logoru
logo

Әлеуметтік желі арқылы ер адамды қорқытқан әйел анықталды

  • Бөлім:  Оқыс-оқиға
  • Оқылды 180 рет

KAZUS.KZ. Қарағанды қаласында ер адамға және оның отбасына әлеуметтік желі арқылы күш көрсеткен әйел анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 маусымда Қарағанды қаласының ПБ Киров полиция бөліміне 40 жастағы қала тұрғынынан арыз түскен. Ер адам “WhatsApp” әлеуметтік желісі арқылы бір әйел оған және оның отбасына күш көрсету қаупі төнгенін айтты. Олар ұсынған дәлелдерді Қарағандыдағы университетте филологтар зерттеген.

Олардың сараптамаларына сәйкес, қаралған мәлімдемелерде зорлық-зомбылық қаупінің тілдік белгілері анықталды. Полиция қызметкерлері бұл мәлімдемелердің авторын анықтады. Ол 40 жастағы қала тұрғыны екені белгілі болды. ҚР ҚК 115-бабы 1-бөлігі “Адам өміріне қауіп төндіру”  бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасып жатыр.