logoru
logo

Бразилияда COVID-19-дан көз жұмғандар саны 46-ға жетті

  • Бөлім:  Әлемде
  • Оқылды 55 рет

KAZUS.KZ. 2247 науқас қауіпті кеселді жұқтырған, деп хабарлайды Хабар 24.

Елдің Денсаулық сақтау министрлігі вирустан келетін өлім-жітім қаупі 2%-ті құрағанын мәлімдеді. Оның басым бөлігі тұрғындар ең көп шоғырланған қала Сан-Паулуда тіркелген. Тағы 6 инфекция жұқтырушы Рио-де-Жанейрода анықталған. Тұрмыс-тіршілігі төмен отбасыларға жеке гигиена заттары таратыла бастады.

Мария Хосе Альвес, жергілікті тұрғын:

- Менің қыздарыма жұмысқа келмей, үйде отырыңдар деген тапсырма берді. Дегенмен, жалақыларын тоқтатып тастаған. Үкімет сонда нені ойлап отыр. Бідің азық-түлік, дәрі-дәрмек алуымыз керек. Ал жұмыстары болса, тоқтап қалды. Ақша жоқ.

Бұл арада Латын Америкаға саяхаттап келген туристер әуежайда қамалып қалды. Өйткені елдің барлық өңірлері дерлік карантин жариялады. Ал еліне қайтайын десе, әуе билетінің құны шарықтап кеткен.

Айта кетейік, Колумбия, Эквадор, Аргентина, Чили, Венесуэла және Перу бірнеше аптаға шекараларын жауып тастады. Жалпы барлық Латын Америка елдерінде коронавирусты 6 мың адам жұқтырған. 95 науқас індеттен ажал құшты.