logoru
logo

Қазақстанның сүт шығаратын 6 кәсіпорыны өнімдерін Қытайға экспорттайды

  • Бөлім:  Экономика
  • Оқылды 29 рет

KAZUS.KZ. Алматы, Ақмола және Қостанай облыстарының кәсіпорындары өз сүт өнімдерін Қытайға экспорттай алатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ауыл шаруашылығы министрлігі.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР-ның Бас кеден басқармасы арасындағы белсенді ынтымақтастықтың нәтижесінде тағы үш қазақстандық сүт өңдеуші кәсіпорын Қытайға экспорттауға құқығы бар кәсіпорындардың тізіміне енді. Олар: «Гормолзавод» ЖШС (Көкшетау, Ақмола облысы), «Дәулет-Бекет» (Талдықорған, Алматы облысы) және «Лидер-2010» (Рудный, Қостанай облысы).

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айындағы сапары аясында Бейжіңде сүт және сүт өнімдерін экспорттауға ветеринариялық-санитарлық талаптар туралы хаттамаға қол қойды. Сол кезде Алматыдағы Фудмастер, Қарағандыдағы ​​Евразия Инвест LTD және Түркістандағы Golden Camel Group LTD сияқты үш компания өз өнімдерін көрші мемлекетке сату құқығын алған болатын.

Қазіргі уақытта сүт және сүт өнімдерін өндіретін 6 кәсіпорын өз өнімдерін Қытайға экспорттай алады.