оқу материалдары дайын, - деді министр.

Бұрын хабарланғандай, 6 сәуірден бастап қазақстандық мектеп оқушылары қашықтықтан оқи бастайды. Сондай-ақ «Балапан» және «Ел Арна» телеарналарында оқушыларға қосымша видеосабақтар іске қосу жоспарланған болатын.

Толығырақ ...

Нұр-Сұлтанда теракт ұйымдастырмақ болған азамат ұсталды

Нұр-Сұлтан қаласында теракт жасамақ болған күдікті азамат қолға түсті, деп хабарлайды KAZUS.KZ ҚР ҰҚК сайтына сілтеме жасап.

«2020 жылғы 25 наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан қаласында жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде деструктивті діни ағым ұстанушысын ұстады. Ол «ДАИШ» халықаралық террористік ұйымы (Қазақстанда тыйым салынған) идеологиясының ықпалымен астана аумағында теракт дайындады деп күдіктелуде. Тергеу іс-қимылдары барысында одан жою элементтері бар қолдан жасалған жарылғыш құрылғы алынды» делінген хабарламада.

Мәліметке сай, қолға түскен адамға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24 және 255 (терроризм актісіне дайындалу) баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу жалғасуда.



Толығырақ ...

Ең табысты футболшылар анықталды

  • Бөлім:  Спорт

KAZUS.KZ. Француздық France Football басылымы 2019 жылдың ең табысты футболшыларының рейтингін жариялады, деп жазады Хабар 24.

Бірінші орында «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси тұр. Ол 131 млн еуро тапқан. Екінші орынға 118 млн еуро табысы бар «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду жайғасты. ПСЖ шабуылшысы Неймар 95 млн еуромен ең табысты футболшылар үштігінің қатарына кірді.

Төртінші және бесінші орындарда тұрған «Реал» шабуылшысы Гарет Бэйл және «Барселона» шабуылшысы Антуан Гризманн 38,7 және 38,5 млн табысқа ие болған.


 

Толығырақ ...

Депутат Божко мен Косарев "мәжбүрлі түрде" демалысқа кетті

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нұсқауына сәйкес Мәжілістің кейбір депутаттарына пленарлық отырыстарға қатыспауға және үйде болуға кеңес берілді, деп жазады Baq.kz.

Наурыз мейрамынан кейін Мәжілістің жалпы отырысын өткізген спикер Нұрлан Нығматулин карантинге байланысты кейбір әріптестеріне демалыс берілгенін айтты.

Бүгінгі жалпы отырыс біршама өзгерген форматта өтіп жатыр. Біздің кейбір әріптестеріміз қатысып отырған жоқ. Бірақ алаңдаудың реті жоқ, олардың барлығы аман-есен. Атап айтқанда, кейбір әріптестеріміздің жасы 65-тен асқан. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нұсқауына сәйкес, оларға жалпы отырысқа қатыспау туралы кеңес бердік, – деді Нұрлан Нығматулин.

Мәжілістің VI шақырылымының 2016 жылғы 20 наурызда сайланды. Арасында өзгеріс болып тұрады. Мысалы, қазіргі вице-премьер Роман Скляр 2016 жылы депутат болып сайланып, кейіннен үкіметке ауысып кеткен. Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев те бір кездері осы шақырылымда депутат болған. 

 Жалпы, Мәжіліске заң бойынша 107 депутат сайланады. Оның ішінде 98-і партиялық тізім бойынша өтеді. Ал 9-ы Қазақстан халқы Ассамблеясы арқылы мандат алады. 2016 жылғы сайлауда "Нұр Отан" партиясы (82,20%), Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы (7,18 %) және Қазақстан Коммунистік Халық партиясы (7,14 %) дауыс жинаған. 

"Нұр Отан" партиясынан 84, "Ақ жол" партиясынан 7, Қазақстан Коммунистік Халық партиясынан 7 депутат Парламент Мәжілісіне өткен. Қазіргі кезде Мәжілісте 106 депутат бар. Жақында "Нұр Отан" партиясының атынан сайланған Бақытгүл Хаменова Атырау облысының әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Сондықтан оның орнына әлі жаңа депутат келген жоқ. 

Мәжілістегі ең жас депутат – Геннадий Шиповский. Ол 1989 жылы дүниеге келген. Осы жылдың 22 қазанында 31 жасқа толады. 
Ал 65 жастан асқан 20 депутат бар екен. Оның ішінде 65-70 жас аралығында 10 депутат, 70-80 жас аралығында 9 депутат, 80 жастан асқан бір депутат төменгі  палатада қызмет етеді. 

Ең егдесі – Қазақстан Коммунистік Халық партиясының өкілі Владислав Косарев осы жылдың 16 қарашасында 83 жасқа толады. 

 65 жастан асқан Мәжіліс депутаттары:
1. Сауытбек Әбдірахманов
2. Владислав Косарев
3. Асқар Базарбаев
4. Галина Баймаханова
5. Ерсұлтан Бектұрғанов
6. Владимир Божко
7. Қабиболла  Жақыпов
8. Жанат Жарасов
9. Жексенбай Дүйсебаев 
10. Бақытжан Ертаев
11. Байділдә Жылқышиев
12. Ахмет Мурадов 
13. Шаймардан Нурумов 
14. Омархан Өксікбаев
15. Бақтықожа Ізмұхамбетов
16. Қуаныш Сұлтанов
17. Тұрғын Сыздықов
18. Серік Үмбетов
19. Михаил Чирков
20. Абай Тасболатов

Сондай-ақ Екатерина Никитинская мен Гүлжан Қарақұсова осы жылы 65 жасқа толады. 

Ал жоғары палата – Сенатта 34 депутаттың еліміздің 17 аймағынан сайланған. Оның ішінде 14 облыс пен үш республикалық маңызы бар қаладан екі-екі депутаттан өткен. 15 депутатты ел президенті тағайындайды. Қазіргі кезде Сенатта 48 депутат бар. 
Сенаттағы ең жас депутат – шымкенттік журналист Айгүл Қапбарова. Ол 1975 жылы дүниеге келген. Биылғы жылдың 10 тамызында 45 жасқа толады. 

Жоғары палатада 65 жастан асқан 6 "халық қалаулысы" бар. Оның ішінде 65-70 жас аралығында – төртеу, 70 жастан асқан – екеу. 
Сенаттағы ең егде депутат Бекмырза Еламанов пен Төлеубек Мұқашев. Екеуі де 1950 жылы дүниеге келген.

Толығырақ ...

Испанияда бір түнде 700-ден аса адам қайтыс болған

  • Бөлім:  Әлемде

KAZUS.KZ. Испанияда өткен түні коронавирус жұқтырған 738 адам қайтыс болды. Елде барлығы 3434 адам көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz REUTERS сайтына сілтеме жасап.

Испания парламенті үкіметтің жоғары дайындық режимін тағы 15 күнге - 11 сәуірге дейін ұзарту туралы ұсынысын қолдады. Ел билігі 14 наурызда 15 күнге төтенше жағдай жариялаған. 

Коронавирус індетін қайтыс болғандардың саны бойынша еуропа құрлығында Испания Италиядан кейін екінші орында тұр. 25 наурыздағы ресми мәлімет бойынша, Испанияда 48 мыңға жуық адам COVID-19 жұқтырған. 

Сонымен қатар, Италияда 25 наурызда тағы 683 адам қайтыс болған. Елде коронавирус індетінен көз жұмғандардың жалпы саны - 7503. Одан бөлек, тағы 5210 адам коронавирус жұқтырған. 

 

Толығырақ ...

Әлемде 477 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған

  • Бөлім:  Әлемде

KAZUS.KZ. Жаһан жұртын дүрліктірген коронавирусты әлем елдерінің 475 мың 590-нан астам тұрғыны жұқтырған, деп хабарлады Baq.kz

21 мың 378-ден астам адам осы кеселден қайтыс болды. Тheguardian басылымының дерегі осындай. Италия бұл кеселден адам шығыны ең көп тіркелген ел болып саналады. Ал науқастар саны бойынша, Қытай бірінші орында.

Ақпарат көздері індеттің тез таралуына байланысты жер бетін мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі карантинде жатқанын хабарлайды. Көптеген елде төтенше жағдай режимі  мен коменданттық сағат енгізіліп отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлем елдерін карантин талаптарын бұлжытпай орындауға шақырады. Ұйым басшысының айтуынша, қоғамнан оқшаулану арқылы ғана аты жаман ауруды жеңу мүмкін болады.

Үйде отырудың маңыздылығын тағы бір рет қайталағым келеді. Оқшауланудың арқасында ғана медицина саласына артылған ауыр жүкті жеңілдете аламыз. Адамдардың қозғалысын уақытша тоқтату керек. Алайда мұнымен мәселе толық шешіле қоймайды. Бұдан да басқа маңызды шараларды қолға алайық. Атап айтқанда, науқастарды анықтап, оларды мәжбүрлі оқшауламен қатар тексерістен өткізіп емдеу, сонымен қатар вирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болғандардың барлығын дереу карантинге отырғызу шаралары шұғыл түрде іске асырылуы керек, – дейді ДДСҰ басшысыТедрос Аданом Гебреисус.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу