logoru
logo

Новак Джокович коронавирус жұқтырды

Новак Джокович коронавирус жұқтырды © Reuters
  • Бөлім:  Спорт
  • Оқылды 205 рет

KAZUS.KZ. Әлемнің бірінші ракеткасы, серб теннисшісі Новак Джокович коронавирусты анықтайтын тест тапсырып, нәтижесі оң болып шықты. Бұл туралы Ассошиэйтед Пресс мәлімдеді, - деп хабарлайды tengrinews.kz РИА Новости сайтына сілтеме жасап. 

Джоковичтің әйелі мен балалары да коронавирус бар-жоғын тексеретін тесттен өтті. Теннисшінің әйелінің де тесті оң нәтиже көрсетті, ал балалары тапсырған тест нәтижесі теріс болып шықты.  

Cпортшы 14 күндік оқшаулану режиміне көшкенін хабарлады.