logoru
logo

Карантиндегі Алматыға кірмек болған тұрғындар қамауға алынды

  • Бөлім:  Оқыс-оқиға
  • Оқылды 216 рет

KAZUS.KZ. Алматының маңындағы блок-бекеттерді айналып өтпек болған тәртіп бұзушылар 5 тәулікке қамалды, деп хабарлайды sputniknews.kz Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазақстанның үш азаматы және бір шетелдік азамат қала маңындағы блок-бекеттерді айналып өтіп, карантиндегі Алматыға кіруге тырысқан. Оларды Ұлттық ұланның әскерилері ұстады.

"Ұсталғандардың арасында болған 20 жастағы Қырғызстан азаматының құжаты жоқ болып шықты. Сондай-ақ, Алматы облысының екі тұрғыны мен Түркістан қаласының 44 жастағы тұрғыны бар. Олардың бірі Ақсай өзені арқылы қалаға кіруге тырысса, қалғандары Покровка ауылының маңындағы өткізу пунктінде ұсталған", – деді Қарасай ауданының полиция басшысы Асхат Данияр.

Әкімшілік соттың шешімімен қазақстандық құқық бұзушылар 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Ал шетелдік қыз кім екені айқындалғанға дейін қабылдау орталығында болады.