logoru
logo

Бейсенбі, 19 Наурыз 2020 - KAZUS.KZ

Magnum компаниясының басшысы сатып алушыларға үндеу жасады

KAZUS.KZ. Magnum компаниясының басшысы сатып алушыларға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин енгізілуіне байланысты ірі сауда желісінің басқарма төрағасы сатып алушыларға үндеу жасады.

"Құрметті сатып алушылар!

Қазіргі жағдайда түсіністік білдіріп,  сабыр сақтағандарыңызға,  сенімдеріңізге рахмет!

Үкімет қабылдаған шектеулер,  сізбен біздің қауіпсіздігіміз үшін жасалған.

Ел бойынша Магнум дүкендері ерекше жағдайда жұмыс істеуде. Санитарлық шараларды мүмкіндік бойынша арттырудамыз.

Карантин уақытында үйлестіру орталықтарынан Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына тауар жеткізілу жалғасады.

Алайда,  карантинға байланысты тауар жеткізу уақыты созылады. Себебі,  жүк көліктері (Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында кіре берісте) тексеру посттарында тексеріледі.

Адамдардың жүруіне де шектеу қойылды.

Нұрсұлтан, Алматы қалаларының маңында тұратын кейбір қызметкерлеріміз, кесте бойынша жұмысқа шыға алмайды.

Қызметкерлер тапшы болады,  әсіресе Алматы қаласында.

Осыған байланысты екі қаланың тұрғындарын жұмысқа шақырамыз.

Сүйікті сатып алушылармызды қызмет сапасының түсуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Егер, Сіз дүкеннен іздеген тауарды таба алмасаңыз,  ол тауардың жоқтығынан емес,  тауардың жеткізілуімен, жұмысшылардың жетіспеуіне байланысты.

Іздеген тауарыңызды басқа филиалдан немесе келесі күні келіп сатып ала аласыз.

Еске саламын,  барлық тауарлар қоры осы кезеңнен аман есен шығуға жетеді.

Сатып алушыларымызға өтініш,  сауданы қалыпты уақытта жасауды сұраймыз.

Баршаға денсаулық және үйреншікті күндерімізге тез жетуді тілеймін!".

Толығырақ ...

Төтенше жағдай режимін бұзған кафе иелері жазаланды

KAZUS.KZ. Қызылордалық полицейлер төтенше жағдай режимін бұзған төрт кафенің иесіне әкімшілік хаттама толтырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ел Президенті Қ.Тоқаевтың республикада коронавирустық инфекцияның таралу қаупіне байланысты төтенше жағдай режимін енгізуіне қатысты және ҚР ІІМ министрі Е. Тұрғымбаевтың тапсырмасына сәйкес адамдар көп жиналатын жерлерде бірқатар шаралар қабылданып, уақытша шектеулер қойылды.

Қазіргі ел өміріндегі күрделі кезеңде Қызылорда облысы Полиция департаментінің жеке құрамы қызмет атқарудың күшейтілген тәртібіне ауыстырылды.

Ерекше режимде жүргізіліп жатқан шаралардың басты мақсаты – қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін тиісінше қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

Қызметкерлерден мобильді топ құрылып, олармен жүргізілген түнгі рейд барысында облыстың 100-ге жуық кафе-мейрамханалары тексерілді. Тексеру барысында төрт кафе иесі енгізілген төтенше жағдай режиміне қарамастан өз жұмысын жалғастырған. Екі дерек облыс орталығында анықталса, екі дерек Қазалы ауданында орын алды. Аталған мекемелердің әкімшілігіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476- бабы “Төтенше жағдай режимін бұзу” бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Тиісті шара қолдану үшін жинақталған құжаттар сотқа жолданды.

Ірі сауда нысандарына олардың жұмыс істеу уақыты бойынша 10.00-ден 18.00 – ге дейін, киім-кешек базарлары үшін-11.00-ден 17.00-ге дейін шектеу енгізілді. Дәмхана мен мейрамханаларға келушілердің саны 50 адамнан аспауы тиіс және қабылдау уақыты 22.00-ге дейін ғана жалғасады.

Аталған шектеулерді орындамағаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы “Төтенше жағдай режимін бұзу” бойынша 10 АЕК айыппұл немесе 15 тәулікке қамау түрінде жаза көзделген. Билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін тәртіп бұзушыларға ҚР Қылмыстық кодексінің 379-бабы бойынша 2000 АЕК көлемінде айыппұл немесе екі жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

Қызылорда облысының Полиция департаменті құқық қорғау органдарының іс- әрекеттеріне түсіністікпен қарауды және төтенше жағдай кезінде азаматтардың қауіпсіздігі мен тәртібін қамтамасыз етуге байланысты қажетті шектеулерге назар аударуды сұрайды. Төтенше жағдай режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау мақсатындағы жұмыстар жалғасып жатыр.

Толығырақ ...

Коронавируске қарсы қандай азық-түлік пен көкөніс көмектесетіні белгілі болды

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Испанияның тамақтану академиясының мамандары мен диетологтар ағзаның коронавируспен күресуіне қандай азық-түлік пен көкөніс көмектесетінін айтты, деп жазады Sputnik "Российская газета" сайтына сілтеме жасап.

Мамандар жеген тағам коронавирусты жұқтырмаудың кепілі емес екенін атап өтті. Алайда ағзаның вируспен күресіп, инфекцияға тойтарыс беруі ас мәзіріне де байланысты. 

"Тамақтану режимін сақтаудың арқасында ағзаның қорғаныс функциясы күшейеді. Ол инфекция тудыратын патогендік микроағзаларға тойтарыс бере алады", — деді диетолог Альма Палау.

Испанияның тамақтану академиясы президентінің айтуынша, диета мәзіріне жеміс-жидек, көкөніс, ет, балық, жұмыртқа және сүт өнімдері енуі керек. 

Әсіресе, балық, жаңғақ пен зәйтүн майындағы омега-3 маңызды. Олар қабынуға қарсы тұруға көмектеседі. Иммунитетті күшейтеді.

Сондай-ақ, дұрыс ұйықтап, жаттығулар жасап, зиянды әдеттерден арылуға кеңес беріліп отыр. 

Толығырақ ...

Түркістан облысындағы емдеу мекемелері коронавирусқа қарсы дайындықтарын пысықтауда

  • Бөлім:  Қоғам

Түркістан облысындағы барлық ауруханаларда коронавирустың таралуына жол бермеу шаралары күшейтілді, деп хабарлайды KAZUS.KZ

Емдеу мекемелері жаппай карантинге көшкен. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан қалалық орталық ауруханасының бас дәрігері Жанболат Ділдәбеков пен Кентау қалалық орталық ауруханасының бас дәрігері Гүлбану Сыздықова әлемді дүрліктірген пандемияға қатыстысақтық шаралары туралы мәлімдеді.

Аса қауіпті инфекциялық індетке қарсы күрес мақсатындаауруханалардың аумағына жедел-жәрдем көліктерінен басқа жеке автокөліктердің кіруіне тыйым салынып, қатаң қадағалауға алынған. Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты науқастарға келушілердің аурухана ішіне кіріуіне рұқсат жоқ. Ал, емханалар өз жұмыс кестелеріне сәйкес, қызмет көрсетуде.

«Кентау қалалық ауруханасында науқастарды оқшаулауға арналған 50 төсек орын бар. Медицина қызметкерлерінің барлығы дерлік арнайы дәріс алған. Бүгінде ауруханада 75 дәрігер, 240 орта буын және 150 кіші буын медициналық қызметкерлері жұмыс істеуде. Қажеттілік туындаса резервтегі дәрігерлер жұмылдырылады», - деді Кентау қалалық аурухананың бас дәрігері Гүлбану Жұмағалиқызы.

Ал, Жанболат Бердібайұлының айтуынша,COVID-19 инфекциясымен күреске Түркістан қалалық ауруханасында 60 дәрігер және 150 орта буын медициналық қызметкерлері дайын. Инфекциялық стационарда 50 төсек орын жасақталған.Аурухана вирусқа қарсы, дене қызуын түсіретін, қарқынды терапия үшін қажетті препараттар қорымен және қорғаныс киімдері, дезинфекциялық заттармен қамтамасыз етілген.

Толығырақ ...

Алматы көшелерін залалсыздандыру жұмыстары жалғасуда

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Таңертеңнен бастап қаланың адамдар көп шоғырланатын орындары мен көшелерін дезинфекциялау жұмыстары  жалғасын тапты, деп жазады baq.kz.

Алматыдағы төтенше жағдайлар режиміне байланысты қалалық коммуналдық қызметтер  барлық көшелер мен тротуарларды және жаяу жүргіншілер жолдарын жуу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, қаладағы қоқыс жәшіктеріне, саябақтар мен скверлердегі балаларға арналған ойын, спорт алаңдарына және басқа да тұрғындар көп шоғырланған орындарға дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

WhatsApp Image 2020-03-19 at 09.39.58.jpeg

Кеше қаланың Жасыл экономика басқармасы басшысының орынбасары Диас Ахметқалиев күн сайын жалпы көлемі 29 млн шаршы метр аумақ тазаланып, залалсыздандырылып отыратынын айтқан. Ол үшін 230 жол және 50-ден астам тротуарлады тазалайтын машиналар жұмылдырылған.

Толығырақ ...

Қазақстанда тағы бір коронавирус дерегі тіркелді

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. 2020 жыл 19 наурыз таңертең: Қазақстандағы коронавирустың эпидемиологиялық жағдайы туралы айтылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматыда коронавирустық инфекцияның тағы бір оқиғасы тіркелді. Ол - 15 наурызда Мәскеу-Алматы рейсімен келген Ресей Федерациясының азаматы. Қазіргі уақытта ол ауруханада карантинде жатыр, оның жағдайы қанағаттанарлық деңгейде, - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Бүгінгі таңда елімізде коронавирустың 37 жағдайы расталды, оның ішінде Алматыда - 19, Нұр-Сұлтанда - 18 жағдай.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу