logoru
logo

Кәмшат Жолдыбаева желіні тағы да шулатты

  • Бөлім:  Шоу-бизнес
  • Оқылды 66 рет

KAZUS.KZ. Қос қаладағы карантинге байланысты үйде отырған Кәмшат Жолдыбаева, TikTok желісінің жұлдызына айналмақ, деп хабарлайды Shownews.kz 

Әлемді жайлаған аты жаман індет, отандық шоу-бизнес өкілдерінің шабытын оятып, жаңа қырын ашқан сыңайлы. Той-томалақ пен концерттерден қолы босаған өнер иелері, түрлі челленджерде белсенділік танытуда. Ал Кәмшат Жолдыбаеваны үйде құр қамалып отыру қажытса керек,  әнші TikTok желісіне тіркеліп, бейнеролик түсіруге көшкен.

Алайда дәл осылай ешбір қатесіз тик-ток таспалау, апалы-сіңлі Жолдыбаеваларға оңайға соқпаған. Анығында сәтті бейнеролик үшін қос бикеш біраз тер төккен көрінеді.

«Қымбатты қазақ елі! Әз наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын! Көріп отырғандарыңыздай біздің бүкіл күніміз, түніміз осы  шаңырақтың астында өтіп жатыр. Оған ешқандай шағым жоқ. Себебі жанұямыздың, жақындарымыздың жанында болатын керемет сәт. Осы кезді пайдаланып, көңіл-күйді түсірмей, өзіміздің қауіпсіздігіміз үшін елдің қауіпсіздігі үшін үйде отырайық», – деді әнші.

Иә, TikTok бүгінде дүниежүзін жайлаған вирус сынды тез таралуда. Аталмыш бейнехсотинг Қытай компаниясына тиесілі. Қазіргі уақытта қосымшаны жершарындағы 150 мемлекеттің  500 миллион тұрғыны тұтынады. Ал отандық әншілер арасында Абай Бегей, Салтанат Бақаева, Айқын Төлепберген, Бонапарт, Айдана Меденовалар көш бастап тұр.

Медиа