logoru
logo

Пакьяоның менеджері Головкинмен жекпе-жек туралы ресми мәлімдеме жасады

  • Бөлім:  Спорт
  • Оқылды 179 рет

KAZUS.KZ. WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Мэнни Пакьяоның менеджері және кеңесшісі Шон Гиббонс өзінің филиппиндік пен қазақстандық Геннадий Головкин арасындағы көпшілік күтіп жүрген жекпе-эек жайлы түсініктеме, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мэнни Пакьяо мен Геннадий Головкин арасындағы шайқас бұл өмірде ешқашан болмайды. Фреддидің сөзін көпшілік дұрыс түсінбеді», - деді Гиббонс.

WBN журналисі Фил Джей Гиббонстың мәлімдемесіне түсінік бере отырып, Пакьяо фанаттарының енді тыныш ұйықтай алатындығын атап өтті: «Қауесеттерді жоққа шығару Пакьяо жанкүйерлеріне тыныштық сыйлайтын рас, өйткені Головкин әлемдегі ең қорқынышты боксшылардың бірі».