logoru
logo

Жұма, 08 Мамыр 2020 - KAZUS.KZ

Саакашвили жаңа қызметке тағайындалды

KAZUS.KZ. Михаил Саакашвили Реформа кеңесі Атқарушы комитетінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тиісті шешім Украина президентінің сайтында жарияланды. Зеленский Саакашвилиді жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, кеңес жұмысын жандандыратынына сенім білдірді. Бұған дейін Грузияның экс-президенті үкіметтен қызмет алуы мүмкін деген хабар тараған еді.

Айта кетейік, Реформа бойынша кеңес 2014 жылы құрылған және президент жанындағы кеңесу органы саналады.

Толығырақ ...

Шымкент қаласының әкімі ҰОС ардагерін құттықтап барды

  • Бөлім:  Қоғам

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Шымкент қаласындағы 40 майдангерге Ұлы Жеңістің 75 жылдығы арнайы медалі мен құттықтау хаты табысталды, деп хабарлайды KAZUS.KZ.

Мереке қарсаңында қала әкімі Мұрат Әйтенов ҰОС ардагері Сәрсен Әбдінұровтың үйіне барып, арнайы медалін тапсырып, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді.

Майдангер атамыз 1922 жылдың 22 желтоқсанында дүниеге келген. Соғыс жылдарында ол 368-шы, кейін 823-ші атқыштар полкінде қызмет етті. Кейіннен 1-ші Украина майданының құрамында шайқасып Берлинге дейін барған. Сұрапыл соғыс аяқталғаннан соң 1947 жылға дейін Германияда Совет Армиясы қатарында қызмет еткен.

Елге оралған соң почтада, мәдениет саласында басшылық лауазымда қызмет еткен. Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетін сырттай бітірген соң 1961-1971 жылдар аралығында Шымкент облыстық ішкі істер саласында жауапты қызметтер атқарды. 1971 жылдан құрметті еңбек демалысына шыққанша Шымкент қаласындағы еңбекке орналастыру басқармасында жауапты қызметте болған.

Соғыс жылдарында Сәрсен Әбдінұров ІІ дәрежелі « Ұлы Отан соғысы» орденімен, «1941-1945 ж.ж. Германияны жеңгені үшін», «Совет Одағының маршалы Г.К. Жуков» және басқа да медальдармен марапатталған.

Айта кетейік, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай қаладағы ҰОС 40 ардагерінің әрбіріне Шымкент қаласының әкімдігі 1 миллион теңге көлемінде сыйақы береді.

Толығырақ ...

Коронавирустың екінші толқыны күзде келуі мүмкін

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директоры Дамир Көбжасаров коронавирустың екінші толқыны қай кезде келуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Індет жұқтыру көрсеткіштері артуының екінші кезеңі күз мерзімінің екінші бөлігіне келуі мүмкін. Ел халқы вирустың бар екенін ұмытпауы керек. Бұл індет барша әлемде толықтай жойылмады. Кейбір адамдарда бұл ауру ешбір белгілерсіз болады, кейіннен бұл инфекция ағзасы індетке сезімтал кісілерге жұғуы мүмкін», - деді Д.Көбжасаров онлайн тәртіпте өткен брифингте.

Сонымен қатар сарапшы эпидемиологиялық жағдайға қатысты оңтайлы пікір білдірді.

«Бүгінде адамдар індеттен сауығып, үйлеріне оралып жатыр. Яғни, өмір жалғасуда, біздің денсаулық сақтау жүйеміз, дәрігерлеріміз өздеріне жүктелген міндетті орындап келеді. Денсаулық жағдайы нашар адамдар сауығып, аяғына тұрып жатыр», - деді орталық директоры.

Толығырақ ...

МАҚТААРАЛ: Мырзакентте жаңадан 500 үй бой көтереді

  • Бөлім:  Қоғам

Мақтаарал ауданы,  салынады, деп хабарлайды KAZUS.KZ. 

Бұл туралы Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов пен Өзбекстан Республикасының Төтенше жағдай Министрінің бірінші орынбасары Абдулла Құлдашев және Түркістан облысы Төтенше жағдай департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов Мақтааралдағы су тасқынының салдарын жою бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баспасөз брифингін айтылды.

Брифингке қатысқан Өзбекстан Республикасының ТЖМ бірінші орынбасары Абдулла Құлдашев техногендік апат аймағында жергілікті әкімшілік пен ТЖД қызметкерлері жүйелі жұмыс атқарып жатқанын атап өтті.

«Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.Мирзиеевтің тапсырмасы бойынша Мақтаарал ауданына келдік. Су басқан аймаққа 300-ден астам қызметкер, 186 техникамыз жұмылдырылған. Оның ішінде құтқаруға арналған, инженерлік, су тасу, жүк көліктері бар. Жергілікті әріптестерімізбен тығыз қарым-қатынаста тәулік бойы осымен 3 күн жұмыс істеудеміз. Қазіргі міндетіміз - коллекторларды тазарту, су тасыған жерлерді қалпына келтіру. 50-ден астам су тарту насосы күндіз-түні жұмыс істеп тұрғандықтан, кеше 34 мың куб су сыртқа шығарылды. Нәтижесінде Фирдоуси ауылында су деңгейі айтарлықтай төмендеді. Біз аймақтағы төтенше жағдай аяқталғанша осында боламыз», - деді Абдулла Хамидоллаұлы.

Сондай-ақ, брифинг барысында Мемлекеттік комиссия шешімімен жүзеге асып жатқан жұмыстарды атап өткен облыс әкімінің орынбасары Сәкен Амангелдіұлы Жеңіс, Жаңатұрмыс, Достық ауылдары толықтай көшірілетінін, ол үшін Мырзакент ауылынан 500 тұрғын үй салуға 50 гектар жер белгіленгенін атап өтті.

«Ресей кәсіпкері Әлішер Усманов су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал ауданының эвакуацияланған 30420 тұрғыны үшін «Түркістан» Әлеуметтік Даму Корпоративтік қорына 5 млн. 202 мың АҚШ долларын аударды. Бұл қаражат эвакуацияланған 5202 отбасының жеке шоттарына түсетін болады. Сондай-ақ, қорға отандық кәсіпкерлер мен азаматтардан 160 млн. теңгеге жуық қаржы түсті. Жиналған қаржы зардап шеккен отбасыларға бағытталады. Гуманитарлық көмек ретінде штаб қоймасына 270 тонна азық-түлік түсті, оның бүгінде 90 тоннасы елге таратылды», деді С. Қалқаманов

Түркістан облысы ТЖД бастығы Нұрғали Жүнісов брифингте апат аймағына еліміздің Қорғаныс саласынан 1000-нан астам маманның жұмылдырылғанын жеткізді.

«Қазіргі таңда судың деңгейі төмендеуде. Өргебас, Нұрлы жол, Фирдоуси, Жеңіс елдімекендерінде су сору жұмыстары жалғасуда. Қорғаныс министрлігі, Ұлттық ұлан,ТЖД мен Полиция Департаментінен 1365 адам жұмыс атқаруда. Мәселен, 75 мотопомпа су сору жұмыстарында, 44 қайық су басқан елдімекендерде тұрғындардың үйлерінен заттарын тасу жұмыстарына жұмылдырылған», - деді ол.

Толығырақ ...

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 4753 адамға жетті

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Қазақстандағы коронавирус бойынша 8 мамыр 12:25-тегі эпидемиологиялық жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 63 жағдай тіркелді, деп жазады coronavirus2020.kz.

Олар мына қалалар мен облыстарда тіркелген: 

Алматы қаласы - 1,

Шымкент қаласы - 2,

Алматы облысы - 1,

Жамбыл облысы - 1,

Нұр-Сұлтан қаласы - 45,

Атырау облысы - 7.

 

Қазақстан бойынша барлығы - 4753.

Нұр-Сұлтан қаласы – 950

Алматы қаласы – 1502

Шымкент қаласы – 226

Ақмола облысы – 106

Ақтөбе облысы – 172

Алматы облысы – 177

Атырау облысы – 263

Шығыс Қазақстан облысы – 32

Жамбыл облысы – 172

Батыс Қазақстан облысы – 217

Қарағанды облысы – 186

Қостанай облысы – 61

Қызылорда облысы – 225

Маңғыстау облысы – 109

Павлодар облысы – 152

Солтүстік Қазақстан облысы – 34

Түркістан облысы – 169

Толығырақ ...

Болат Өтемұратов мақтааралдықтарға 6 млн доллар бөледі

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Болат Өтемұратов Түркістан облысының Мақтаарал ауданында 150 үй салу үшін 6 млн АҚШ долларын бөледі, деп хабарлайды baq.kz.

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында Болат Өтемұратов Қорының қаржыландыруымен 150 тұрғын үй салынбақ. Олар көршілес Өзбекстанда болған су бөгетінің бұзылуы салдарынан орын тапқан тасқыннан зардар шеккендерге берілетін болады. Қайырымдылық ұйымның құрылтайшысы бизнесмен және меценат Болат Өтемұратов осы шараға 6 млн АҚШ долларын (2,5 млрд теңге) бөлгенін мәлімдеді.

Үйлер аудан орталығы Мырзакент қаласының жаңа шағын ауданында салынады. Мұнда баспаналары бұзылған Достық, Жаңатұрмыс және Жеңіс ауылдарының тұрғындары көшіріледі.

Жаңа шағын ауданға барлық коммуникациялар тартылып, балабақшалар мен мектептер салынады.

Өткен жылы Болат Өтемұратов Қоры Қызылорда қаласында 100 көпбалалы отбасы үшін және Арыс қаласында жарылыстардан зардап шеккен 100 отбасы үшін тұрғын үй салуды қаржыландарды. Жобаларға жұмсалған жалпы сома 1,3 млрд. теңге құрады.

Толығырақ ...

Бәйдібекте көпбалалы отбасына бес бөлмелі баспананың кілті табыс етілді

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Түркістан облысы Бәйдібек ауданында тұрмысы төмен отбасына баспананың кілті табыс етілді. Шақпақ елдімекенінде тұратын төрт баланың әкесі Бақытжан Ынтыбаевқа бес бөлмелі үйді жергілікті кәсіпкер тарту еткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жомарт жандардың бірі Ерболат Мырзабеков көпбалалы отбасына тұрғын үйді өз қаржысына сатып алып берген. Баспананың кілтін салтанатты табыстау рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев қатысып, қоныстой иесі Бақытжан Ынтыбаевқа естелік сыйлық тарту етті.

Ал, облыстың бас имамы Мұсабек Ақтамберді «Ел үлесі - пәтерге» жобасы бойынша Бәйдібек ауданындағы 197-ші баспана құтты болсын деп салтанатты түрде тұрғын үйдің кілтін тапсырды. Көпбалалы ана Гүлнұр Досжанованың қуанышында шек жоқ. Ол мейірімді жандарға алғысын айтып, балаларының өз бөлмесі болатынына қуанып жатты.

Кәсіпкер сондай-ақ Бақытжан Ынтыбаевты өзінің жеке шаруашылығына маусымдық жұмысқа қабылдағанын және қазір трактор жүргізіп жатқанын жеткізді.

Айта кетейік, үнемі қайырымдылық жасаудан шет қалмайтын Ерболат Мырзабеков аудандағы мұқтаж жандарды азық-түлікпен қамтамасыз етіп келеді.

Толығырақ ...

Футболдан Түркия чемпионаты 12 маусымда басталады

  • Бөлім:  Спорт

KAZUS.KZ. Бұл туралы Түркия футбол федерациясының басшысы Нихат Өздемир хабарлады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, жоғары лига жанкүйерсіз өтіп, 26 шілдеде аяқталады. Ал елдегі УЕФА Чемпиондар лигасының финалы Ыстамбұлда тамыз айында ұйымдастырылады. Еске сала кетейік, Түркияда футбол ойындары 19 наурыз күні тоқтатылған болатын. Шешім елде COVID-19-дан қайтыс болудың алғашқы дерегі тіркелген соң қабылданды.

Айта кеткен жөн, қазіргі уақытта Түркияда суперлига чемпионатында «Транзонспор» мен «Башах-шехир» командалары көш бастап тұр. Ал бүгінге дейін футбол саласында коронавирусқа шалдыққан 1 спортшы мен «Галата-сарай» командасының жаттықтырушысы Фатих Терим бар.

Футбол лигаларын 26 шілдеде аяқтаймыз. 10 сценарийіміз бар. 35 күн қалды. Бір айдан кейін еліміздің жағдайы бүгіннен әлдеқайда жақсы болады деп сенемін, дейді Түркия футбол федерациясының басшысы Нихат Өздемир.

Толығырақ ...

Атырау халқы Мақтааралға 150 тонна гуманитарлық көмек жіберді

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Атыраудан Мақтарал ауданына алғашқы гуманитарлық көмек жөнелтілді, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі, деп хабарлайды baq.kz.

Атырау халқы жинаған 150 тонна азық-түлік, киім-кешек тиелген гуманитарлық көмек Атыраудан Түркістан облысына аттанды. Жолға 6 ауыр жүк көлігі, 20 газель және 2 жеңіл машина шықты.Сонымен қатар, Атырау қаласының тұрғындарынан бөлек, мұнайлы өңірге қарасты барлық жеті аудан халқы жинаған 15 миллион теңгедей қаражат Мақтаарал халқына беріледі.

Бұйырса екі тәулік шамасында атыраулық ағайынның аманатын Мақтааралға жеткіземіз.​ Талай қиындықты халқымыз бірліктің арқасында жеңген. Бұл сынақты да бірге еңсереміз. Біз біргеміз, - дейді ұйымдастырушылар.​

Қазіргі кезде тағы екі көлік жолға ​ дайындалып жатыр.

Бұның сыртында Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен Мақтааралға көмек көрсетуге үшін ашылған арнайы қорға атыраулықтар тарапынан қаржы жиналып жатыр. Сонымен қатар, гуманитарлық көмек көрсету жұмыстары да жалғасады.

Еске сала кетелік, санаулы күндер бұрын​ Өзбекстандағы су бөгеттерінің бірі бұзылып Түркістан облысының​ Мақтарал ауданын тасқын су басқан болатын.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу