logoru
logo

Жұма, 06 Наурыз 2020 - KAZUS.KZ

Көлік төбесіне адам отырғызған жүргізуші жауапқа тартылды

KAZUS.KZ. Түркістан облысының полицейлері көлігінің үстіне бірнеше адамды отырғызып, жол жүрген жүргізушіні Әкімшілік кодекстің төрт бабымен жауапқа тартатын болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ВАЗ-2106 автокөлігінің үстінде бірнеше адамның отырып алған бейнежазбасы әлеуметтік желілерде тараған болатын.

Полиция жүргізушінің жеке басын анықтады. Тексере келе Ордабасы ауданының тұрғыны 1 наурыз күні көлік тізгінінде отырған сайрамдық азаматқа машинасын сатқаны белгілі болды. Сөйтіп тәртіп сақшылары автокөліктің жаңа иесіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің төрт бабы бойынша хаттама толтырды: 230-бабы – «Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзу», 590-бабы – «Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу», 593-бабы – «Жол жүрісі қағидаларында жолаушыларды және жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау», 612-бабы – «Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы».

Көлік тізгінінде болған азамат өзінің әрекеті заңсыз болғанын және жолаушылардың өміріне қауіп төндіргенін мойындап, кешірім сұрап, алдағы уақытта қайталамайтынын айтты.


Толығырақ ...

Карантинде жатқан екі қарағандылық ауруханада арақ ішкен

KAZUS.KZ. Қарағандыда Біріккен Араб Әмірліктерінен ұшып келген қазақстандықтар карантинге жіберілген. Бірақ олар ауруханада алкоголь ішіп ұсталды, енді сол үшін жазаланады, деп хабарлайды zakon.kz.

4 наурызда Дубайдан Нұр Сұлтанға қазақстандықтар мінген рейс келген. Ұшақта қазақстандықтармен бірге екі Қытай азаматы болған. Әуежайға келген соң қытайлар оқшауланып, Қытайға қайтарылып жіберілді.

Ал 5 наурызда Қарағанды ​​облысының 23 тұрғыны карантинге ауруханаға жатқызылған еді.

Бүгін, 6 наурызда, депортацияланған екі Қытай азаматында коронавирус жоқ екені анықталды, ал оқшауланған қарағандылықтардың жағдайы тұрақты, дене қызуы және тұмау белгілері жоқ.

Бірақ өкінішке қарай, кейбір пациенттердің азаматтық-құқықтық жауапкершіліктері төмендеу болып шықты, олар ауруханада алкоголь ішіп, аурухана ережелерін бұзды. Бұл фактіні медициналық қызметкерлер тіркеді, алкоголь ішкенін анықтау үшін олардан қан алынды. Карантин режимін бұзу фактісі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды, - деп хабарлады Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Денсаулық сақтау басқармасы және облыстың тауарлар сапасы мен қауіпсіздігі бөлімі жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Толығырақ ...

Тоқаев Медведевпен кездесті

  • Бөлім:  Cаясат

KAZUS.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевпен кездесті, - деп жазады tengrinews.kz РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Медведев ресейлік тараптың Қазақстандағы маңызды саяси үрдістерге қызығушылық танытқанын айтып өтті. 

"Қазір елдеріміз дамып жатыр, дамуының маңызды кезеңінде тұр. Сіздерде болып жатқан конституциялық реформаны атап өттіңіз. Еліңіздегі үлкен үрдістер дамып жатыр. Біз де соны бақылап, зерттеп отырамыз", - деді Медведев Нұр-Сұлтанда Тоқаевпен кездесуде.  

"Басқаша болуы мүмкін емес. Біз дос, әріптес болғандықтан, бір-біріміздің дамуымызға көмектесіп қана қоймай, өткен кезеңдерімізден немесе даму элементтерімізден үйренуіміз керек", - деді ол. 

Толығырақ ...

Ұлттық төлем жүйесімен күніне 3,1 трлн теңге төлем жасалған

KAZUS.KZ. Орташа есеппен күніне ұлттық төлем жүйелері арқылы жалпы сомасы 3,1 трлн теңгеге 169,3 мың төлем жүргізілген. Бұл туралы Ұлттық Банк хабарлады, деп жазады Baq.kz

2019 жылы Қазақстан аумағында ұлттық валютада жүргізілген қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарының жалпы көлемі 793 трлн теңгені құраған, оның 96%-ы Ұлттық Банктің төлем жүйелері (Банкаралық ақша аудару жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) арқылы жүргізілді.

2019 жылы көрсетілген төлем жүйелері арқылы 762,0 трлн теңге сомасына 41,6 млн транзакция жүргізілді. Орташа есеппен күніне ұлттық төлем жүйелері арқылы жалпы сомасы 3,1 трлн теңгеге 169,3 мың төлем жүргізіледі, яғни операциялық күндері орта есеппен минутына 4,4 млрд теңге өтеді,-делінген хабарламада.  

Ұлттық Банктің төлем жүйелерінің жұмысқа қабілеттілігі коэффициенті 2019 жылы 99,99% болды. Бұл белгіленген нысаналы көрсеткіштен асып түседі және ұлттық төлем жүйелері жұмысының жоғары тиімділігін сипаттайды.

Толығырақ ...

Оқушылардың мектепте смартфон пайдалануына тыйым салынбақ

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Елімізде мектепте оқу кезінде смартфондарды, планшеттерді пайдалануға тыйым салу енгізілуі мүмкін. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Сенат депутатының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Білім беру ұйымдарында түрлі гаджеттерді (смартфондарды, планшеттерді және т.б.) пайдалануға тыйым салуды енгізу мүмкіндігі туралы мәселені пысықтау бүгінгі күні осындай шараларды іске асыру үшін құқықтық жағдайлар іс жүзінде бар екенін (8 өңірде кәдімгі кнопкалы телефондар пайдаланылады) көрсетті. Сонымен қатар, білім беру саласындағы қолданыстағы заңнама бойынша білім алушылар мен олардың ата-аналарының смартфондарды пайдалануына тыйым салуды жалпы білім беретін мектептерде оқу орнының ішкі тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілер, білім беру ұйымының ішкі тәртіп ережелері және білім беру қызметін көрсету шарттары аясында реттеу жоспарлануда», - деп атап өтеді Асқар Мамин.

Айта кетейік, Мәжіліс депутаттары Үкімет басшысының атына жолдаған сауалдарында ұлттық ақпараттық кеңістіктің үйлесімді дамуын қамтамасыз ету және ақпараттық ортада балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі шаралар кешенін іске асыру жөнінде мәселе көтерген болатын.

Толығырақ ...

Д.Назарбаева: Жеңіл өнеркәсіптің шикізат базасын дамыту – басым бағыт

KAZUS.KZ. Сенатта Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің ұйымдастыруымен Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі: қазіргі жай-күйі және өнімділігі жоғары бизнестің даму болашағы" тақырыбына арналған парламенттік тыңдау болды, деп хабарлайды zakon.kz Сенаттың баспасөз мәслихатында сілтеме жасап.

Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева кіріспе сөзінде жеңіл өнеркәсіп –өнеркәсіптегі ең проблемалы сектор екенін және экономикада өңдеуші саланың айрықша басымдықта болуына байланысты бұл сала көп уақыт бойы назардан тыс қалып келгенін атап өтті.

"Жеңіл өнеркәсіп экономиканы түрлендіруге, әсіресе пайдалы қазбалар қорының азайып, мұнай бағасының төмендеген кезінде дағдарыс толқынына қарсы тұру мүмкіндіктерінің бірі болып табылады. Жеңіл өнеркәсіп – әлеуметтік маңызға ие сала. Ол халықтың, әсіресе әйелдердің жоғары деңгейде жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етеді", - деді Сенат басшысы.

Парламенттік тыңдау алдындағы жағдайды талдау жеңіл өнеркәсіпті дамытудағы бірқатар кедергілерді анықтауға мүмкіндік берді. Оның ішінде өндірістің қымбаттығы, қажетті жабдықтардың жоқтығы, шикізат тапшылығы, мемлекеттік қолдау шаралары тиімділігінің төмендігі, жеңіл өнеркәсіп үшін сенімді келешектің жоқтығы, кәсіпкерлердің барлық күш-жігерін жоққа шығаратын көлеңкелі импорттың болғаны аталып өтілді.

Сенат Төрағасы қазіргі кезде еліміздегі жеңіл өнеркәсіпке көбінесе ведомстволық мемлекеттік тапсырыстар арқылы қолдау жасалып отырғанын айта келіп, кәсіпорындар соның есебінен жұмысын жалғастырып келе жатқанына тоқталды.

"Мен бәсеке тым күшті, жарысқа түсудің еш мағынасы жоқ, ал күш-жігерімізді анағұрлым болашағы бар салаларға жұмсау керек деген пікірді талай естідім. Шын мәнісінде осылай ма? Бірден ұлттық жеңіл өнеркәсіптен бас тартып, импортқа, яғни шетелдік өндірушілердің еркіне жығыла салған орынды ма? Ол қадамның дұрыс емес екеніне сенімдімін", - деді Д.Назарбаева.

Сенат Төрағасының айтуынша, басты проблема жергілікті шикізаттың, ең алдымен былғары мен жүннің тапшылығы болып отыр. Шикізат проблемасы агроөнеркәсіп кешені алдына жаңа міндеттер қояды.

"Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасында жеңіл өнеркәсіптің шикізат базасын дамыту бойынша тиісті шаралар қарастыру қажет", - деді ол.

Талқылауда сөз алған депутат Манап Көбенов жеңіл өнеркәсіп жағдайына макроэкономикалық тұрғыда баға берді.

"Біз қазір жеңіл өнеркәсіп экономикалық қауіпсіздікті, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын білеміз, шағын бизнестің қалыптасуы мен дамуына ықпал етеді», - деді сенатор. «Сондықтан жеңіл өнеркәсіп ахуалы бүгінгі күнгі макроэкономикалық мәселе".

М.Көбенов жеңіл өнеркәсіпті өңдеу өнеркәсібінің жеке түрі ретінде заңнамалық деңгейде бөлуді ұсынды.

"Жеңіл өнеркәсіпті дамытуға жауапты жеке мемлекеттік орган құру мәселесін қарау қажеттігі туындап отыр. Тіпті министрлік құрамына кіретін комитет деңгейінде болса да", - деді ол.

Кәсіпкер Сәуле Шауенова жеңіл өнеркәсіпті дамыту тақырыбын жалғастыра отырып, өзіміздің шикізат базамыз бен шикізатты өңдеу кешенін дамыту мен қалыптастыруды, шикізатпен қамтамасыз ету сапасын арттыруды, жоғары дәрежелі жартылай фабрикаттарды дамытуды басым шаралар ретінде атап өтті.

Өңдеуші өнеркәсіп одағының атқарушы директоры Әділбек Бектібаев өз сөзінде мемлекеттік тапсырыстарды беру тәсілдерін қайта қарауды және сертификаттау кезінде жауапкершілікті күшейтуді ұсынды.

Дизайнер Мәди Сыпатаев саланы дамытудың бір жолы ретінде AliExpress сияқты интернет-коммерцияға арналған алаңдарды пайдалану арқылы қазақстандық киімді сату нарығын кеңейтуді ұсынды.

Дариға Назарбаева өзінің қорытынды сөзінде дәл қазіргі жағдайда жеңіл өнеркәсіп саласы технологиялық және қаржылық тұрғыда толыққанды дамуға дайын емес екенін атап өтті. Саланы дамытудың ұзақ мерзімді, ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасымен тығыз үйлестірілген, заңдармен, тұрақты қағидалармен және қаржымен қамтамасыз етілген бағдарламасын қабылдау керек. Ол құжатта шикізат базасын дамыту, мемлекеттік тапсырыс алуға мүмкіндігі бар кәсіпорындардың бірігуін, кластерлердің, консорциумдардың құрылуын, тиімді салааралық байланыстардың орнатылуын ынталандыру туралы шаралар көзделуі тиіс.

"Кеткен қателіктер түзетілуі керек. Саланы кооперациясыз көтере алмаймыз", - деді Д.Назарбаева.

Д.Назарбаева саланы қолдау мен дамыту шаралары ретінде шағын және орта бизнес кәсіпорындарына кәсіби біліктілік деңгейін арттыруға, нысаналы қайта оқытуға көмектесу, сондай-ақ салық, ақша-несие және кеден саясатын жетілдіруге, нарықты қорғауға және контрабандаға қарсы күреске көмек көрсетуді атап өтті.

"Контрабанда мен контрафакт, бірінші кезекте шағын және орта бизнеске жасалған индустриялық соққы, бұл оларды бәсекеге қабілетсіз етеді. Мұндай жасанды әрі сапасыз өнімдерден тұтынушылар зардап шегеді. Әсіресе, контрабанда арқылы елімізге балаларға арналған сапасыз, тіпті олардың денсаулығына қауіпті тауарлардың келетіні қатты алаңдатады", - деп атап өтті Сенат басшысы.

Дариға Назарбаева тыңдауды қорытындылай келіп, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігіне жеңіл және химия өнеркәсібін дамыту бағдарламасымен тығыз байланыстырылған жаңа Агроөнеркәсіп кешені бағдарламасын жасау туралы бірлескен комиссия құруды ұсынды. Сонымен қатар Сенат жанынан құрылған Агроөнеркәсіп кешені жөніндегі кеңестің қызмет аясын жеңіл және химия өнеркәсібімен кеңейту ұсынылды.

Толығырақ ...

Көкпардан ІІ Әлем чемпионаты өтпейді

  • Бөлім:  Спорт

KAZUS.KZ. Қазіргі әлемді дүрліктіріп тұрған коронавирусқа қатысты наурыз айында Өзбекстанның Ташкент қаласында өтеді деп белгіленген көкпардан ІІ Әлем чемпионаты өтпейді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры Рахат Жақсыбай BAQ.KZ тілшісіне берген сұқбатында айтты.

Өткен жылы Өзбекстан көкпардан ІІ Әлем чемпионатын күзде өткіземіз деген. Алайда, өздеріндегі бір жағдайға байланысты биылғы наурыз айында өткізетінін хабарлаған болатын. Сол бойынша біз де жұмыстар жасап, чемпионатқа баратын құрамды белгілеп, дайындық жұмыстарын бастаған болатынбыз – дейді ол.

Оның айтуына қарағанда, Өзбекстан тарапы Әлем чемпионатын әзірге өткізбейтінін мәлімдеген.

Кеше Өзбекстан тарапы ресми хат жіберді. Онда коронавирусқа қатысты көкпардан ІІ Әлем чемпионаты өткізілмейтінін айтқан. Бұған дейін де ауызша хабарлаған болатын. Өздеріңіз білетіндей, қазір шекаралар жабылып жатыр. Оның үстіне, спортшылар аттарын да ала келулері керек болады – дейді Рахат Жақсыбай.

Халықаралық, әлемдік деңгейдегі сайыстарға қатысуды шегере тұру мәселесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан да ескертілген.

Мәдениет және спорт министрлігі жанынан құрылған арнайы штабтың шешімі бойынша бірінші жарты жылдықта коронавирус қаупі бойынша үш санатта көрсетілген (ҚР Бас санитары Жандарбек Бекшиннің арнайы қаулысы бойынша – Е.Ж.) елдерге және өзге де шет мемлекеттерде өтетін жарыстарға спортшыларды жібермеуді сұраған министрлік. Осыған байланысты Ұлттық спорт қауымдастығының 2020 жылғы Күнтізбелік жоспарына біраз өзгеріс енгізілді – дейді атқарушы директор.

Естеріңізде болса, өткен жылы Өзбекстан 2019 жылдың қыркүйек айында көкпардан ІІ Әлем чемпионатын өткізетінін хабарлаған болатын. Алайда түрлі себептерге байланысты чемпионатты 2020 жылдың наурызында өткізетіндіктерін мәлімдеген еді. Осы жолғы шегеруде ала шапанды ағайындар нақты қашан өтетінін айтқан жоқ.

Толығырақ ...

16 баланың анасы Өскемен қаласының құрметті азаматы атанды

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Өскемен қаласының тұрғыны Наталья Красильникова 16 бала тәрбиелеп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында қала әкімі Жақсылық Омар батыр ана Наталья Красильниковамен кездесіп, оған «Өскемен қаласының құрметті азаматы» атағын берді.

«Бүкіл өмірін бауыр еті балаларының болашағына арнаған отбасын нығайтып, қоғамның адал, сыйлы, еңбекқор мүшелерін тәрбиелеген адам үлкен құрметке лайық! Қала тұрғындары атынан Наталья Анатольевнаны мерекесімен құттықтадым, - деді шаһар басшысы өзінің Instagram парақшасында.

Бұдан бөлек Жақсылық Омар жас спортшы Анастасия Городкомен кездесті. Жуықта ғана ол фристайлдың могул түрінен Финляндияда өткен Еуропа кубогында рекордтық ұпай жинап, жеңіс тұғырынан көтерілген еді.

 

Толығырақ ...

Түркістан облыстық құтқарушыларға жаңа өрт сөндіру көліктері берілді

  • Бөлім:  Қоғам

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті су жаңа техникамен толықты, деп хабаралайды KAZUS.KZ.

Төтенше жағдай қызметкерлеріне облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев 20 өрт сөндіру автокөліктерінің кілтін табыстады. Ресейлік зауыттан арнайы тапсырыспен алдырылған техника заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтылған.

«Сіздердің еңбектеріңіз адал. Қауіптің бел ортасында жүріп төтенше жағдайлармен тиімді күрес жүргізіп келесіздер. Осы уақытқа дейін көптеген жетістіктерге қол жеткіздіңіздер. Апатпен күресте жоғарғы кәсібилік және жанқиярлық еңбектеріңізге алғыс айтамыз», - деді құттықтау сөзінде облыс басшысы.

Бүгінгі таңда, өңірде өрт сөндіру қызметінде 167 өрт сөндіру техникасы бар. Оның басым көпшілігі өрт сөндіру автокөліктері де, қалғаны көмекші автокөліктер. Соңғы үш жылда Төтенше жағдайлар департаментінің материалдық базасын нығайтуға облыстық бюджеттен 66 бірлік техника алынды.

Толығырақ ...

Бекболат Тілеухан: "Cіздер актер болып, артист болып отырсыздар!"

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Балалардың барлығына екпе жасау міндетті шара болуы мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігі бұл норманы заң жүзінде бекітуді ұсынуда, деп жазады zakon.kz.

Мәжілісмендердің біразы оған қарсы. Сапасыз екпе келсе, ұрпақты мүгедек етеміз, - деп алаңдайды. Себебі вакцинаны жеткізуші компанияларды алдын ала ескертусіз тексеруге болмайды екен.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Бекболат Тілеухан, ҚР Парламенті Мәлісінің депутаты:

"Быт-шыт вакцинаны еккізіп, мен көз алдымда әкесі болып тұрып, шешесі болып тұрып баланы калека қылатын жағдайға апаруға жол бергізбеймін. Бұл Қазақстаннан кет деген сөз бе бұл? Егер заңға мойынсұнбасаң, сен бұл мемлекеттен кетуге мәжбүр боласың. Мен ата-бабам өмір сүрген елден неге қашуға тиіспін? Сіздер соған итермелеп жатырсыздар! Сізге ешкім кет деп жатқан жоқ. Жоқ енді обязан десе!".

Бірнеше ай бұрын желіні шарлаған видео бұл. Мәжілісмендер жұмыс тобының отырыстарының бірі секілді. Денсаулық сақтау туралы кодекске өзгерістерді енгізу туралы заң жобасы. Балаларға екпе жасауды міндеттеу нормасына қатысты депутаттар қызыл кеңірдек болып дауласуда. Бекболат Тілеухан оны жақтағандарды "артиссіңдер" деп айыптап жатыр.

Бекболат Тілеухан, ҚР Парламенті Мәлісінің депутаты:

"Жаңағы сіздің сөзіңізден түсінген нәрсем. Дешевую вакцину покупают, поэтому деп отырсыздар. Высокоэффективный вакцина алыңыздар дейсіздер. Мұның артында үлкен ақша жатыр. Ол ақшаны анықтау үшін, соны ақтау үшін мына жерде сіздер актер болып, артист болып отырсыздар! Ал біз халықтың атынан айтқан соң, мынаны өткізетін болсақ, біздің парламенттегі құнымыз көк тиын тұрмайды".

Зәуреш Аманжолова, ҚР Парламенті Мәлісінің депутаты:

"Жоқ, мына жерде отырған депутаттардың бәрі халықтың атынан отыр. Олар да жай емес қой".

Араға біраз уақыт салып, еліміздің бас дәрігері сол заң жобасымен Парламентке келіп отыр. Тағы сол норманы сөз етіп, Бекболат Тілеухан "міндеттеу" сөзіне қарсы шықты. Оған жауап ретінде Елжан Біртанов біреу бас тартты деп, басқасына қауіп төндірсек, не болады, - дейді.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

"Балалардың ата-аналардың екпеден бас тартуының негізінде жалпы елімізде басқа, бұрыннан ұмыт қалған инфекциялық аурулар қайтып келіп жатыр. Біздің ойымыз, көп мемлекетте осы кейбір, барлық емес, кейбір вакциналарды міндетті түрде салады. Оның себебі басқа азаматтардың денсаулығын сақтау ол Үкіметтің міндеті".

Марат Ахметжанов, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

"Адамның өмірі мен заңы ең құнды деп есептеледі. Сондықтан бүгінгі неде біздің өзіміздің сараптамамыз бойынша конституцияға бұл нормалар қайшы келмейді".

Демек, міндеттеу нормасы қабылданатын сияқты. Бір түйткіл бар. Сол екпенің сапасын қадағалау үшін тиісті комитет тексеру жұмыстары жөнінде бірнеше тәулік бұрын ескертуі керек екен. Алдын ала тінту болатынын білетін қылмыскер дәйекзаттарды сақтап отырмайды ғой. Сондықтан дәл вакцинаға келгенде "ескерту" талабын алып тастау керек дейді мәжілісмендер.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

"Егер тиісті мемлекеттік органның қажетті құзыры болмаса, вакцинаға жауаптыларды қалай бақыламақшысыздар? Заң нормаларын дайындағанда ескермегендеріңізге таң қаламын. Азаматтар біле жүрсін, депутаттар екпеге қатысты тендерді өткізетін органдардың, вакцинаны жеткізуші мекемелердің жауапкершілігін қатаңдатуды ұсынды. Егер адам өміріне қауіп тудырса, 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады".

Марат Ахметжанов, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

"Бұл норманы ерекше тәртіп қатарына қосамыз. Онда алдын ала ескертудің қажеті жоқ. Керісінше, тексеру өтіп болған соң, бір тәуліктен кейін не себепті шара қолданылғанын, қандай мән-жай анықталғаны туралы айтылатын болады".

Кодекс тек бірінші оқылымда қаралды. Заң жобасы мақұлданғанымен екінші оқылымда айтылған ескертулер өзгерістер түрінде енгізілуі тиіс.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу