logoru
logo

KAZUS.KZ - Сейсенбі, 10 Наурыз 2020

"Ата-анаңа рахмет": Тәуекел Мүсілім келіншегін туған күнімен қалай құттықтады

KAZUS.KZ. Отандық шоу-бизнес серісі Тәуекел Мүсілім жарының 25 жасқа толуына орай, желіде оған ерекше жазба арнады. Талай қыздың арманы болған актер келіншегін құттықтап, ата-енесіне алғысын білдірді, деп жазады "Kaz.nur.kz".

Тәуекел Мүсілім әйелі Махаббат Түктібаева жайлы жазбасымен Instagram желісінде бөліскен.

"Сендей жарды маған берген Аллаға мың алғыс. Ата-анаңа рахмет!) Туған күнің құтты болсын. Сен өміріме шуақ әкелдің" , - деп жазды актер.

Өнер иесінің келіншегіне арнаған тілегі көпшіліктің көңілінен шыққан. Желі қолданушылары өнер жұлдызының жазбасының астына өз құттықтауларын қалдырып жатты.

Алайда, әлеуметтік желідегі суреттер мен видеоларға қарап, ерлі-зайыптылар туған күнді дүркіретіп атап өткісі келмегенін аңғаруға болады. Олар актердің анасымен бірге тауға барып, отбасымен демалып қайтқан.

Туған күнде Махаббаттың қасынан оның құрбылары да көрінбеген. Олардың басым көпшілігі туған күн иесін Instagram парақшаларында құттықтаған.

 Айта кетейік, бұған дейін Тәуекел Мүсілім алғаш рет әйелі туралы тың мәліметтермен бөліскен еді. Ол Махаббатттың тырнақ жасаумен айналысатынын жеткізді.
 
Толығырақ ...

10 наурыздан бастап кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер кестеге сәйкес беріле бастайды

  • Бөлім:  Қоғам

Нұр-Сұлтанда 10 наурыздан бастап АӘК алатын отбасылардың 1 мен 6 жас аралығындағы балаларына азық-түлік пен тұрмыстық химия тауарлары беріле бастайды, деп хабарлайды KAZUS.KZ Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер елорданың 4 ауданындағы «Магнум» ЖШС сауда желісінің 5 супермаркетінде белгіленген кесте бойынша беріледі. Жалпы, мемлекеттік-әлеуметтік көмек 4,4 мыңнан аса баланы қамтиды. Олардың ата-аналары осы жылдың қаңтар-ақпан айларында АӘК алу жөнінде өтініш берген болатын.

Айта кетсек, 1 мен 6 жас аралығындағы балаларға арналған әлеуметтік көмекке азық-түлік пен тұрмыстық химия тауарлары кіреді.

Бұл жиынтық аз қамтылған отбасылардағы әр балаға тоқсанына бір рет беріледі.

«Қазіргі уақытта дүрлікпе мен кезектердің алдын алу мақсатында елордалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы кепілдендірілген әлеуметтік пакет алушылардың тізімін жасады. Әлеуметтік пакеттер ай сайын кесте бойынша беріледі. Әрбір беру пунктінде жауапты тұлғалар бекітілген. Әлеуметтік пакетті алушылар өз ЖСН-ді magnum.kz сайтына енгізіп, тізімде бар-жоғын тексере алады. Олардың аты-жөні күн сайын алфавиттік тәртіппен жарияланатынын еске саламыз. Кестеде азаматтардың кепілдендірілген әлеуметтік пакеттерді қашан және қайдан алуға болатыны және азаматтардың супермаркеттің қай филиалына бекітілгені көрсетілген. Көмек алушы тізімнен өзін тапқаннан кейін өзі бекітілген Magnum филиалына баруы қажет», - делінген хабарламада.

Кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер берілетін «Магнум» сауда желісі супермаркеттерінің мекенжайлары: Алматы ауданы, Еділ көшесі, 26, Жансүгіров көшесі, 8/1 «Б» литері; Байқоңыр ауданы, Ш.Уәлиханов көшесі, 20; Есіл ауданы, Тұран даңғылы, 55 «Д»; Сарыарқа ауданы, Алаш тасжолы, 23/1.

Естеріңізге салсақ, Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында мұқтаж жандарды әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етуде еңбекке ынталандыру, әділ әрі таза болуы үшін АӘК-ті тағайындаудың механизмін реттеуді тапсырған болатын. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларының балаларына кепілдендірілген әлеуметтік пакет пен АӘК және тұрмысы төмен отбасыларға арналған жаңа жәрдемақыны қосқандағы кешенді жаңа шаралар 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырылуда.

Толығырақ ...

Назарбаев Путинмен кездеседі

  • Бөлім:  Cаясат

KAZUS.KZ. Ресей Президенті Владимир Путин 10 наурызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы журналистерге РФ Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков хабарлады.

"Бүгін президент әртүрлі кездесулер, кеңестер өткізеді, бұқаралық деңгейде Нижний Новгород облысының губернаторы Никитинмен кездеседі. Сондай-ақ кешке Президентке Қазақстанның Тұңғыш Президенті Назарбаев та қонақта болады", - деді Песков.

6 наурызда Елбасы мен Путин телефон арқылы сөйлескен болатын. Олар алдағы кездесу жайын талқылаған еді.

"Тараптар екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Сирия мәселесі бойынша өткен Ресей мен Түркия арасындағы келіссөздер нәтижелері туралы пікір алмасты. Аталған келіссөздер барысында "Астана процесінің" маңызды рөлі туралы айтылған болатын. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин алдағы кездесулердің кестесін талқылады" делінген Елбасы сайтында.

Толығырақ ...

Қазақстандықтар баспанасын да сақтандыруы мүмкін

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мүлікті төтенше жағдайдан міндетті сақтандыру қажеттігін жеткізді, деп хабарлайды sputniknews.kz.

"Қазір бізде қайырымдылық ұйымдары көп. Дегенмен болашақта мүлікті сан алуан төтенше жағдайдан міндетті сақтандыру мәселесін көтеру керек. Иә, мемлекеттік бюджет бар. Баспананы қалпына келтіруге арналған резервтер де бар. Материалдық көмек беріледі. Алайда осы саладағы өркениетті жолдардың бірі мүлікті сақтандыруға көшуіміз керек", - деді Ильин астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бұрын көлікті сақтандыру шаралары басталғанда халық тарапынан түсініспеушілік болған. Дегенмен адамдар үйренді. Сол сияқты мүлікті сақтандыру жұмысын да бастау керек.

Су тасқыны

Биыл қардың нормадан артық түсуіне байланысты бірнеше облыста су тасқыны болуы әбден мүмкін.

"Олар – Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстары. Бұдан бөлек, Солтүстік Қазақстан облысында қар қалың, мұз көп. Министрлік қанша ауылға су кіретінін де есептеп шықты", - деп хабарлады ішкі істер министрінің орынбасары.

Ол бас кезінде ондай ауылдардың саны 1040-тан асқанын атап өтті. Алдын алу шаралары арқасында 487 елді мекен ол тізімнен шығарылыпты. Қазіргі кезде 287 ауылда тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.

"Енді, Нұра өзенінің бойында тұрған ауылдарға қауіп төніп тұр. Бұдан бөлек, Есіл, Колутон, Жабай сияқты өзендер бар. Ал Түркістан мен Қызылорда облыстарында су тасқыны болмайды. Себебі Сырдария өзенінде мұз кептелісі жоқ", - деп түйінедеді Ильин.

Толығырақ ...

Көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге 30 мың теңгеден беріледі

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Болат Өтемұратовтың қоры көктемгі су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға ақшалай көмек береді, деп хабарлайды "ktk.kz".

Бұл туралы қайырымдылық қорының директоры Марат Айтмағамбетов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтып берді.

«Көмек картасы жобасы 2018 жылы басталған. Біздің Қор көктемгі су тасқынынан, техногенді апаттардан зардап шеккен өңір тұрғындарына қаражат бөледі. Мұнда Қызыл жарты ай ұйымы көмекке мұқтаждарды анықтайды және Fortebank өз карталары арқылы ақша аударымын қамтамасыз етеді. Әрбір зардап шеккен тұрғынға 30 мың теңгеден беріледі. Әрине, ең алдымен баспанасы қирағандар, жалғызбасты зейнеткерлер, мүгедектер, жалғызбасты аналар, көпбалалы, аз қамтылған жанұялар назарға алынады», - деді М. Айтмағамбетов.

Оның айтуынша, төтенше жағдайда гуманитарлық көмек көрсететін ұйымдар жетерлік. Олар азық-түлікпен және қажетті киім-кешектермен қамтамасыз етеді.

«Біз өз кезегімізде зардап шеккендерге ақшалай көмек көрсетуді ұйғардық. Бұл қаржыға қажетті заттар, дәрі-дәрмек, құрылыс материалдарын алуға болады. Гуманитарлық көмекті, жүкті тасымалдаудың өз шығындары бар. Ал тікелей қаржылай көмек аудару өте тиімді. Қаражатты Қазақстанның кез келген нүктесіне жылдам жіберуге болады», - деді қор директоры.

2018 жылы «Көмек картасы» жобасы арқылы Шығыс Қазақстан обылсындағы 863 отбасы 82 млн теңге көмек алған. 2019 жылы 114 млн теңге ақшалай көмек Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Алматы облыстары мен Арыс қаласындағы 764 отбасына көрсетілген.

Толығырақ ...

Коронавирус індетінің қашан тоқтайтыны белгілі болды

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZКоронавирус індетінің жаппай таралуы мамырда тоқтайды. Бұл туралы Алматы қаласы Сапа бақылау және тауарлар қауіпсіздігі департаментінің аса қауіпті инфекцияларды бақылау бөлімінің басшысы Саят Қауметбаев айтты, деп хабарлайды "sn.kz".

Дәрігердің айтуынша, күн жылыған соң кейбір елдерде коронавирус індетінің тарауы тоқтайды.

«Коронавирус ультракүлгін сәулелерге төзе алмайды. Наурызда вирус тоқтайды, себебі күн сәулесі болғанда вирус шыдай алмайды. Ал мамырда бұл індет аяқталады. Дегенмен вирус ешқайда кетіп қалмайды, ол тұмау ретінде тарала береді, бірақ оны жұқтыратындардың саны күрт азаяды», - деді Саят Қауметбаев.

Сондай-ақ, сарапшы кейбір елдерде халық саны көп болғандықтан, індет бірден тоқтай қоймайтынын айтады.

«Әрине, халық көшеде топ-топ болып жүреді, содан бір-біріне жұқтырады. Бір Уханның өзіне Қазақстан тұрғындарын сыйғызуға болады», - дейді ол.

Толығырақ ...

Шымкент әкімі Германияның Бас консулымен кездесті

  • Бөлім:  Cаясат

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Германия Федеративті Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Маркерт Кристианамен кездесті, деп хабарлайды KAZUS.KZ

Кездесуде екі жақтың қарым-қатынасы мен сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және инвестициялық ынтымақтастығы сөз болды.

Бұған қоса Шымкент пен Германия арасындағы экономикалық байланыстарды нығайту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқыланды.

Қазақстан мен Германия арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық қарым-қатынас жоғары екенін айтқан қала әкімі Германия Еуропалық одақта Қазақстанның басты серіктесі саналатынын атап өтті. Сонымен қатар, әкім Шымкенттің экономикалық дамуы мен инвестициялық әлеуеті туралы мәлімдеді.

Бас консул өз кезегінде неміс компаниялары мегаполисті дамытуға арналған әртүрлі жобаларға қатысуға дайын екенін айтып, екі ел арасындағы ынтымақтастық берік, әрі сенімді әріптес екенін жеткізді.

Толығырақ ...

Елімізде 11-16 наурызда коронавирус тіркелуі мүмкін – Бекшин

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Бірақ бұл – бас санитардың болжамы ғана. Болмауы да мүмкін, деп жазады Baq.kz

Қазақстанда коронавирус тіркелген жағдайда мектептер карантинге жабылуы мүмкін.  

Біздің болжамымыз бойынша елімізде 11-16 наурызда коронавирус тіркелуі мүмкін. Бірақ бұл – болжам. Плюс-минус бір апта. Коронавирус анықталса, бірден арнайы шараларды қабылдаймыз. Бірақ ешкім сабақты дистанциялық оқуға жібермеуге тыйым сала алмайды, - деді еліміздің бас санитары Жандарбек Бекшин. 

Спикердің айтуынша, дистанциялық оқуға көшуді Білім және ғылым министрлігі шешеді. 

Білім министрлігі тиісті ұсыныстарды әзірлеп қойды. Олар бүгін не ертең білім мекемелеріне түсуі керек. БҒМ мемлекеттік орта, колледждер және ЖОО-ларды бақылауға алады. Оларда тиісті ұсынымдар дайын... Егер мектептерде дистанциялық оқуға техникалық жабдық болса және тиісті министрлік сондай үкім шығарса, олар дистанциялық оқуға көше алады, - деді бас санитар Жандарбек Бекшин Орталық коммуникаиялар қызметіндегі коронвирусқа байланысты брифинг барысында.

Толығырақ ...

Меруерт Түсіпбаева «өтірікшілермен алысып шаршадым» деп желіде бұлқан-талқан болды

KAZUS.KZ. Өзі жайлы қауесеттерге әбден тойған әнші Меруерт Түсіпбаева енді өтірікші журналистерге сұқбат бермеймін деп ашуланып, тас-түйін шешім қабылдап отыр, деп хабарлайды "sn.kz".

"Ешқашан ТВ-дан көрсетпей қойсаңыздар да, енді интервью бермеймін!", - деп желіге пост жазған әншінің кейбір тілшілерге, әсіресе, телеарна журналистеріне өкпесі қара қазандай көрінеді.

Мәселен, әнші желіге жариялаған жазбасында "өтірікшілермен алысып шаршағанын" жеткізген.

"Ұлттық арнадан хабарласыпты, "Ломбард-24" қатысты сұхбат берсеңіз деп... Лаураның бетпақтығынан әлі өзіме келе алмай отырсам!

Журналистсымақтар, әртістерді бір-бірімен соғыстырғаннан басқа тақырып жоқ па!? Критикуйте правительство, пишите о дефолте, освещайте жизнь гражданских активистов! Делайте, что хотите!! Только держитесь от меня подальше!! Лаура, Анна сияқты өтірікшілермен алысып шаршадым мен!! Қолымда эфир деп, кесіп-пішіп, арсыздықпен рейтинг жасағысы келетіндерден!!! Бррррысьььь! Аулақ!", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Толығырақ ...

Үй карантинінде болғандарға "больничный" беріле ме? – Бекшин жауабы

  • Бөлім:  Cаясат

KAZUS.KZ. Медициналық мекемелерге карантинге жатқызылған жағдайда оларға денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыз парағы беріледі, деп хабарлайды "bag.kz".

Мұндай анықтама үй карантинінде не өзін оқшаулаған жағдайда да беріледі. А санатына жатқан елдерден үшінші елдер арқылы келгендер бірден медициналық мекемеге карантинге 14 күнге жатқызылады. Ал 1В және 2 санатынан келген елдер үй карантинінде 14 күн болды. Біз шекаралық қызметкерлерден тізім аламыз және оларды жергілікті жер бойынша медициналық мекемелерге береміз. Сол тізім бойынша үй карантинінде болған азаматтарға медициналық мекемеден "больничный лист" беріледі, - деді бас санитар Жандарбек Бекшин Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Сонымен қатар, бас санитар Сауд Арабиясы мен Египеттен келген азаматтардың карантинге жатпайтынын айтып, коронавирус ушығып тұрған ЕуроОдақ елдеріне сапар жоспарламауды сұрады.

Бізді алаңдатып отырған Еуропа өңірлері. Біздің Еуропамен қарым-қатынасымыз көп. Бұл елдерге сапар жоспарлаудың қажеті жоқ. Тағы туыстар, достар келеді. Осындай сапарларды тоқтатқан дұрыс. Араб Әмірліктері мен Египеттен келген қазақстандықтар карантинге жатпайды. Тек оларда ЖРВИ белгілері анықталған жағдайда емханаға бармай, үйге жедел жәрдем жақырған жөн, - деді Бекшин.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу