logoru
logo

Сейсенбі, 03 Наурыз 2020 - KAZUS.KZ

"Ордабасы" футбол клубының ойыншылары жанкүйерлерімен кездесті

  • Бөлім:  Спорт

Бүгін Шымкент қаласындағы "MEGA Planet" сауда орталығында "Ордабасы" футбол клубының таныстыру рәсімі өтті, деп хабарлайды KAZUS.KZ.

Салтанатты таныстыру рәсімінде шыққан "Ордабасы" футбол клубының ойыншыларына клуб президенті Бахтияр Байсеитов таңбаланған жейделерді табыстады. Сөз алған басшы әр мачта жанкүйерлердің қолдауы команда үшін маңызы ерекше екендігін жеткізді.

"Бізге қолдау көрсетсеңіздер біз одан да жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткіземіз", -деді Бахтияр Байсеитов "Ордабасы" футбол клубының президенті.

Сондай-ақ клуб президенті жанкүйерлерге "Ордабасы" фан-клубының туын табыстады. Сонымен қатар тұрақты жанкүйері болып табылатын мүмкіндігі шектеулі жандарға сыйлық жасауды да ұмытпады. 

Бүгінгі таңда "Ордабасы" клубы 2020 жылдың маусымында команда алдында чемпионаттың алтын медальдарына күресуді жоспарға қойып отыр.  

Осы күнде Шымкенттік клуб өз сапында жергілікті ойыншылары ең көп командалары арасында көш бастап тұр. Сонымен қатар командада алыс және жақын шет елдерден келген кәсіби ойыншылар өнер көрсетуде. (Ресей, Бразилия, Аргентина, Сербия, ОАР, Бельгия, Португалия, Босния Герцеговина және Сенегалдан).

2019 жылдың маусымында «Ордабасы» клубынан ұлттық құрамаға 8 ойыншы шақыртылып онда олар өнегелі өнер көрсеткен.

Еске салайық, 2017, 2019  жылдар. Қазақстан Чемпионатының қола жүлдегері атанса, 2011 жыл Қазақстан Кубогінің иегері, 2007 жыл. Қазақстан Кубогінің финалисті.

2012 жыл. Қазақстан Супер кубогін ие болған.

Сондай-ақ 2012 жылдан бастап Еуропа Лигасына қатысып келеді. Алдағы маусымда Еуропа лигасының іріктеу раундында қатысады. Ойындар 2020 жылдың шілде айында басталады.

 

 

Толығырақ ...

Тоқаев Қоғамдық сенім ұлттық кеңесі құрамына неге өзгеріс енгізілгенін түсіндірді

  • Бөлім:  Cаясат

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қоғамдық сенім ұлттық кеңесі құрамындағы өзгеріске қатысты түсінік берді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысына жұртшылықты кеңінен тарту мақсатында кеңес мүшелері алмастырылды. Ұлттық кеңеске белгілі қоғам қайраткерлері келді. Кеңестің бұрынғы мүшелеріне белсенді жұмыстары үшін ризашылығымды білдіремін", деп жазды Президент Тwitter-дегі парақшасында.

 

Толығырақ ...

Коронавирус: Twitter қызметкерлері үйден жұмыс істейді

KAZUS.KZ. Бірінші кезекте бұл Гонконг, Жапония және Оңтүстік Кореядағы қызметкерлеріне қатысты. Бұл туралы компания таратқан хабарламада жазылған, деп жазады Baq.kz.

Бүгіннен бастап әлемдегі барлық қызметкерімізге үйден жұмыс істеуді ұсынамыз. Біздің мақсатымыз – COVID-19 коронавирусының айналамызға таралуын төмендету. Кейбір қызметкеріміз үшін үйде жұмыс істеу ыңғайлы емес екенін түсінеміз, сондықтан олар үшін кеңсеге келуге рұқсат. Әсіресе Гонконг, Жапония және Оңтүстік Кореядағы қызметкерлер үшін үйде жұмыс істеу міндетті болмақ, - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, компаниядағылар жұмыс режиміне қатысты талаптар алдағы жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін екенін де ескертті.

 
Толығырақ ...

Apple компаниясы iPhone смартфондарының жұмысын әдейі тежеді деген күдікке ілінді

Nалап, арызға сәйкес аталған компания ескі телефондардың жұмысын әдейі тежеп, тұтынушыларды жаңа смартфон сатып алуға итермелеген. Бұл туралы baq.kz жазады Reuters сайтына сілтеме жасап.  

Apple компания үстінен ұжымдық арыз жазған смартфон иелеріне 500 миллион доллар айыппұл төлеуге дайын екенін мәлімдеген. Компаниға шағым түсіргендердің көбі iPhone 6, 6s, 7 және SE модельдерін тұтынушылар болып шықты. Сонымен қатар, iOS 11.2 жүйесінде жұмыс істеген iPhone 7 мен 7 Plus құрылғыларын ұстаушылар да бар. 

Тұтынушылардың айтуынша, смартфондарындағы бағдарламалық жасақтама жаңартылғаннан кейін құрылғы баяу жұмыс істейтін болған. 

Компания жәбірленуші тарапқа өтемақы төлеуге дайын екендіктерін айтып отыр, алайда ескі iPhone құрылғысының баяу жұмыс істеуі температураның көтерілуінен немесе құрылғыдағы жүктеменің тым көп болуынан болуы мүмкін деген уәж айтуда. Сондай-ақ, компания жаңартылған ОЖ-да анықталған кемшіліктерді тез арада жоятындарын мәлімдеді.

Apple төлейтін өтемақы көлемі 310 млн доллардан кем емес және 500 миллионнан аспайды. Компания әр тұтынушы үшін 25 доллар көлемінде өтемақы төлеуге дайын. 

1976 жылы негізі қаланған Apple компаниясы iPhone смартфондарын, iPad планшеттерін, iMac компьютерін, MacBook ноутбуктерін және тағы басқа технологияларды өндірумен айналысады.

Толығырақ ...

Қазақстанда ID-карталардың мүмкіндіктері кеңейтіледі – Еңбек министрлігі

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Қазақстанның барлық өңірлерінде әлеуметтік ID-карталарды енгізу мәселесі бойынша облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдіктерімен селекторлық кеңес өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған министрліктің мәліметіне қарағанда, бүгінгі таңда әлеуметтік карталар Ақтөбе, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында енгізілген. Олар жол ақысын төлеуге, атаулы әлеуметтік көмек, кепілдік берілген әлеуметтік топтама және басқа да әлеуметтік қызмет түрлерін алуға мүмкіндік береді.

Атап айтқанда, Ақтөбеде «Қазпошта» АҚ банк картасы негізінде 40 мыңнан астам әлеуметтік карта шығарылды. 6 ай ішінде ақша айналымы 841 млн теңгені құрады. Карталардың иелері мектеп асханаларында тамақтануға, жолақысын төлеп, тегін рецепт бойынша дәрі-дәрмек ала алады.

Нұр-Сұлтанда Astra бірыңғай көлік картасы жұмыс істейді. 1,5 млн картаның 120 мыңы оқушыларға, 135 мыңы азаматтардың жеңілдікті санаттары үшін шығарылды. Орташа айлық ақша айналымы 1,5 млрд теңгені құрады. Бірыңғай мектеп картасын пайдалана отырып, қала оқушылары Bala pay және Feeb me электрондық жүйелері арқылы тамақтануды төлеуге мүмкіндігі бар.

Алматыда бұл жүйе «Оңай» көлік картасының базасында жұмыс істейді. 2,9 млн шығарылған картаның 333 мыңы мектеп оқушыларына, 422 мыңы студенттерге арналған және 241 мыңы – жеңілдікті. Олар бойынша орташа айлық айналым 2 млрд теңгені құрады. «Оңай» карталарының иелері қоғамдық көлікте жол жүру ақысын төлей алады, музейлерге, кітапханаларға, киноға билеттер сатып ала алады, мәдени іс-шараларға қатысады. Алматыда мектеп асханаларында тамақтануды төлеу мүмкіндігін енгізу жоспарланып отыр.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукеновтің айтуынша, ID-карталардың мүмкіндіктері кеңейтіледі. Ардагерлер, зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар, табысы аз және көпбалалы отбасылар негізгі нысаналы топтар болады. Әкімдіктер өнім берушілерді өздері таңдайды. Қазіргі уақытта 13 өңір кіммен жұмыс істейтінін анықтады.

Әлемдік тәжірибеде әлеуметтік ID-карталар бірқатар елдерде пайдаланылады. Мысалы, Австрияда, Эстонияда, Малайзияда, Италия мен Ресейде адамдар әлеуметтік төлемдер мен арнайы пластикалық карталар арқылы жәрдемақы алады.

 

Толығырақ ...

Токио Олимпиадасы көрерменсіз өтуі мүмкін

  • Бөлім:  Спорт

KAZUS.KZ. 2020 жылы Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындары көрерменсіз өтуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Халықаралық Олимпиада комитеті қазір Дүниежүзіліс денсаулық сақтау ұйымымен тығыз байланыста. ХОК басшылары дәрігерлермен коронавирусқа қатысты ақылдасып жатыр.

Daily Mail мәліметі бойынша, Олимпиадада фанаттардың болмауы ХОК-тың телекомпаниялармен бірнеше миллион көлемінде келісімшартқа отырауына көмектеседі. ХОК Жазғы ойындарды басқа қалаға ауыстырғаннан не оны мүлде өткізбей қойғаннан көрі сайысты тікелей трансляцияда көрсетуді жөн санап отыр.

Айта кетейік, ақпанның аяғындағы дерек бойынша, Жапонияда 862 адам коронавирус жұқтырған. Ал Токио Олимпиадасы 24 шілде мен 9 тамыз арасында өтеді.

Толығырақ ...

Демалыс күндері жұмысқа шыққан мемқызметшілерге қосымша ақы төленбек

  • Бөлім:  Cаясат

KAZUS.KZ. Елордадағы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде 2020 жылдағы Әдеп жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл жердегі негізгі мәселе - әдеп комиссиясының жұмысын жандандыру. Бүгінгі Әдеп жөніндегі комиссия отырысында бірнеше мәселе қаралады. Бірінші мәселе конкурстық комиссияның кейбір ережелерінің бұзылуына байланысты болмақ. Екінші мәселе мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытына, яғни сегіз сағаттан аса жұмыста болуына байланысты. Оған мемлекеттік жауапты қызметшілерді шақырдық. Бұл Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құзіретіндегі мәселе. Әр еңбек шартын осы министрлік қарайды. Біз мемлекеттік қызметкерлердің құқығын қорғау үшін аталған министрлікпен меморандумға қол қойып, сол арқылы жұмыс істеудеміз. Сегіз сағаттық жұмыс уақытын жүйелелі пайдалану мәселелерін қарастырамыз», - Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев.

Ол әдеп жөніндегң комиссия отырысы бірінші рет өтіп отырғанын айтты.

«Сенбі күні Нұр-Сұлтан қаласындағы министрліктерде, тіпті Премьер-Министрлігінің кеңсесінде жұмысқа шығып жатқандарды көруге болады. Егер мемлекеттік қызметші сенбі, жексенбі күндері жұмысқа шығатын болса - оларға қосымша ақы төленуі керек немеме алдағы уақытта қосымша демалыс күндері берілуі керек. Бүгін осы мәселені қарап, бұйрықтарға сәйкес шешім қабылдаймыз. Қажет болған жағдайда басшыларын әкімшілік немесе басқа да тәртіптік жазаға тартылады», - дейді ол.

Отырысқа ұлттық экономика, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, қаржы, цифрлық даму, инновациялар мен аэроғарыш өнеркәсібі, индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрліктерінің жауапты хатшылары мен кадр қызметінің басшылары қатысты.

Толығырақ ...

Түркістанда Наурыз мерекесі 12 күн бойы тойланады

  • Бөлім:  Қоғам

Түркістанда Ұлыстың Ұлы күніне арналған мерекелік іс-шаралар 14-наурыз күні басталады, деп хабарлайды KAZUS.KZ Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Киелі мекенде «Этноауыл» бой көтеріп, Наурыз мейрамын 12 күн бойы тойлау жоспарлануда. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалық етуімен апталық лездеме отырысында талқыланды. Шаһарда дәстүрлі ұлттық ойындар (көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу, алтыбақан, тең көтеру, т.б.) өтеді. Түркістан төрінде азулы ақындар аламан айтыста бас қосады. Елімізге танымал жұлдыздардың концерттік бағдарламалары, сан алуан байқаулар мен фестиваль, сайыстар ұйымдастырылады.

Жиында баяндама жасаған Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақовтың мәлімдеуінше, биыл өңірде 825,4 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланған. Пленка астында егу технологиясын қолдана отырып жылына 2-3 рет өнім алу әдісі енгізілген Түркістан өңірінде шаруалар қыстың ортасында егін егіп, ерте көктемде өнім алады. Көктемгі дала жұмыстарына қажетті 37 мың тонна арзандатылған жанармай бөлініп, жер айдау жұмыстары 96% орындалған. Облыстағы егістік алқаптарын цифрландыру бойынша электрондық картасы әзірленуде. Жиында бұл істің кей аудандарда ақсап тұрғаны сынға алынды. Сондай-ақ, басқарма басшысы ветеринариялық бақылаудың облыстық атқарушы органның құзыретіне өтуіне байланысты жүзеге асып жатқан бірқатар оң өзгерістер жайлы баяндады.

Отырыста жыл сайын жүзеге асырылатын зиянкестерден келетін қауіптің алдын алу бойынша жұмыстар талқыланды. Биыл облыстағы 170 мыңнан астам гектар жерге химиялық өңдеу жоспарланған. Фито санитар мамандар аса қауіпті саналатын Марокко шегірткесінің қауіпті ошақтары анықтап, қанаттылармен күреске дайын отыр.

Апталық лездеме отырысында Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов шаһардың даму бағыттарын баяндады. Бүгінде қалада Әкімшілік-іскерлік орталық аумағында 7 қабатты 14 тұрғын үйдің, 12 қабатты 40 тұрғын үйдің, ал «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» тасжолының бойында7 қабатты 10 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Құрылыс алаңына 627 жұмысшы тартылған. Бұған қоса, Әкімшілік-іскерлік орталық аумағынан жеке құрылыс компаниясы өз қаражаты есебінен 12 қабатты 32 тұрғын үйдің құрылысын жүрізуде. Кей құрылыс аумағында істің кенжелеп қалғанын қатаң сынға алған Өмірзақ Естайұлы жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.

Толығырақ ...

Жәкішев қамаудан шығатын болды

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Семейде бүгін "Қазатомөнеркәсіп" компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің ісі бойынша сот отырысы өтті. Оның шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініші қанағаттандырылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Жәкішевтің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініші қанағаттандырылатын болады, - деді судья Әлімова.

Бүгін, 3 наурызда осы іс бойынша Семейде сот отырысы өтті.

Жәкішев сот залында болмады, ол түрмеден видеобайланысқа шықты.

Бұл - шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға берілген өтініш бойынша қаралып жатқан үшінші сот ісі. Бұл шешімді қарастырып жатқан сот биліктің маңызды тармағы және қоғамның өкілі деп санаймын ... (..) Мені қолдауға келген көп адамдарды көріп тұрмын. Осы адамдарға және елімнің жалпы қолдауына сүйене отырып, сіз өз сұрақтарыңызға (сотталушының қауіптілігі туралы - ред.) жауап ала аласыз деп ойлаймын. Менің Қазақстан азаматы ретіндегі басты өтінішім - Қазақстан Республикасында қабылданған заңдар маған қолданылса деймін. Прокуратура мен сотқа жолдаған басты өтінішімде де заңды қарауылдамай, оны жүзеге асырайық деген едім, - деді Мұхтар Жәкішев.

Одан кейін Қазатомөнеркәсіптің бұрынғы басшысы жазасын өтеп жатқан колония өкілі сөз сөйледі. Ол сотталушыны жағымды жағынан сипаттап, үлгілі мінез-құлқы үшін жеті рет сыйақы алғанын айтты.

Біз шартты түрде босатуды мүмкін деп санаймыз, - деді колония өкілі.

13 ақпанда Жәкішев тағы бір рет мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініш бергені белгілі болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та оның ісі туралы пікір білдірді. Мемлекет басшысы өз сұқбатында Жәкішев ісіндегі сот шешімі әділ болады деп санайтынын айтқан.

Толығырақ ...

Ұлыбританияда ең қымбат монета шығарылды

  • Бөлім:  Әлемде

KAZUS.KZ. Монетаның салмағы 7 келі, ал құны 7 мың фунт. Бұл теңгемен есептегенде шамамен 3 408 850 теңгені құрайды, деп жазады Baq.kz.

2 наурыз күні Ұлыбританияның патша сарайында алтын монеталардың жиынтығы ұсынылды. Оның ішінде тарихта ең қымбат әрі ең ірі монета болып қалған тиын да кіреді.

Бұл туралы Интерфакс-Украина хабарлады.

Монета Джеймс Бонд туралы "Не время умирать" атты жаңа фильмнің шығуына орайластырылып жасалған. 

Монетада Джеймс Бондтың Aston Martin DB5 автокөлігі мен BMT 216A көлік нөмірі бейнеленген. Көліктің астында британдықтардың ойдан шығарған агенттерінің 007 саны мен тапаншасы да көмкерілген. 

Диаметрі 185 мм, салмағы 7 келі монетадан бөлек жиынтықта екі, бір келілік және 5 унцийлік монеталар бар. 

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу