logoru
logo

АҚШ COVID-19-ға қарсы препараттың әлемдік қорының 90%-ын сатып алды

  • Бөлім:  Әлемде
  • Оқылды 112 рет

KAZUS.KZ. Бұл туралы ол Ақ үйде сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп жазады baq.kz РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

АҚШ Президенті Дональд Трамп билік елде өндіріліп жатқан COVID-19-дан емдеу кезінде қолданылатын Remdesevir препаратының әлемдік қорының 90% сатып алғанын растады.

Менің әкімшілігім SARS-CoV-2 коронавирусынан емдеуге зор әсер ететін осы препараттың әлемдік жеткізілімінің 90%-ын брондап қойды, - деді ол.

Шілде айының басында британиялық Evening Standard газеті АҚШ вирусқа қарсы Remdesevir препаратының бүкіл жаһандық қорын сатып алғанын хабарлаған еді. Ал ТАСС агенттігі ДДСҰ өкілдері бұл ақпаратты тексеретінін мәлімдеді. Төтенше жағдайлар бағдарламасының директоры Майкл Райан ұйымның ұстанымына түсініктеме бере отырып, "әрбірімізге өмірді құтқара алатын қажетті ем қолжетімді болуы керек" деп атап өтті.

Remdesevir кезінде эбола безгегімен күресу үшін жасалған еді, бірақ ол тиімділігін дәлелдей алмады. Кейінірек препарат SARS және MERS инфекцияларын емдеуде нәтижелі болды. Вирусқа қарсы препараттың клиникалық сынақтары covid-19-дың ауыр түріне шалдыққандарды қалпына келтіру кезеңін қысқартатынын көрсетті. Мамыр айында АҚШ-та коронавирус инфекциясын емдеу мақсатында бұл препаратқа рұқсат берілді.