logoru
logo

Сейсенбі, 10 Наурыз 2020 - KAZUS.KZ

Тергеу изоляторына ақша өткізгісі келген

KAZUS.KZ. Атырау облысындағы УГ-157/1 мекемесінде тергеу изоляторына ақша кіргізгісі келген азаматтың әрекеті әшкере болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР Қылмыстық Кодексінің  190-бабы – “Алаяқтық” бойынша айыпталушыға тергеу изоляторларының қабылдау бөліміне тамақ пен киім әкелінген. Заттарды тексеру барысында шалбардың артқы қалтасынан 45 мың теңге табылды.

25 жастағы жергілікті тұрғын ақшаны заңсыз өткізгісі келген. Бізде ақша беруге, қабылдауға және ұстауға тыйым салынады. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы – “Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттарды, бұйымдар мен заттарды беру” бойынша хаттама жасалып, шешім шығару үшін сотқа жіберілді, – деп хабарлайды УГ-157/1 мекемесіндегі режим және күзет бөлімінің басшысы Дәулет Рахметов.

Толығырақ ...

Биылдан бастап елімізде тұмауды анықтайтын тест шығарыла бастайды

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ.  Aрнайы мамандар гендік модификацияланған нысандарды және түрін өзгерткен өнімдерді танитын жүйені ойлап тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұрын оны шетелдерден сатып алатын. Бағасы да арзан емес. Енді өзімізде жасау арқылы қыруар қаржыны үнемдеуге болады. Ал, отандық ғалымдар бұнымен тоқтамақ емес. Яғни, енді ауру түрлерін, оның ішінде тұмауды анықтайтын жобаны жүзеге асырып жатыр.

Арман Абеев, химиялық өнімдер өндіретін компания директоры:

Біз тұмау вирусының А және Б түрлерін анықтайтын жүйені жасағымыз келеді. Өйткені бұл вирустар жыл сайын кеңінен таралады. Осы мақсатта Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен зертханалық жұмыстарды бастадық.

Толығырақ ...

"Бір күндік актрисалар": Қайрат Нұртастың әйелі оны Джуринскаядан қызғанғаны рас па?

KAZUS.KZ. Отандық танымал әнші Қайрат Нұртастың әйелі оны түсірілім алаңындағы әріптестерінен қызғанатыны жайлы қауесеттерге жауап берді. Жұлдыз Әбдікәрімова жұлдызды күйеуімен қос ғашықты сомдайтын актрисалар жайлы бар ойын ортаға салды деп жазады NUR.KZ.

Жұлдыз Әбдікәрімова әнші жолдасына деген қызғанышына қатысты бар шындықты айтты. Он жыл бойы жұрттан жасырынып келген хитменнің келіншегі өзінен әлдеқайда жас актрисалар жайлы көзқарасын жеткізді.

Төрт баланың анасы кезінде Қайрат Нұртасты Жәния Джуринскаядан қызғанғанын мойындады. Қос жұлдыз "Өкініш" фильмінде махаббат сахналарына бірге түскен.

"Қазір ол қызғаныш мүлдем жоқ десем болады. Ол кездің өзінде де аса ішім күйіп қызғанған жоқпын. Себебі, Қайрат маған ешқандай себеп бермейді. Бір алдағанын естіп көрген жоқпын. Сенемін оған толықтай. Ал бейнебаяндарға түсетін сұлу әрі жас қыздар жайлы айтатын болсам. Мен де сұлумын, оны өзім білемін.

"Мен оның қасындағы әріптестерін қатты бағалаймын. Олардың өнерін сыйлаймын. Тек қана әріптес ретінде қабылдаймын. Басқаша мүмкін емес. Оларды бір күндік, бір сағаттық актрисалар деп қабылдаймын. Бұл мен үшін аса қызғанатындай жағдай емес", - деп ағынан жарылды әншінің жары.

Толығырақ ...

Азиядағы ең бай адам анықталды

  • Бөлім:  Әлемде

KAZUS.KZ. Джек Ма Азиядағы ең бай адам болып танылды, - деп хабарлайды tengrinews.kz Fortune сайтына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, осыған дейін ең бай адам ретінде саналған үндістандық кәсіпкер Мукеш Амбани 5,8 миллиард доллардан айырылып қалған.

Forbes дерегіне сүйенсек, Амбанидың байлығы 41,8 миллиард долларға бағаланып отыр. Бизнесмен әлемдегі ең бай адамдардың рейтингінде 19-орында тұр.

Ал Джек Маның активтері 44,5 миллиард долларға бағаланып отыр, яғни 17 205 триллион теңгеге. 

© РИА Новости

© РИА Новости

Бірақ, басылымның мәліметінше, коронавирус әлемдік компаниялардың табысына кері әсерін тигізіп жатыр. Өткен аптаның өзінде әлемнің ең бай адамдары 18,8 миллиард доллардан аса ақшадан айырылған.

Толығырақ ...

Ғалымдар коронавирустың ауада қанша уақыт «өмір сүретінін» айтты

  • Бөлім:  Әлемде

KAZUS.KZ.  Бұл туралы «Рамблер» басылымы мәлімет келтірді, деп хабарлайды "Хабар 24".

Қытайлық эпидемиологтар қауіпті вирустың кеңістікте «өмір сүру» уақытын анықтады. Вирус ауада 30 минуттай қалқып жүреді, ал адамдарға 4,5 метр жерден жұғу қасиетіне ие екен.

Хуань провинциясының ғалымдары автобуста науқастың 7 кісіге вирус жұқтыру жағдайын жіті зерттеген. Маска тақпаған ер адам өзінен 4,5 метр қашықтықта отырған жұпқа, және тағы бірнеше адамға ауруды таратқан.

Тағы бір маңызды жайт, келесі рейстен мінген жолаушы автобустағы барлық адам түсіп кеткеннен кейін, 30 минуттан соң дертті іліп алған.

Сондай-ақ, дімкәс адам түшкіргеннен немесе жөтелуінен кейін қалып қойған тамшыларда вирус бірнеше күн сақталады.

Толығырақ ...

Испекторлар Ираннан келген 425 тоннаға жуық жеміске шектеу қойды

  • Бөлім:  Cаясат

KAZUS.KZ. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары ағымдағы жылғы 17-24 ақпан аралығында Ресей Федерациясы мен Иран Ислам Республикасынан елімізге 560 тонна фитосанитарлық қауіптілігі жоғары өсімдік өнімдерін заңсыз алып кірудің 26 фактісін анықтады, деп хабарлайды "Baq.kz".

РФ-нан фитосанитарлық сертификатсыз Қазақстанға 54 тонна сәбіз, 10 тонна қырыққабат, 40 тонна картоп және қызылша, 20 тонна бидай, 19,5 тонна жеміс, сондай-ақ 2 мың бірлік гүл өнімдері және Ираннан ел нарығына фитосанитарлық сертификаты жоқ 174 тонна алма және 249 тонна кептірілген жеміс кіргізілмек болған.

Өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалардың талаптарына сәйкес аталған өнімдер Қазақстан аумағына тасымалдауға тиым салынған. Кінәлі адамдар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 400-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 Сонымен қатар, бұған дейін АШМ мемлекеттік инспекторлары Ресей Федерациясынан манго өнімдері мен АҚШ-тан миндаль жаңғағын Қазақстанға кіргізбегенін айта кету керек.

Атап айтқанда, Ресейден Қазақстанға фитосанитарлық сертификатсыз 2 тонна күнжіт тұқымы, 20 тоннадан астам грек жаңғағы, құрма және кептірілген манго, 39 тонна картоп, 67 тонна күнбағыс және 58,5 текше метр кесілген ағаш кіргізілмек болған.

Сондай-ақ, жарамсыз фитосанитарлық сертификатпен 2,3 мың тонна арпа алып келу фактісі анықталған.

Жүктің қауіпсіздігін растайтын фитосанитарлық сертификатсыз республиканың мемлекет шекарасына Вьетнамнан 23,4 тонна кофе дәндері және АҚШ-тан 86,6 тонна миндаль жаңғағы алып келінген.

Өсімдіктер карантині саласындағы заңнама талаптарына сәйкес аталған өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағына кіргізуге тыйым салынған, айыпты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, ҚР АШМ мемлекеттік инспекторлары ел аумағына қаптама таңбалары жоқ Өзбекстаннан келген 23 тоннадан астам жеміс, оның ішінде 6 тонна анар және 30 тонна сәбіздің кіруіне тыйым салды.

Толығырақ ...

АҚШ Ауғанстаннан әскерін шығара бастады

  • Бөлім:  Әлемде

KAZUS.KZ. АҚШ билігі мен "Талибан" қозғалысы арасындағы келісімке сәйкес америкалық әскерилер Ауғанстаннан кете бастады, деп хабарлайды "Baq.kz".

АҚШ пен Ауған Ислам Республикасының декларациясына және АҚШ пен "Талибан" қозғалысының келісіміне сәйкес АҚШ қарулы күштерін 135 күнде 8600 дейін қысқарту жұмыстары басталды", - делінген Пентагон таратқан хабарламада.

Reuters агенттігінің мәліметінше, АҚШ президенті осы аптада 1 мың талибты түрмеден босату жөніндегі бұйрық әзірлеп жатыр, алайда талибтер 5 мың адамды шығаруды талап етіп отырған көрінеді.

Осы жылдың 29 ақпанында АҚШ пен "Талибан" Ауғанстанда бейбіт кезеңнің басталғаны жөнінде келісім жасасқан. Алайда бірнеше күннен кейін талибтер Ауғанстан қауіпсіздік күштеріне қарсы шабуылын қайта бастаған. Оған Ауған президенті Ашраф Ганидің тұтқында отырған 5 мың талибті босатпауы себеп болған. 10 наурызға талибтердің және Ауғанстан үкіметінің қатысуымен ауғанаралық  келісім өткізу қарастырылған.

Толығырақ ...

Ақшаны қай валютада сақтау керек - министр жауабы

KAZUS.KZ. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов қазақстандықтарға ақшаны қай валютада сақтау керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қай валютада сақтаған дұрыс? Меніңше, мұнда әркімнің стратегиясы әртүрлі. Ол әр адамның шығындарына байланысты. Шығындарыңыздың көбі теңгемен болса, онда ақшаны теңгемен сақтаған дұрыс. Ал егер басқа валютада ақша жұмсайтын болсаңыз, ақшаның белгілі бір бөлігін басқа валютада сақтаған жөн. Менің пікірім осындай", - деді Дәленов.

Еске салайық, министр Дәленов мұның алдында әлем нарығында мұнайдың да, металдың да бағасы төмендеп жатқанын айтқан еді. Оның айтуынша, әлем нарығында баға құбылмалы болып тұр. Жыл басынан бері америкалық биржа индекстері 14 пайызға, ал еуропалық индекстер 15 пайызға, қытайлық индекстер 13 пайызға төмендеген.

Толығырақ ...

"Өтпей жатыр": Балжан Бидаш күйзелістен шыға алмай жүргенін жайып салды

KAZUS.KZ. "Кешью" тобында өнер көрсетіп қалың көпшілікке танылған Балжан Бидаш бүгінде үлкен күйзелісте жүргенін ашық айтты. Өнер иесі атышулы ұжымнан кетіп, барынша жеке әншілігін шыңдамақ болған. Алайда, атақты продюсерлерінің қарамағынан шығып, шығармашылығын толығымен өз қолына алған ару сәтсіздікке ұшырады, деп жазады "Kaz.nur.kz"Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасап.

Балжан Бидаш "Кешью" құрамынан кетіп, жеке орындаушы ретінде бірқатар ән шығарып, оларға бейнебаян таспалап үлгерді. Эстрада жұлдызы шығармашылығын барынша дамытып жатқанымен, оның өлеңдері халыққа жетпей жатыр.

Ерен еңбегінің тыңдарман тарапынан бағаланбай жатқаны өнер иесін үлкен күйзеліске түсірген. Ол мұндай жағдай бұрын-соңды басынан өтіп көрмегенін мойындады.

"Кез келген шығармашылық адамында болады. Негізінде мен мұндай күйді бұрын-соңды кешем деп ойламадым. Бірақ, сондай күйзеліс болды. Әлі де бар. Себебі өте көп. Ол менің бойымдағ менің жағдайымда. Ашып айтқым келмейді. Бірақ, уақытша нәрсе ғой, кетеді. Әндерім өтпей жатыр деп қатты қынжылмаймын. Бірнеше жылдан кейін де бағы жанып жатқан әншілер бар ғой. Сондықтан біреуі болса, біреуі болмайды. Сабырлық" , - деді Балжан Бидаш.

Айта кетейік, Балжан Бидаш алдағы уақытта тұрмысқа шықпақ. Әнші бикештің сүйіктісі оған концерт кезінде үйленуге ұсыныс жасаған болатын.

Толығырақ ...

Түркістанда ұлттық нақыштағы бутик-отель форматында қонақ үй соғылады

  • Бөлім:  Туризм

Бутик-отельді соғу «Түркістан» ӘКК» АҚ Қазақстанның «BI Group» –инвестициялық-құрылыс холдингісінің еншілес компаниясы жүзеге асырады, деп хабарлайды KAZUS.KZ Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Түркістан қаласын дамыту жөніндегі стратегиялық міндеттер шеңберінде «Түркістан» ӘКК» АҚ облыс орталығының сервистік және қонақ үй қызметтерінің нарығын зерттеді. Нәтижесінде ең перспективалы, болашаққа бағытталған жоба ретінде қаланың тарихи-мәдени орталығына орналасатын «бутик-отель» форматында қонақ үй соғылатын болды.

Жаңа форматтағы қонақ үй көлемі 2 400 шаршы метрді құрайтын қайта жаңартылған ғимаратта орналасады. Онда 66 бөлме болмақ. Жобаны іске асыру барысында қонақ үй бизнесіндегі халықаралық стандарттарды басшылыққа алу қажет. Бутик-отель құрылысы жобасын жүзеге асыру мақсатында іздестірілген әлеуетті серіктес-инвестордың тиісті тәжірибесі мен біліктілілі, портфолиосы маңызды болды.

«Жалпы, бутик қонақ үйі мен қарапайым қонақ үй арасындағы айырмашылық – ең алдымен, батыл дизайнерлік шешімдерде. Интерьер жергілікті нақышта, тарихи, ұлттық, сондай-ақ, туристерге өте тартымды қазақ халқының дәстүрлі элементтерімен өрнектелетін болады. Сондықтан, серіктес ретінде елде имидждік және жаңашыл жобалар құрылысында бай тәжірибесі бар «BI Group» компаниясын таңдау дұрыс шешім болып табылды. Жыл сайын саны артып келе жатқан қажылық мақсатта келушілер мен туристер легін ескерсек, этникалық стильде безендірілетін бутик-қонақ үйі сұранысқа ие болады және жаңа Түркістанның сәніне айналады», – деп атап өтті «Түркістан» ӘКК» АҚ Инфрақұрылым мен туризмді дамыту департаментінің директоры Баян Каюпова.

Сонымен қатар, қазіргі таңда халықаралық франшизаға ие кофейнялар, түрлі форматтағы мейрамхана кешендерін салу мақсатында серіктес-инвесторлардан ұсыныстар қабылдануда.

 

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу