logoru
logo

Қазақстан Өзбекстанға наразылық нотасын жолдайды

  • Бөлім:  Cаясат
  • Оқылды 190 рет

KAZUS.KZ. Еліміз бұзылған су қоймасына қатысты Өзбекстанға наразылық нотасын дайындап жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл туралы «Атамекен» бизнес арнасына сұхбат берген Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громов мәлімдеді. 

Вице-министрдің айтуынша, ала шапанды ағайындар алып бөгеттің құрылысын қазақстандық тараппен ақылдаспастан бастап кеткен. Ал трансшекаралық нысандардың барлығы халықаралық ережеге сай, іргелес жатқан елмен келіссөз жүргізу негізінде салынуы керек.

Осылайша, Өзбекстан тарапы Біріккен Ұлттар Ұйымының конвенциясын өрескел бұзған. Екі елге ортақ есеппен айтсақ, 276 мың шаршы шақырым аумақты су басқан. Оның 80 мың шаршы шақырымға жуығы Қазақстанға тиесілі.

«Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігіне нота дайындап жатырмыз. Онда біздің арыз-талабымыз айтылады. Өйтуге толық құқығымыз бар. Онда біз келтірілген көптеген шығынды өтеп беруді талап етеміз. Сондай-ақ, бұл су қоймасын қайтадан салмауды сұраймыз. Себебі, бұл нысан барлық халықаралық ережелерге қарама-қайшы бой көтерген», - дейді Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Сергей Громов.