logoru
logo

Бейсенбі, 05 Наурыз 2020 - KAZUS.KZ

«Дипломмен ауылға» мемлекеттік қызметшілер де баратын болды

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. «Дипломмен ауылға» бағдарламасына мемлекеттік қызметшілер қосылады. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Мәжіліс депутатының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап өтілгендей, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылдың 5 наурызында өткен агроөнеркәсіп кешені мәселері жөніндегі республикалық кеңесте ауылға оралған мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну арқылы ынталандыруды тапсырды. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы нақты ауылдық елді мекенге жұмыс істеуге және тұруға келген мамандарды қолдауға бағытталған.

«Аталған тапсырмаға ауылдық жерлерде әлеуметтік салалардағы білікті мамандардың кадр тапшылығы, соған орай білім беру, медициналық және басқа да әлеуметтік қызметтердің сапасына қанағаттанбаушылық, қала мен ауыл арасындағы орын алып отырған үйлесімсіздік негіз болды», - деді Премьер-Министр.

Асқар Маминнің айтуынша, жоба аясында ұсынылатын әлеуметтік қолдау шаралары «Агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» ҚР заңының 18-бабы 8-тармағымен регламенттелген. Аталған бап тек ауылдық аумақтарды дамытуға бағытталған және қалалық елді мекендерге қолданылмайды.

«Бұған қоса, аудандық маңызы бар қалаға келген мамандар үшін жоба аясында әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ауылдық жерлерден мамандардың кетуіне және кадр тапшылығын одан ары ұлғаюына, сондай-ақ бюджет шығыстарының артуына түрткі болады. Дегенмен, «Дипломмен ауылға» жобасына ауылдық округ әкімдігінің аппаратында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілерді қосу жоспарланған. Бұл да мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігін арттырады. Бұл норма ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы №1012 қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілген «Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында көзделген», - деді Үкімет басшысы.

Толығырақ ...

Қазақстанда 992 адам карантинге жатқызылды

  • Бөлім:  Қоғам

Қазақстанда 992 адам карантинге жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.

"Қазақстанда 992 адам оқшауланып, карантинге жатқызылды. 8 мыңға жуық адам Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында. Олардың ішінде Қазақстан азаматтары мен шетелдік азаматтар бар. Вирустың белгілері байқалған жағдайда олар бірден ауруханаға жатқызылады", - деді министр Нұр-Сұлтанда өткен брифингте.

"Бүгінде 60 адам ауруханаға жатқызылды, кеше олардың 18-і үйлеріне жіберілді. 42 адам ауруханада жатыр. Оларды тексеріп жатыр", - деді Біртанов.

Еске салайық, мұның алдында дене қызуы мен жөтел болғанда қазақстандықтарға жедел жәрдем шақыруға кеңес берілген болатын.

"Коронавирус инфекциясының жаппай тарауына байланысты және індеттің алдын алу мақсатында сіздерден қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз", - делінген еді Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Толығырақ ...

Фейк ақпараттарға сенбеңіздер – денсаулық сақтау министрі

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастар тіркелген жоқ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ОКҚ брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды "Хабар-24".

"Соңғы күндері күнделікті ақпараттарды беріп жатырмыз. Сонымен қатар арнайы Денсаулық сақтау министрлігі және Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің сайтында және телеграмм каналында бүкіл ақпарат беріліп жатыр", - деді Елжан Біртанов.

Соған қарамастан халықтың арасында, әлеуметтік желілерде түрлі-түрлі ақпарттар тарап жатқанын айтып өтті.

"Мысалы, бүгін Whatsapp желісі арқылы Нұр-Сұлтанда 2 кісі қайтыс болды деген ақпарат тарады. Қытайдың азаматтары қайтыс болды немесе кеше Алматыда көп қытайлықтар емделіп жатыр деген сияқты басқа да жалған ақпараттар тарап жатыр", - деді министр.

Еліміздің барлық азаматын түрлі аурулар мен инфекциялардан қорғау, сонымен қатар толық, ашық ақпарат беру негізгі міндеттері екенін айтып өтті.

"Фейк ақпараттарға сенбеңіздер. Күндіз-түні телефонға түрлі ақпарат келеді, оған сенбеңіздер. Нақты ақпарат қажет болса, біздің арнайы телефондарымыз бар немесе 1406 нөміріне телефон соғып, толық ақапарат алуға болады", - деді ол.

Жалпы Қытайда 80 мыңнан астам науқас тіркеліп, ауруханадан 52 мыңнан астам адам, яғни науқастардың 65 пайызы емделіп шыққанын айтты.

"Өкінішке орай Қытайдан басқа дүниежүзінің 79 мемлекетінде 14 мыңнан астам науқас тіркелді. Жұқпалы ауру болғаннан кейін күнделікті таралып келе жатыр. Бірақ қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастар тіркелген жоқ. Ондай диагноз әлі ешкімге қойылған жоқ", - деді Е.Біртанов.

Толығырақ ...

Қазақстанда 14 шаһар қала мәртебесінен айырылады

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Қазақстанда 14 шаһар қала мәртебесінен айырылады. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Мәжіліс депутатының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кейбір аудандық маңызы бар қалалардың халық саны, экономика құрылымы және өмір сүру жағдайлары ауылдық елді мекендерден еш айырмашылығы жоқ болғандықтан олардың мәртебесін өзгерту мәселесі туындап отыр. Халық саны бойынша өз мәртебесіне сай келмейтін елімізде мұндай 14 қала (Ақмола облысында – 3 қала, ШҚО-да – 2, Қарағанды облысында – 2, Қызылорда облысында – 1, Маңғыстау облысында - 1, СҚО-да - 2) бар», - деді Үкімет басшысы.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта Мемлекет басшысының 2019 жылдың 2 қыркүйегіндегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын жүзеге асыру бойынша жалпыұлттық жоспардың 74-тармағына және 2020 жылға арналған Үкіметтің заң жобалау жұмысы жоспарына сәйкес, Ұлттық экономика министрлігі «Аудандық, қалалық және аудандық деңгейдегі биліктің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеп жатыр. Заң жобасы Парламентке 2020 жылдың қыркүйегінде енгізіледі.

 

Толығырақ ...

Әрбір қазақстандыққа шамамен екі төлем карточкасынан келеді

KAZUS.KZ. Қазақстанның төлем карточкалары нарығы өсудің оң серпінін көрсетті, деп жазады "Хабар 24".

2020 жылдың басында Қазақстанның төлем карточкалары нарығында 32,0 млн төлем карточкасы айналыста болды, олардың 57%-ы (18,2 млн) белсенді төлем карточкалары болып табылады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.

Халықтың карточкалық өнімдерге сұранысы, мобильді сервистердің дамуы және банктердің жеңілдігі бар бағдарламалары өсудің негізгі факторлары болып табылады.

«Төлем карточкаларын пайдаланып, тауарлар мен қызметтер үшін ақы төлеу инфрақұрылымының даму процесі жалғасуда. Төлем карточкаларымен ақы қабылдайтын кәсіпкерлер саны да артып келеді», – деді Ұлттық банктің Төлем жүйелерінің департаменті басшысы.

2019 жылдың қорытындысы бойынша 96 428 кәсіпкер 134 484 сауда орнына 161 690 POS-терминал орнатты. 2018 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда кәсіпкерлер (17%), сауда орындары (22%) және POS-терминалдар (27%) санының өсуі байқалады.


Толығырақ ...

Коронавирус: Швейцариядан алғашқы өлім тіркелді

  • Бөлім:  Әлемде

KAZUS.KZ. COVID-19 коронавирусы әлем бойынша жылдам тарап жатыр, деп жазады Baq.kz

Бүгін Швейцарияда коронавирус салдарынан бір адам қайтыс болды. 

Палестинада алғашқы COVID-19 жұқтырған факт тіркелді және Германияда коронавирус жұқтырғандар саны 349-ға жетті.

Оңтүстік Кореяда тағы 478 адам жұқтырып, коронавируспен ауырып жатқандар саны  6088 адамға жетті. Тағы 6 адам қайтыс болды, жалпы 41 адам қаза тапты.
Толығырақ ...

Түркияда депутаттар төбелесіп қалды (видео)

  • Бөлім:  Әлемде

KAZUS.KZ. Түркия парламентінде Сирияның Идлиб провинциясындағы оқиғаларды талқылау кезінде депутаттар жаппай төбелесті, деп хабарлайды zakon.kz "Звезда" телеарнасына сілтеме жасап.

Жанжал оппозициялық фракциялардың бірінің басшысы ел президенті Реджеп Тайып Ердоған туралы жағымсыз пікір айтқаннан кейін басталды.

Төбелеске ондаған депутат қатысты. Мемлекет басшысының жақтаушылары шымбайына Ердоғанның халықаралық аренадағы, ең алдымен Сириядағы саясатына қатысты айтылған сын батып кетсе керек.

Заң шығарушылар бір-бірін еденге құлатып, бір-біріне орындық лақтырды.

Идлибтегі жағдайдың 27 ақпанда күрт нашарлап, содырлар кең көлемде шабуыл жасады. Кейін Анкара мәлімдегендей, Сирия әскери күштерінің террористерге жасаған соққы кезінде 36 түрік сарбазы қаза тапты.

Толығырақ ...

Түркістанда «Жасыл белдеу» аумағына ағаш көшеттері отырғызылды

  • Бөлім:  Қоғам

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан маңында қалыптасқан «Жасыл белдеу» аумағын аралап, қыста егілген ағаштардың көктегенін көріп шықты, деп хабарлайды KAZUS.KZ Түркістан облысы әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Орман алқабында бірнеше тал егіп, көктемгі ағаш отырғызу науқанын ашып берді. Қала маңына егілген жасыл желектің аумағы 8 мың гектарға жуық алқапты алып жатыр. алдағы уакытта оның көлемін екі есе арттыру көзделген. Түркістанның айналасында қазірде 1-млн-нан артық жапырақты, көпжылдық ағаш көшеттері жайқалып өсіп тұр. Биыл да өңірде шаған, терек, қайың, қарағаш, арша, үйеңкі ағаштары отырғызылады.

Жалпы «Жасыл белдеу» жоспарының жартысына жуығы орындалған. Түркістан төңірегінде ағаш отырғызып, су жүйелерін енгізу жұмыстары наурыз айында толық аяқталмақ. Қазірде ұңғымалар қазылып, көшет отырғызылған жерлер қоршалуда. Қаланың іші мен айналасын көгалдандыру жаңарған шаһардың құрысындағы маңызды мәселелердің бірі. Күрт құбылмалы климатты өзгерту үшін жазық далада қолдан орман жасау жобасын жүзеге асырған Өмірзақ Естайұлы жасыл алқапты аралап жүріп, ауқымды жұмыс барысына көңілі толды.

«Жасыл алқап Түркістанның табиғи тынысына айналмақ. Соның арқасында ауа тазарып, қала шаң мен желді дауылдан қорғалады. Сонымен бірге, қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналмақ. Өйткені жасыл белдеу аумағында су арналары мен жасанды көл пайда болады. Түрлі жан-жануар мен мен сан алуан құстар мекендейді»,-деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.

«Жасыл белдеудегі» тәлімбақта Түркістан қаласының климатына тез бейімделетін, тек өзге мемлекеттерде өсетін өсімдіктерді жерсіндіру бойынша тәжірибелер жасалды. Бұл өз кезегінде кейбір қылқанжапырақты тұқымдас түрлерін Түркістан қаласының айналасындағы «Жасыл белдеуде» өсіру үшін бейімдеу мақсатында жүзеге аспақ.

Толығырақ ...

Алғаш рет отандық дәрігерге Нобель медалі берілді

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Ел медицинасының тарихында тұңғыш рет қазақстандық дәрігер Нобель медалін алды, деп жазады Baq.kz.

"Ұлттық ғылыми медициналық орталық" АҚ ұрық жасушаларын трансплантациялау бөлімінің басшысы, бағаналық жасушалар саласындағы бірқатар зерттеуді жасаушы Самат Сапарбаев Ресей мен ТМД өнертапқыштарының дамуына қосқан үлесі үшін Нобель медаліне лайықты деп танылды. Бұл туралы Today.kz хабарлады.

Аталған марапат жиыны Мәскеу қаласында өтеді. Сонымен бірге медаль халықаралық маңызы бар және мойындалған туындылар үшін алғашқы өнертапқыштардың бірі ретінде беріледі.

Самат Сапарбаев жасушалық технологиялар саласында 2006 жылдан бері зерттеулермен айналысады және жасушалық технологиялар бойынша ғылыми-техникалық бағдарламаның негізгі орындаушыларының бірі. Зерттеу нәтижелері жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін клиникалық практикаға енгізілді. Дәрігер фетальдық жасушаларды бөлу, өсіру және криоконсервациялау әдістерін әзірлеп, практикалық қызметке енгізген. Сонымен қоса жасушалардың көктамырішілік трансплантациясы бойынша хаттамалар жасап және медициналық-экономикалық көрсеткіштер әзірледі. Дәрігер жұмыстарынан алынған деректер республикалық және халықаралық конференцияларда бірнеше рет баяндалды. 10-нан астам инновациялық патентке ие, 3 монографияның 6 әдістемелік нұсқаулық шығарылды, 60-тан астам ғылыми жұмыстар, оның ішінде алыс шетелдерде де жарық көрді, - деді Ұлттық ғылыми орталық өкілдері Нобель медалінің жеңімпазы туралы.

Айта кетейік, "Ұлттық ғылыми медициналық орталық" базасында Қазақстанда клиникалық базада құрылған жасушалық технологиялар зертханасы жұмыс істейді. Бұл жерде ұрық жасушаларының көмегімен Паркинсон ауруы, шашыраңқы склероз, бауыр циррозы, ревматоидты артрит, қант диабеті, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі және т.б. диагнозы бар пациенттерді емдейді. Аталған емнің барлық түріне азаматтар квота арқылы қол жеткізе алады.

Бүгінгі таңда дәрігер бес награда бойынша марапатталады. Олардың қатарында "Ресей мен ТМД-ның белгілі ғалымдары" сертификаты мен куәлігі, Ұлы Екатерина ордені, "Ғылыми жеңістері мен жетістіктері үшін" ордені, әлемдік ғылымның дамуына қосқан елеулі үлесі үшін, көрнекті ғылыми жұмыстары, жаңалықтары, өнертабыстары үшін және үлкен ғылыми-практикалық маңызы бар жұмыстардың жиынтығы бойынша берілетін марапат та бар. Сондай-ақ "Жоғары білім беру саласындағы жаңашыл жұмысы үшін" алтын медалімен марапатталып, оған Ресей мен ТМД "ғылым мен білімнің еңбек сіңірген қызметкері" құрметті атағы берілді.

Толығырақ ...

WhatsApp-та жаңа функция пайда болды

KAZUS.KZ. WhatsApp мессенджері енді қара түсті болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz компанияның блогына сілтеме жасап.

Компаниядағылардың айтуынша, жаңа функция мессенджерлерде қаңтар айының соңында тестілеуден өткізіле бастаған. Ал енді ол iOS және Android қосымшаларында пайда болды.

WhatsApp-тағы қара түсті режим көздің ауыруын алдын алады дейді жаңа функцияны әзірлегендер.

Android 9 және iOS-тың ескі нұсқаларын қолданушылар қара түсті функцияға былай өте алады: WhatsApp баптау > Чаттар> Түстер > Қара. Ал бірақ iOS 13 орнатылмаған iPhone қоладнушыларында бұл функция жұмыс істемейтіні айтылады.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу