logoru
logo

Дүйсенбі, 09 Наурыз 2020 - KAZUS.KZ

Батыс Қазақстан облысында пойыз аударылды

KAZUS.KZ. 7 наурызда Батыс Қазақстан облысының Сайқын кентінде №10518 Саратов – Астрахан бағытындағы жүк пойызының бес вагоны рельстен шығып кетті ,деп хабарлайды "KAZ.NUR.KZ."

Төтенше жағдай түнгі 23:00 шамасында болды деп жазды "Мой город" басылымы. Белгілі болғандай, аударылған пойыз вагондарына астық тиелген.

"Болжам бойынша апатқа дөңгелектегі жарықшақ себеп болуы мүмкін. Бес вагон (№14, 15, 16, 17, 18) рельстен шығып кетті. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Апатқа байланысты жолаушылар мен жүк пойыздары басқа жолмен жүреді", – деп мәлімдеді БҚО төтенше жағдайлар департаменті.

Ведомствоның ақпары бойынша, төтенше жағдайды жоюға "Ресей темір жолы" ААҚ-ның 16 жұмысшысы мен БҚО ТЖД-ның төрт қызметкері жұмылдырылған.

"Қазір арнайы қызметтер жөндеу жұмыстарымен айналысып жатыр", – деп мәлімдеді Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлан Рақымжанов.

 Оның айтуынша, пойыздың аударылуына вагондардағы ақау себеп болуы мүмкін.

Оқиғаның нақты себебін құзырлы органдар анықтайды, төтенше жағдайға байланысты тексеріс басталды.

Толығырақ ...

АҚШ-та кесірлі вирусты жұқтырғандар саны артты

  • Бөлім:  Әлемде

KAZUS.KZ. АҚШ-та коронавирусты жұқтырғандардың саны 512-ге жетті. Кешеден бері дерттен тағы 2 тұрғын қайтыс болып, «КОВИД19»-дан көз жұмғандардың жалпы саны 21 болды, деп хабарлайды "Хабар 24".

Жұқпалы кеселден қаза тапқандардың көбі Вашингтон штатының тұрғындары. Бұл аймақта аурудан 18 адам қайтқан. Флоридада 2 кісі, Калифорнияда бір адам қайтыс болды. Жалпы індет елдің 33 штатына таралып, оның сегізінде төтенше жағдай енгізілген. Ал бұған дейін 21 жолаушыдан коронавирус анықталған «Гранд Принсес» круиз лайнеріне Оукленд портына кіруге рұқсат етілді. Жалпы кемеде 2 мың 422 жолаушы және 1 мың 111 экипаж мүшесі бар.

Толығырақ ...

Үкімет пен Ұлттық банк бірлескен үндеу жасады

  • Бөлім:  Cаясат

KAZUS.KZ. ОПЕК+ мұнайдың негізгі экспорттаушы елдері арасындағы мұнай өндіруді шектеу жөніндегі келіспеушіліктер мұнайдың әлемдік бағасының айтарлықтай төмендеуіне алып келді, деп хабарлайды "Хабар 24".

Бүгін, 2020 жылғы 9 наурызда Brent маркалы мұнай әлемдік нарықтарда 30%-дан астам төмендеумен, барреліне $31-33 көлемінде саудалануда.

Осы жағдайға байланысты Үкімет пен Ұлттық банк жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың басымдықтары макроэкономикалық тұрақтылықты және салық-бюджет саясатының тиімділігін қамтамасыз ету, инфляциялық процестерді басқару және елдегі әлеуметтік тұрақтылықты сақтау болып қалатынын мәлімдейді.

Сыртқы нарықтардағы қалыптасқан ахуалға және оның Қазақстан экономикасына әсер етуіне тұрақты мониторинг жүргізіледі. Қажетті шешімдерді жедел қабылдау және оларды жүзеге асыру үшін премьер-министрдің басшылығымен штаб құрылды.

Үкіметтің бюджет саясатының шаралары әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындауға бағытталатын болады. Басым емес бюджет шығындарын қысқарту шаралары қабылданады.

Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар бағаның негізсіз өсуін, әсіресе әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуін болдырмауға ерекше назар аударатын болады.

Қызметкерлердің санын қысқартуға жол бермеуді және еңбекақыны уақытылы төлеуді қамтамасыз етуді қоса алғанда, азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуына қатаң бақылау қамтамасыз етіледі.

Өз мандаты аясында Ұлттық банктің тиісті ресурстары бар және базалық мөлшерлемені арттыру және адекватты бағамдық саясатты жүргізу арқылы монетарлық саясатты қатаңдату жолымен бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қажетті қадамдарды қабылдайтын болады. Аталған шаралар инфляцияның жеделдеуін шектейді, ұлттық валюта бағамының шамадан тыс құбылмалылығына жол бермеуге мүмкіндік береді.

Ұлттық банк валюта нарығын тұрақтандыруды қамтамасыз ету және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қажетті валюталық интервенциялар жүргізетін болады. Ұлттық банктің теңгенің айырбас бағамымен алып-сатарлық операцияларды болдырмау үшін алтын-валюта активтерінің жеткілікті көлемі, сондай-ақ реттеуіш құралдарды қоса алғанда, барлық қажетті құралдары бар.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы нарығындағы тұрақтылықты сақтау жөнінде шаралар қабылдайтын болады.

Үкімет пен Ұлттық банк теріс салдарларды азайту және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажетті ресурстарға ие.

Толығырақ ...

Британияда мыңға жуық әйел шеруге шықты

  • Бөлім:  Әлемде

KAZUS.KZҰлыбританияда мыңдаған әйел шеруге шықты. Жиналғандар гендерлік теңдікті талап етіп, қоршаған ортаны қорғауға назар аударуға шақырды, деп жазады "Хабар 24".

Белсенділердің пікірінше, табиғи апаттар кезінде ең алдымен нәзік жандылар зардап шегеді. Климаттық өзгерістер олардың денсаулығына, тамақ ішу және тұрғын-жай құқығына теріс әсер етпей қоймайды. Гендерлік теңдік мәселесі Ұлыбританияда әлі өткір күйінде тұр. Өткен жылы мемлекет тең құқылы әйелдердің әлемдік рейтингісінде 21-орынға тұрақтады. Біріккен Корольдікте әлі күнге дейін әйелдер саясатта аз кездеседі және еркектерге қарағанда аз ақша табады.

1) Біз төтенше жағдайда өмір сүріп жатырмыз. Консьюмеризмді тоқтатып, ұшақпен ұшуды азайтуымыз қажет. Өз басым пластикті аз пайдалануға тырысамын. Өзім вегетарианмын. Әрі жаңа заттар сатып алмаймын. Қайырымдылық дүкеніне барып, секонд-хенд киімдер аламын. Бұл менің өмірлік ұстанымым.

2) Меніңше, әйелдерге жылына бір күнді ғана арнауға болмайды. Біз гендерлік теңдікті талап етеміз және біз нәзік жандарды әрдайым қолдап жүруіміз керек.

Толығырақ ...

Қазақстан құрамасы велотректен олимпиаданың үш жолдамасын ұтып алды

  • Бөлім:  Спорт

KAZUS.KZ. Велотректен Қазақстан құрамасы Токио олимпиадасының үш жолдамасын ұтып алды, деп хабарлайды "Хабар 24".

Бұл туралы бүгін халықаралық велосипед одағы мәлімдеді. Өткен аптада жерлестеріміз Берлин қаласындағы әлем чемпионатында сынға түсіп, үш лицензияға қол жеткізді. Артем Захаров омниум бағдарламасында жақсы нәтиже көрсетіп, қажетті ұпайын еншіледі.

Сонымен қатар қазақстандық велотрек шеберлері жекелей спринтте және кейринде жолдамаға ие болды. Ұлттық команда сапында Сергей Пономарев көзге түсті. Ол кейрин сайысында олимпиада нормативін орындады.

Бұған дейін Қазақстан тас жолдағы велоспорттан Токио олимпиадасына төрт жолдама ұтып алғанын айта кетейік. Енді трек шеберлері алғаш рет спринтерлік жарыста кешенді сынға қатысады.

Толығырақ ...

"Ордабасы" футбол клубының аяқ алысы жаман емес

  • Бөлім:  Спорт

«Olimpbet футболдан Қазақстан республикасының чемпионаты» деп атауын өзгерткен ҚПЛ-дың алғашқы ойындарын өткізді, деп хабарлайды KAZUS.KZ

Шымкентте жергілікті «Ордабасы» футбол клубы Көкшетаулық «Оқжетпесті» қабылдады. Алғашқы таймда екі команда да аңдысып сүреңсіздеу ойын өрнегін көрсетті. Бұған бәлкім ұйтқый соққан жел де әсер еткен болуы керек.

Үзілістен кейін Кахабер Цхададзе шәкірттері ойынға біршеме жан бітірді. Оқжетпестің шабуылын тойтарған шымкенттіктер бірден қарсы шабуылға шығып, Май Махлангудің пасынан кейін биыл ғана күнгейліктердің қатарына келіп қосылған португалиялық легионер Рубен Бриджидо алғашқы голын соғып ордабасылықтарды алға шығарды.

Іле-шала бірнеше жойқын шабулдың шетін шығарған шымкенттіктер есепті еселейтін ұрымтал сәттерді құр жіберіп алды. Кейбір соққылар қақпа бағанынан кері серпілсе, кейбір доптар аспандағы құстарға қарай кете барды. Әсіресе, орданың былтырға көшбасшысы болған Жоао Паулоның соққылары қақпаға жақын ұшпай-ақ қойды. Қиыс соққылары арқылы бразиялиялық әлі бабына келе қоймағандығын көрсетіп берді.

Бұл турасында Кахабер мырза ойыннан кейінгі баспасөз конференциясында:

«Бұл алғашқы тур болғандықтан ойыншыларда бірқатар толқу болды. Жоао жақсы ойыншы. Бүгінгі ойында оның соңғы соққылары дұрыс шықпады. Алайда, оның команданың ойынын үйлестірудегі рөлін атап өтуіміз керек», - деп одан болашақта үлкен үміт күтетінін айтты.

Бүгінгі ойын барысында жақсы ойын өрнегін көрсеткендердің бірі ретінде Дамир Дәуітовті атап өткен жөн. Былтырғы чемпионатта сенімсіздеу ойын көрсететкен Дамир, бүгінгі ойында өзінің деңгейінің өскендігін көрсете білді. Лайым, алдағы ойындарда да осы сенімділікті жоғалтпаса команда үшін пайдалы ойыншыға айналары сөзсіз.

«Ордабасы» клубының биылғы чемптонатқа алға қойған мақсаты қандай деген сұрағымызға бас бапкер К.Цхададзе:

«Әрбір ойында жеңіске жетуге тырысып, ұпай жинау», - деп жауап берді.

Бұл жауапқа сүйенер болсақ «Ордабасы» биылғы чемпионатта алдына биік мақсаттар қоймаған сыңайлы. Бәлкім бұл миллиардтаған сомманы клуб үшін бюджеттен бөліп отырған әкімшіліктің талапшыл еместігін көрсететін шығар?! Қалай болғанда да алдағы уақытта Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов мырза клубқа бөлінген қыруар қаржының қарымтасы ретінде клуб алдына биік мақсаттар қоя біледі деген сенімдеміз!

Қалған ойындар нәтижесі:

Астана – Қызыл-Жар   4 - 0

Қайрат – Тараз             2 - 1

Тобыл – Шахтер           3 - 1

Толығырақ ...

Пәкістанда фургон көлігі өзенге құлап, 20 адам мерт болды

  • Бөлім:  Әлемде

KAZUS.KZ. «Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, тағы 5 адам зардап шеккен. Олар хал үстінде жатыр."Хабар 24"

Оқиға бүгін Пәкістанның солтүстігінде болды. Жолаушылар мінген фургон таулы аймақтан өтетін жолдан өзенге құлаған. Апаттың нақты себебі белгісіз.

Толығырақ ...

Коронавирус жазда басылады деуге негіз жоқ – ДСҰ

  • Бөлім:  Әлемде

KAZUS.KZЖазға қарай коронавирус өздігінен жоғалады деуге дәлел жоқ. Сол үшін әлем елдері эпидемиямен күресте бар күштерін салу керек. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Майкл Райан Женевада өткен жиында айтты. "baq.kz"

Біз коронавирустың жаңа түрі әртүрлі климаттық жағдайда қалай әрекет етеінін білмейміз ,-деді ол баспасөз мәжілісінде.

Оның пайымдауынша, қауіпті індеттің таралуы жаз мезгілінде де жалғаса бермек. Сондықтан әлем елдері онымен күресті үдете беру керек.

М. Райан сондай-ақ қауіпті індеттер әлемнің кез-келген түкпірінде пайда болуы мүмкін екенін айта келе елдерді бір-бірін айыптамауға шақырды. Керісінше эпидемияға қарсы күресте бірігіп, адам өмірін сақтап қалу үшін жұмыла жұмыс істеу қажеттігін айтты.

Толығырақ ...

Көкшетауда жүк пойызы 40-қа жуық жылқыны қағып кетті

KAZUS.KZ. Бұл туралы baq.kz сайты Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Биылғы жылдың 7 наурызында сағат 04.55-те Көкшетау станциясындағы Желілік полиция бөліміне "Қарағай-Уголки" аралығында жүк пойызының машинисті темір жол төсемінде үй жануарының болуына байланысты шұғыл тежеу қолданып 37 жылқыны қағып кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті. Осы дерек бойынша оқиға орнына Көкшетау станциясындағы ЖПб-нің жедел-тергеу тобы шықты, - делінген.

Көлік полицейлерімен жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде жылқылардың иесі болып табылатын Ақмола облысының 43-жастағы тұрғыны анықталды.

Ол ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі, яғни, темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзу бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Толығырақ ...

Елімізде ғылымның әскери бағытын зерттеуші әйелдер үлесі 10 проценттен аспайды

  • Бөлім:  Cаясат

KAZUS.KZЕлімізде ғылымның әскери бағытын зерттеумен айналысатын қыз-келіншектердің үлесі 10 проценттен аспайды, деп жазады "Хабар-24

Қызығына қарағанда қиындығы көп бұл саланы таңдағандардың бірі Назгүл Ысқақова. Ол қазір ұлттық қорғаныс университетінде аға ғылыми қызметкер болып қызмет атқарады.

Елордадағы Ұлттық қорғаныс университетінде Әскери ғылыми-зерттеу орталығы жұмыс істейді. Оның басты мақсаты – әскери ғылымды үш бағыт бойынша дамыту. Олар – әскери тарих, әскери өнер және әскери техника мен қару-жарақ.

Назгүл Ысқақова, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы ҰҚУ аға ғылыми қызметкері:

Әскери ғылым жалпы ғылыммен салыстырғанда өте жас. Тәуелсіздік алғаннан кейін бірден әскери ғылым қалыптасқан жоқ. Ким Серікбайұлы ағамыз Мәскеуде қорғаған, марқұм Пернехан Әшімбайұлы техника ғылымдарының кандидаты, Абай Бөлекбайұлы тарих ғылымдарының кандидаты. Сондай санаулы ғана адамдар бар еді.

15 жылдан астам еңбек өтілі бар Назгүл Ысқақова бұл ғалымдардың жолын жалғасам дейді. Ол үш бағыттың әскери тарих деп аталатын бағытын таңдапты. 4 жыл бойы зерттеген кандидаттық диссертациясының тақырыбы: қазақ әскери терминологиясы. Ескеретін жайт, елімізде бұл мәселеге тарихи талдау алғаш рет жасалыпты.

Назгүл Ысқақова, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы ҰҚУ аға ғылыми қызметкер:

Бұл істе тарихшылармен қатар тіл мамандары, тарихшылар және сол әскери ғылым бағытының маманы – үшеуі бірігіп, ғылыми негіздеп шығарған ғана туынды ұтымды болды. Егер айтылған қандай да бір маман терминді қалыптастыру ісіне араласпаса, онда ол термин әлсіз болып шығады.

Талғат Құлманов, ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы атындағы ҰҚУ магистранты:

Қазіргі таңда магистранттардың ғылыми жұмыс жасау кезіндегі қазақша терминологияның ролі жоғары. Ол кісінің қазақша аударған терминдерінің арқасында көптеген мақалалар, магистрлік диссертациялардың арқасында материалдар көп жинақталуда.

Назгүлдің алғашқы мамандығы аудармашы болса, кейінгісі әскери тарихшы. Қазір осы екі саланы біріктіріп, өзінің зерттеу жұмыстарында сәтті қолданып жүр. Айтпақшы, оның жолдасы да әскери ғалым. Екеуі бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр.

 

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу