logoru
logo

Данэля Төлешова America’s Got Talent байқауының ІІІ-кезеңіне өтті

Данэля Төлешова America’s Got Talent байқауының ІІІ-кезеңіне өтті Сурет : Instagram
  • Бөлім:  Шоу-бизнес
  • Оқылды 26 рет

KAZUS.KZ. America's Got Talent шоуының қазылар алқасы "жасыл" тетікті басып, Данелия Төлешованы үшінші кезеңге автоматты түрде өткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстандық әнші атақты жобаның үшінші кезеңіне ән салмай-ақ өтіп кетті.

Пандемияға және жобаға қатысушылардың әлемнің түкпір-түкпіріненболуына байланысты ІІ-тур онлайн режимде өтті. Жобада Данелия мен басқа да үздік өнерпаздардың талантына шек келтірілмегендіктен, олардан ІІ-турда өнер көрсету талап етілмеді.

Қазір ол ІІІ-турға дайындалып жатыр, бірақ оның қашан болатындығы және қандай форматта өтетіндігі, әзірге әлі белгісіз.

 

Естеріңізге сала кетейік, мамыр айының соңында қазақстандық әнші Данелия Төлешованың America's Got Talent шоуының І-турында өнер көрсетіп, видеосы желіде жарияланды. Ол кезде көрермендер де, қазылар алқасы да жас жұлдыздың дарынына тәнті болып, зор қошемет көрсетті.