logoru
logo

Мәжіліс депутат Бақытгүл Хаменованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

  • Бөлім:  Cаясат
  • Оқылды 25 рет

KAZUS.KZ. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Бақытгүл Хаменованың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сізге барлық әріптестеріміздің атынан Мәжілісте бірлесіп атқарған жұмыс үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Сіз өзіңіздің біліміңіз және мол тәжірибеңіздің арқасында алдағы уақытта да Атырау облысының дамуына да зор үлес қосасыз деп сенім білдіреміз. Сондай-ақ жұмысыңыз табысты болсын», - деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Жалпы отырыс барысында Анар Нұралықызына арнайы «Алғыс хат» тапсырылды.

Бақытгүл Хаменова жақында Атырау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Ол Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі мамандығымен, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасын бітірген. Кейін Атырау мұнай және газ институтын, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған. Филология ғылымдарының кандидаты.

2016 жылғы 24 наурыздан алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты