logoru
logo

Футболдан Италия кубогының финалы: «Наполи» «Ювентусті» жеңді

  • Бөлім:  Спорт
  • Оқылды 155 рет

KAZUS.KZ. Бүгін футболдан Италия кубогының финалы өтті. Осылайша аталған елде доп додасы қайта жалғасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Финалдық ойында Неапольдің «Наполи» және Туриннің «Ювентус» командалары өзара шеберлік байқасты. Жеңімпаз пенальти тебу арқылы анықталды. Бұл жолы «Наполи 4:2 есебімен ұтты. Осылайша, команда өз тарихында алтыншы мәрте кубокты төбесіне көтерді. Ал «Ювентус» бұдан бұрын 13 мәрте кубок иегері атанған еді.

Енді, Италияда 20 маусымда А сериясындағы 27-тур ойындары басталады. Ол 23 маусымға дейін өткізіледі. Ойындар жанкүйерсіз болады. Чемпионат 2 тамызда мәресіне жетеді деп жоспарланып отыр.

Қазір турнир кестесінде 26 ойыннан кейін 63 ұпаймен «Ювентус» көш бастап келеді. Одан кейінгі орындардағы «Лационың» - 62, «Интердің» 52 ұпайы бар.

Қазірге дейін Англия, Германия, Испания чемпионаттары қайта жалғасты. Ал Францияда доп додасы бітпестен «Пари Сен-Жермен» чемпион болып шешілді.

Бұдан бұрын футболдан Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы финалдық кезеңі қалай өткізілетіні хабарланды. Сондай-ақ Англия Премьер-лигасы қайта жалғасқанын, бүгін «Манчестер сити» мен «Арсенал» кездескенін жаздық.