logoru
logo

Қызыл кітапқа енген қарақұйрықты атып, етін жеген қорықшы ұсталды

KAZUS.KZ. Алматы облысында арнайы операция барысында Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері заңсыз аң аулаған, сондай-ақ қару мен оның оқ-дәрілерін заңсыз сақтаған "К" есімді Ұлттық табиғи саябақтың мемлекеттік инспекторын ұстады, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот санкциялаған тінту барысында полиция қызметкерлері азаматтан болжам бойынша Қызыл кітапқа енгізілген "Қарақұйрықтың" етін және тіркелмеген оқтары бар ойық атыс қаруының екі бірлігін тауып, тәркіледі.

"Ұсталған азамат өзінің жағдайына байланысты бекітіліп берілген аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесін қорғауды қамтамасыз етуге, аң аулау ережелерін бұзудың жолын кесуге тиіс болатын. Алайда, оның орнына ол Ұлттық саябақтың аумағындағы ерекше қорғалатын аймақта жануарларды өлтірген. Осы ақпаратты алғаннан кейін жедел уәкілдер қадағалау жүргізіп, оның барлық заңсыз әрекеттерін дәлелдеді", - деп хабарлайды Алматы облысы ПД Тергеу басқармасының аға тергеушісі полиция капитаны Ернар Қалтаев.

Аталған дерек СДТБТ-да ҚР ҚК 337-бабы 4-бөлігінің 1,2,3-тармақтарымен, 287-бабының 3-бөлігімен тіркелді. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынып,сот-биологиялық сараптама тағайындалды.