logoru
logo

Сейсенбі, 17 Наурыз 2020 - KAZUS.KZ

Азық-түлік дүкендері, көлік жуу мен дәріханалар ғана жұмыс істейді – Көлгінов

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Елордадағы қалған мейрамхана, бар т.б. күнделікті қажет емес мекемедер уақытша жұмысын тоқтатады, деп жазады Baq.kz.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ОКҚ онлайн-брифингінде айтты.

Қаланың сауда-ойын сауық орталықтарында азық-түлік дүкендері, машина жуатын жерлер мен дәріханалар ғана жұмыс істейді. Қалған сауда нүктелерінің барлығы уақытша жұмысын тоқтатады. Қаладағы ірі 12 ойын-сауық орталықтары қазір уақытша жұмыс тоқтату шешімін қабылдады, - деп түсіндінді Көлгінов карантин режиміндегі шектеуді.

Айта кетсек,  коронавирус инфекциясының жылдам таралуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласында карантин енгізілді. Осыған байланысты қала әкімі мәлімдеме жасап, халыққа түсіндірді.

28 қаңтар мен 16 наурыз аралығында стационарда 752 адам жатты. Қазір ол жерлерде 318 пациент карантинде жатыр.

Толығырақ ...

Түркістан облысында азық-түлік бағаларын реттеу мақсатында төмен пайызбен несие беріледі

  • Бөлім:  Қоғам

Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тиісті қорын қалыптастырып, бағасын реттеу мақсатында бірнеше бағытта жұмыстар атқарылады, деп хабарлайды KAZUS.KZ

Ірі супермаркеттер мен өндірушілерге жылдық 0,01% пайыздық мөлшерлемемен бір жылға несие беріледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметін өткен брифингте Түркістан әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басқарма басшысы Бағлан Жұмашбеков мәлімдеді.

Оның айтуынша, қорға қажетті тауарларды сатып алу бойынша 650 млн. теңгеге жуық қаржы қарастырылған.

«Айналым қаражаты» жобасын жүзеге асыру аясында бірінші кезекте Түркістан, Кентау және Арыс қалалары әкімдіктерінің ұсынған 10 кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру мәселесі пысықталуда. Несие ірі супермаркеттер мен өндірушілерге жылдық 0,01% пайыздық мөлшерлемемен бір жылға беріледі. Несие «Түркістан» ӘКК «АҚ депозитіне салынған қаражат есебінен беріледі. Несие беру кезінде бағаны тұрақтандыруға Түркістан облысының әкімдігі бекіткен шекті мәндермен белгіленген бағадан 10% төмен ұстап тұру арқылы қол жеткізіледі», – деді Бағлан Шәймерденұлы.

Бұдан бөлек Тұрақтандыру қорымен мемлекетік сатып алу жұмыстарын атқарылуда. Сатып алу бойынша 1 500 тонна (күріш, бірінші сұрыпты ұн, қарақұмық, күнбағыс майы, рожки, картоп, асханалық сәбіз) шамасында азық-түлік тауарларын мемлекеттік сатып алуға тиісті конкурс жарияланған.

«Түркістан» ӘКК» АҚ Түркістан қаласының әкімдігімен, Түркістан облысының ауылшаруашылық басқармасымен, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектімен Түркістан қаласында әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағаларын тұрақтандыру бойынша бірлескен қызмет туралы келісім жасалған. Осы келісім аясында тауарлардың бағасының көтерілуін болдырмауға және азық-түлік тауарларынын үздіксіз қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен шаралар кешені жоспарланған.

Толығырақ ...

"ҚазМұнайГаздың" 13 қызметкері коронавирус жұқтырды деген күдікке алынды

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ  13 қызметкері Қазақстан мен Румынияда коронавирусқа байланысты күдікпен карантинде жатыр.  Бұл туралы 17 наурызда өткен брифингте аталған компанияның еңбек және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басқарушы директоры Қайрат Сақтағанов мәлімдеді, деп хабарлайды "baq.kz".

"ҚазМұнайГаз" компаниялар тобының қызметкерлерінің арасында бізде 13 адам карантинге жатқызылды.  Олардың төртеуі ауруханада, тоғызы үйде карантинінде, - деді ол.

Атап айтқанда, "ҚазМұнайГаздың" үш қызметкері Ақтау қаласында, төртеуі Оралда, екеуі Нұр-Сұлтанда, тағы екеуі Атырауда екен. Одан бөлек, Румынияда мемлекетінде де екі қызметкері карантинге алынған.

Қазіргі уақытта бізде бір де бір қызметкерден коронавирус тіркелген жоқ, - деді Сақтағанов.

Оның айтуынша, кеңсе қызметкерлерінің жартысы жұмыс кестесін сақтау кезінде қашықтықтан жұмыс режиміне өткен (9.00-ден 18.30-ға дейін).

Сонымен қатар, Сақтағанов "ҚазМұнайГаз" басшылығы кеңседе жұмыс істеп жатқанын айтты.

Толығырақ ...

Қазақстан коронавирус қаупі жоғары елдердің тізімін жаңартты

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов еліміздің бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жайлы хабардар етті. Қаулыға сәйкес, коронавирус қаупі жоғары елдердің жаңа тізімі бекітілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Егер өткен аптаның соңында 1а санатында тек Иран мен Италия ғана болса, бүгін бұл қатарға Франция, Испания және Германия қосылған.

Қытай әдеттегідей екінші деңгейде. 1б санатына сондай-ақ Оңтүстік Корея мен Шенген аймағындағы барлық Еуропа елдері еніп отыр.

Бүгінде Қазақстан шетел азаматтары үшін шекараны жапқаны белгілі, ал оқшаулау шарасы аталмыш елдердің бірінен оралған қазақстандықтарға ғана қатысты.

Мәселен 1а санаттағы елден келген тұрғын міндетті түрде ауруханада оқшауланса, 1б санатындағы мемлекеттен келгендер үй карантиніне жатқызылады.

Ал 2-санатқа қазіргі таңда АҚШ, Үндістан, Біріккен Араб Әмірліктері, Ұлыбритания, Әзірбайжан, Таиланд және Катар кірген.

Егер қазақстандықтар осы елдерден қайтып келсе, олар үйдегі медициналық бақылауды қажет етеді.

3-санатқа енді Нидерланды және Швейцария қосылды.

Естеріңізге сала кетейік, Мәдениет және спорт министрлігінің дерегі бойынша, қазір бірнеше мың қазақстандық шетелде демалып жүр. Отандастарымыз Үндістан, Араб Әмірліктері, Мысыр, Таиланд және Мальдив елдерінде саяхаттауда. Билік оларды елге қайтару жайлы мәселені қарастырып жатыр.

Толығырақ ...

Коронавирус: Алыпсатарлар маска тапшылығын туындатып отыр

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Короновирус індетінің әлем елдерін шарпуы, Қазақстан шекарасына да енуі қорғаныш маскасының тапшылығына әкеп соқтырды. Тіпті, бұл медициналық бұйымның бағасы да шарықтап кетті. Мұндай жағдай Жамбыл облысында да байқалуда. Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың "Медициналық бұйымдар мен құралдардың бағасын алыпсатарлар өсіріп жатыр деген дерек те бар" деуі сондықтан, деп хабарлайды "baq.kz".

Жалпы республика аумағында қорғаныс маскасын өндіретін бес кәсіпорын бар екен. Ахуал күн санап күрделенген қазіргі жағдайда олар өндіріс көлемін екі есеге арттырған. Сонда да дәріханалар халықты бетпердемен неге қамти алмай жатқаны түсініксіздеу болып тұр.

Кез келген вирустың таралуынан, жұғуынан қорғанудың ең қарапайым тәсілдерінің бірі – қорғаныш маскасын үнемі тағып жүру. Ал дәріханаларда бұл бұйымның тапшылығы қалыптасқандығы ел ішінде дүрбелең тудырып жатқандығы да рас. Сондықтан да біз Жамбыл облысы аумағындағы Айшабибі ауылында орын тепкен "Super Pharm" фармацевтикалық жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барып, жұмыс барысымен танысқан едік.

2011 жылы іске қосылған бұл зауыт алғашқы жылдары медициналық бұйымдардың 15 түрін ғана шығарса, қазір фармацевтикалық заттардың 390 түрін өндіреді. Ірге қалаған аз уақыттың ішінде кәсіпорынның өндірістік қуаты артып, жұмыс орны көбейген. Бүгінде онда 280 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал зауыт толық қуатында жұмыс істеуге көшсе, жұмысшы саны 650-ге жетеді.

маска и.png

Серіктестік директоры Қайрат Қаймолдаевтың айтуынша, олар тоқылмаған материалдан жасалған бір реттік стерильді емес "Нәрия" медициналық халаттарын, хирургиялық киімдер жиынтығын, аса жұқпалы және инфекциялық аурулардан сақтануға арналған бетперделер мен шприцтер, системалық құралдар шығарады.

Бұдан бөлек, спиртті орамалдар мен бинттер, лейкожапсырмалар, ота жасауға қажетті өзге де құралдар, яғни, қайшы, пышақтар жиынтығын өндіреміз. Қазіргі таңда қорғаныш маскасына деген сұраныстың артуына орай кәсіпорын жұмысын екі есеге арттырған жайымыз бар, - деді ол.

Ал зауыттың қойма меңгерушісі Қанағат Көпеновтің сөзіне қарағанда, кәсіпорын медициналық бұйымдар жасайтын шикізатты іргедегі Ресей Федерациясынан жеткізеді екен.

Біздің тапсырысымыз ол жақтан бір-бір жарым аптаның шамасында келеді. Мәселен, ол мемлекеттен 10 тонна тоқылмаған шикізат алдыратын болсақ, ол алдымен кәсіпорынның бөлу цехына түсіріледі. Содан соң тоқылмаған шикізат жаю цехына жөнелтіліп, кесіліп, пішіледі. Одан әрі тігу цехына барып, дайын өнімге айналады, - деді ол.

маска.png

Күндізгі ауысымның меңгерушісі Гүлнұр Татенова өзінің қарамағында 130 адам еңбек ететінін айтты. Ал тігін цехында 31 тігін машинасы тоқтаусыз жұмыс істеп тұр. Мұндағы әрбір қызметкердің өзіне жүктелген нормасы бар көрінеді.

Мәселен, бір жұмысшы өз ауысымында 390 халат тігуі қажет. Тігіншілер пішу цехынан келген шикізаттан жүкті әйелдерге, бір реттік
стерильді емес "Нәрия" медициналық халаттарын, хирургиялық киімдер жиынтығын, аса жұқпалы және инфекциялық аурулардан сақтануға арналған қорғаныш маскаларын тігеді. Бұлардан бөлек, өзге де медициналық заттар, төсеніштер әзірлейміз. Осында еңбек етіп жүргеніме 3 жылдан асып барады. Екі күн жұмыс істесек, екі күн тынығамыз. Жұмысшыларды тасымалдауға арналған автобустарымыз да бар. Түскі тамағымыз да осындағы асханадан үлестіріледі. Зауыт жұмысшыларына бар жағдай жасалған, - деді ол.

Гүлнұр Татенова қазіргі сұранысқа сай бетперде тігу цехының күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын да әңгімеледі. Осыған дейін бұл цехта бір ауысымда 25-30 мың, ал екі ауысымда 50-60 мың қорғаныш маскасын шығарылып келген. Ал бір жылда 35 миллион бетперде дайындалады екен.

Енді қалыптасқан күрделі ахуалға байланысты бұл цех екі ауысымдық жұмыс жүйесіне көшті. Әр ауысымда 40-45 мың, тәулігіне 90-95 мың қорғаныш маскасы әзірленіп жатыр, - деді жауапты маман.

маскар.png

Кәсіпорын басшылығының айтуынша, мұнда жұмысқа орналасқан қызметкер жаңа құрылғылар мен техниканың қыр-сырын меңгеру үшін арнайы курстан тегін өтеді екен. Мәселен, Жансая Төлепбергенова осындай курста білімін шыңдап, цехта қорғаныш маскасын тігіп жүр.

Бүгінде елімізде әлем елдерінде тарап жатқан пандемияға орай төтенше жағдай жарияланды. Сол себептен біз де күшейтілген жұмыс кестесіне көшірілдік. Халықтың қажеттілігін толықтыру үшін барын салып жатыр тігіншілер, - деді ол.

Ал біздің көкейіміздегі "Осында тігілген мыңдаған маскалар неге алдымен Жамбыл өңіріндегі дәріханаларға түспейді?" деген сауалға қойма меңгерушісі Қанағат Көпенов жауап берді. Оның сөзіне сенсек, бұл кәсіпорын "Самұрық Қазына" фармацевтикалық кәсіпорнымен келісімшартқа отырған. Тапсырыс беретін де, бақылайтын да сол мекеме екен. Олар мұнда әзірленген қорғаныш маскалары мен өзге де медициналық бұйымдарды Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалаларына жеткізеді. Содан соң ғана республиканың түкпір-түкпіріндегі денсаулық сақтау орындарына жөнелтеді. Демек, Жамбыл облысында өндірілген қорғаныш маскасы бұл өңірге Шымкент қаласы арқылы келеді.

Біз өз өнімімізді Тараз қаласы мен аудандардағы дәріханаларға тікелей өткере алмаймыз. Барлық өнім жоғарыда айтқан төрт қалаға жіберіліп, солардағы бөлу орталықтары арқылы аймақтарға таратылады. Соның өзінде дәл қазіргідей ахуалда бетперде тапшылығы сезілмеуі керек еді. Бұл төтеннен пайда болған арадағы алыпсатарлардың бағаны көтеру үшін істеп отырған құйтырғы әрекеті болуы әбден мүмкін. Әйтпесе біздің бір тәулікте өндіретін қорғаныш маскаларымыздың өзі 90 мың дананы құрайды. Тіпті, тапсырыс беруші компанияның жұмысын артығымен орындау үстіндеміз, - дейді қойма меңгерушісі Қ.Көпенов.

Толығырақ ...

Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин режимі енгізілді

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай мен ахуал туралы денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, Премьер-Министрдің орынбасары Е. Тоғжанов, Нұр-Сұлтан қ. әкімі А. Көлгінов және Алматы қ. әкімі Б. Сағынтаев, қорғаныс министрі Н. Ермекбаев және ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев, сондай-ақ ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары М. Мырзалин баяндады.

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында COVID-19 таралуының күрделі жағдайын ескере отырып, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында Мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында қосымша шектеу, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды енгізу туралы шешім қабылдады.

Биылғы 19 наурызда сағат 00:00-де енгізілетін шаралар мыналарды қамтиды:

- карантинді енгізу және ауқымды санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыру;

- карантин аймағының периметрін белгілеу және оған кіру/одан шығу пункттерін анықтау;

- адамдардың қозғалысын, сондай-ақ көлік құралдарының кіріп/шығуын шектеу;

- үш санат: ауруды жұқтырғандар, инфекцияға күдіктілер, карантиндегілер санаты бойынша арнайы емдеу мекемелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

- халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру және тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің жұмыс істеуіне оңтайлы болуы үшін, азаматтардың қозғалысын шектеу үшін қалалар аумағының секторларын және олардың шекараларын анықтау;

- қоғамдық көлік қозғалысын күндізгі уақытта тоқтата тұру немесе шектеу және түнгі уақытта тоқтату;

- азық-түліктік емес сауда базарларының жұмысын, азық-түлік өнімдері мен дәрілік заттарды сататын нысандарды қоспағанда, ірі сауда-ойын сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысын уақытша тоқтата тұру;

- санитариялық-эпидемияға қарсы шараларды күшейте отырып, «клиенттерге дейін жеткізу» қағидаты бойынша қоғамдық тамақтану нысандарының жаңа жұмыс режимін белгілеу;

- ХҚКО-ның жұмыс режимін қайта ұйымдастыру;

- карантиндік аймақтардағы халықтың және әрбір сектордың азық-түлік өнімдеріне, дәрі-дәрмектерге, тіршілікті қамтамасыз ету заттары мен алғашқы қажеттілік тауарларына тәулік сайынғы қажеттілігін анықтау;

- карантиндік аймақтың әрбір секторы үшін қоғамдық көлік қозғалысын барынша шектеуді ескере отырып, сауда және азық-түлікпен әрі алғашқы қажеттілік тауарларымен қамтамасыз ету орталықтарын анықтау;

- ұйымдастырушылық сипаттағы басқа да шаралар.

 

 

Толығырақ ...

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 5 адам анықталды

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Алматы қаласында – 4 науқас, Нұр-Сұлтан қаласында – 1 адам тіркелді, деп хабарлайды "baq.kz".

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 5 адам анықталды. Алматы қаласында – 4 науқас, Нұр-Сұлтан қаласында – 1 адам тіркелді. Осы сағатта Аламты қаласында – 15 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 17 адам, жалпы 32 науқас тіркелді, - деді Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. 

Толығырақ ...

Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесін қабылдады

  • Бөлім:  Cаясат

KAZUS.KZ. Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Расул Жұмалыны қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Кездесу барысында еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарының қазіргі ахуалы және оны дамыту, отандық контенттің сапасын арттыру, мемлекеттік тілді өркендету, сондай-ақ, қоғамдық-саяси, ағартушылық жұмыстар жайында сөз болды.

Бұдан бөлек саясаттанушы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бастамаларына қолдау білдіріп, оның жұмысын одан әрі ілгерілетуге, жастар саясаты мәселесіне қатысты өз ойымен бөлісті.

Толығырақ ...

АҚШ коронавирусқа қарсы вакцинаны алғаш рет сынақтан өткізді

  • Бөлім:  Әлемде

KAZUS.KZ. Америкалық ғалымдар коронавирусқа қарсы вакцинаны клиникалық түрде сынап көрді. Бұл туралы Ассошиэйтед Пресс агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сиэтлдегі Kaiser Permanente Washington Research зерттеу институтында жүргізілген сынаққа 45 адам өз еркімен қатысып жатыр. Бір ай ішінде олар вакцинаның екі мөлшерін қабылдайды.

Препараттың алғаш рет кішігірім технологиялық компанияда менеджер қызметін атқаратын азаматқа салынды. Әзірге нәтиже қашан шығатыны белгісіз.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 14 адам тіркелді. Олардың барлығы Нұр-Сұлтан қаласында.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.

"Осыған дейін Алматыдағы үш жағдайдан хабардар еткенбіз. Енді Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған тағы 14 адам тіркелді.

Бұл науқастар карантинге жатқызылған, сонда диагнозы расталды. Барлық байланысқан адамдар анықталды, оларды карантинге жатқызу және оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр"- деді министр.

Осылайша, Қазақстанда COVID-19 вирусы табылған адам саны 27-ге жетті.

Толығырақ ...

Қарағанды айналма жолы 2020 жылы жарықтандырылады

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Қарағанды қаласын айналып өтуге мүмкіндік беретін жолда 2020 жылы жарық пен қоршау нысандары пайда болады, деп хабарлайды "baq.kz".

"Қарағанды қаласының айналма жолы" мен "Қарағанды – Теміртау" 1444-1457.4 учаскесіндегі қозғалыс өткен жылдың желтоқсанында ашылған болатын. Нысан 2020 жылы ресми түрде пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Алдағы құрылыс маусымында жолшылар қоршау нысандарын орнатып, жолды жарықтандырмақ. Ұзындығы 14 шақырымды құрайтын "Теміртау-Қарағанды" автомобиль жолының реконструкциясы 2017 жылы басталған болатын. 

37f225a9-138f-4803-bb27-7dab6029a4d0.jpg

 

Бір жылдан кейін құрылысшылар ұзындығы 47 шақырымды құрайтын "Қарағанды қаласының айналма жолы" жобасын іске асыруға кірісті. Жобаға қаланың Солтүстік және Шығыс айналма жолдары да кіреді. Жобаны "Дәулетдорстрой" және "Сине Мидас Строй" ЖШС сияқты екі мердігерлік ұйым іске асыруда.

24520c58-ba07-4054-ac40-93adb7d5eec3.jpg

Солтүстік және Шығыс айналма жолдарын қайта жаңарту аясында Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының бағыттары бойынша 7 көлік айырығы салынды. Сондай-ақ, теміржол мен Солонка өзені арқылы өтетін ұзындығы 232 қума метр болатын эстакада салынып, су өткізгіш құбырлардың 64 бірлігін орнату жұмыстары жүргізілді.

Алдағы құрылыс маусымында жобаға 306 бірлік техника мен 670 адам тартылады деп күтілуде.

Қазіргі таңда 4 жолақты жол 1-б санатына жатқызылады. Жол Қарағандыны айналып өтетіндіктен, қаланы транзиттік автомобильдер мен үлкен жүк көліктерінен жеңілдетуге мүмкіндік береді. Мамандардың есептеуінше, аталмыш жолдан тәулігіне 20 мыңнан астам көлік өтеді.

Еске салайық, Қарағанды облысындағы республикалық маңызы бар жолдардың ұзындығы 2262,6 км құрайды. Оның 80% астамы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда.

 
Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу