logoru
logo

Сәрсенбі, 06 Мамыр 2020 - KAZUS.KZ

Дағдарысқа қарсы шаралар: Үкімет бөлген 5,9 трлн теңге қайда жұмсалады

KAZUS.KZ. Елдегі жұмыспен қамтуды және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қолдауға бағытталған дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру үшін Үкімет 5,9 трлн теңге бөледі. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Қаржы министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Министрліктің хабарлауынша, аталған қаржы республикалық бюджет есебінен (3,4 трлн теңге) және бюджеттен тыс қаражаттан (2,5 трлн теңге) құралады.

Шығындар жұмыспен қамтуды арттыруға, табыстан айырылу, әлеуметтік жәрдемақы сынды ай сайынғы төлемдерге, баспана құрылысына, бюджеттің салық табысы шығындарын толтыруға және Мемлекет басшысының тапсырмасымен басқа да бағыттарға жұмсалады.

«Атап айтқанда, Жұмыспен қамтудың жол картасын қаржыландыруға 1 трлн теңге бөлінеді, оның 300 млрд теңгесі республикалық бюджеттен алынса, 700 млрд теңге - бюджеттен тыс қаражат. Осы қаржы аясында өңірлерде инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып, 255 мың жұмыс орны ашылады. Бизнес субъектілерінің айналым капиталына 8% жеңілдетілген несие беру және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша инвестициялық жобаларға жылдық 6 пайызбен жеңілдетілген несиелерді кеңейту аясында 1 трлн теңге (бюджеттен тыс) қарастырылған», - делінген министрлік хабарламасында.

Екі ай ішінде 4,5 миллионнан астам адам табысын жоғалтқаны үшін ең төменгі жалақы (42,5 мың теңге) мөлшерінде төлем алады. Бұл үшін шамамен 370 миллиард теңге (Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан) қарастырылған.

«Елдегі тұрғын үй құрылысы көлемін 15 миллион шаршы метрге жеткізу үшін баспана құрылысына қосымша 390 миллиард теңге бөлінеді (бюджеттен тыс қаражат). Республикалық бюджеттің салықтық кірістері шығынын өтеу үшін және мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелерін орындау үшін 1,7 трлн бөлінді. Экономиканың зардап шеккен салаларындағы шағын және орта бизнес пен ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін жалақы төлеу қорын салықтар мен алымдардан босатуға байланысты жергілікті бюджеттердің шығынын өтеу үшін 237 млрд теңге қарастырылған», - деп мәлімдеді министрлік.

313 млрд теңге әлеуметтік төлемдерді (зейнетақы, жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек) 10% дейін қосымша индексациялауға, шәкіртақыны көбейтуге және халықтың кейбір санатының коммуналдық төлемдерін өтеуге жұмсалады.

«Мемлекеттік бағдарламаларды кеңейтуге 240 миллиард теңге қарастырылған, оның ішінде: агроөнеркәсіп кешенін субсидиялауға - 50 млрд теңге; «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында еңбек нарығын дамытуға - 50 млрд теңге; «Бизнестің жол картасы - 2025» мемлекеттік бағдарламасы бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау және қарыздарға кепілдік беру үшін - 84,5 млрд теңге; «Ауыл - Ел бесігі» жобасы аясында ауылдық жерлердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға - 55 млрд теңге», - деп хабарлады Қаржы министрлігі.

Эпидемияға қарсы шараларға, оның ішінде медицина қызметкерлеріне және басқа жұмысшыларға үстемеақы төлеуге, халықтың осал топтарын азық-түлікпен және тұрмыстық жиынтықпен қамтамасыз етуге және басқа да жұмыстарға 125 млрд теңге қарастырылған.

Сонымен бірге, азаматтар мен экономиканы қолдауға, оның ішінде Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға қосымша 575 млрд теңге бағытталған. Аталған қаражат аясында валюта бағамының өсуіне, Нұр-Сұлтан қаласында үлестік құрылыстың проблемалық нысандарын аяқтауға және басқа да басым міндеттерге байланысты бюджет шығындары алдын ала ескерілген.

Толығырақ ...

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Мақтаарал ауданына барды

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр су басқан ауыл тұрғындарымен кездесіп, оларға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзін жеткізді, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Үкіметінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан Президенті Мақтаарал ауданының судан зардап шеккен бірде-бір тұрғыны көмексіз қалмайтынын айтты. Сол себепті, сіздерге тек түсініктік танытуды сұраймын. Үкімет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіледі. Президент Үкіметке Өзбекстандағы су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан су басқан ауылдардың тұрғындарына жан-жақты материалдық көмек көрсетуді тапсырды", — деді Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр.

Орын алған жағдайға байланысты арнайы үкіметтік комиссия құрылғаны белгілі. Оны Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр басқарады. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен құрамында орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары бар жұмыс тобы Жаңа тұрмыс, Жеңіс, Фирдоуси, Өргебас, Достық ауылдарының тұрғындарымен кездесті.

Комиссия шығынды шұғыл түрде есептеу жұмыстарын жүргізеді. Ең алдымен тұрғын үйлер қалпына келтіріледі. Сонымен қатар инженерлік, көлік, әлеуметтік инфрақұрылым ретке келтіріледі.

Комиссия арнайы техника әкелген Өзбекстан мемлекетінің өкілдерімен де кездесті. Су астында қалған ауылдарды тазалауға көрші елден көмекке келген 50-ге жуық техника жұмылдырылды.

Толығырақ ...

Түркістандық оқушыларды чиптеу туралы желіде пайда болған видеоға қатысты түсінік берілді

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Әлеуметтік желілерде Түркістан облысындағы мектеп оқушыларын чиптеп жатқанға ұқсайтын деректі фильмнің үзіндісі пайда болған. Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде халықты жаппай вакцинациялау және чиптеу туралы фотосуреттер мен аудио хабарламалар тарап жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейді. Осыған байланысты мен барлық азаматтарды әлеуметтік желілердегі күмәнді материалдарға сеніп қалмауға және сенімді ақпарат көздері таратқан мәліметтерге сенуге шақырғым келеді. Жалған ақпарат таратқаны үшін адамдар жауапкершілікке тартылатындығын еске салғым келеді, - деді Эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас сарапшысы Нұршай Әзімбаева.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде қазақстандық мектеп оқушыларын чиптеп жатқаны туралы видео тараған. Онда чиптің арқасында ата-аналар балаларын қашықтан басқара алатындығы, тестті АҚШ үкіметі қаржыландыратыны айтылады.

Толығырақ ...

Германияда барлық дүкендер мен мектептер ашылуда, ал Бундеслига 15 мамырда оралады - БАҚ

  • Бөлім:  Әлемде

KAZUS.KZ. Германия федералдық үкіметі карантин шараларын жеңілдетуге ниетті, бірақ ауру жұқтырушылар саны күрт өскен жағдайда төтенше жағдай режимін қайта енгізуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі DPA агенттігіне сілтеме жасап.

Канцлер Ангела Меркель мен 16 өңірдің үкімет басшылары сәрсенбі күні түстен кейін телефон конференциясын жүргізіп, вирустың таралуының алдын алу үшін енгізілген шектеулерді жеңілдететіні туралы келіседі.

Шешім жобасына сәйкес, федералдық үкімет ірі шараларды өткізуге, соның ішінде фестивальдар мен спорттық шараларға тамыз айының соңына дейін тыйым салады. Берлин бүкіл ел аумағындағы дүкендердің ашылғанын қолдап отыр. Дегенмен, клиенттер арасындағы қашықтық 1,5 метр болуы міндетті.

Федералдық үкімет балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қатаң нұсқаулықтарға сәйкес, барлық мектеп оқушыларының жазғы каникулдарға шығуы үшін сыныптарға кезең-кезеңімен оралуын қарастырып жатыр.

Бундеслига мамыр айының ортасында матчтарға рұқсат береді. Бірақ, олар екі апталық карантинді сақтауы тиіс. Көрерменсіз өтетін ойындар 15 немесе 21 мамырда басталады деп жоспарлануда.

Бұдан бөлек, федералдық үкімет коронавирусқа қатысты қосымша шектеулерді жеңілдету шараларына жауапкершілікті федералдық жерлерге бермекші.

Ангела Меркель 20 сәуірде ауру жұқтырудың жаңа жағдайлары өсетін болса, қатаң шектеулерді қайта енгізетінін мәлім етті.



Толығырақ ...

Елімізде коронавирустың екінші толқыны болуы мүмкін бе

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Эпидемия басталғалы жансақтау бөлімінен 69 сырқат емделіп шығарылған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен елдегі коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдай, сонымен қатар Қазақстандағы вакциналардың сапасы мен сатып алулары туралы брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл жаңа вирус, жаңа эпидемия болғаннан кейін оның екінші толқыны болатын-болмайтынын айту, болжау өте қиын. Біз біртіндеп, бақылап көруіміз керек. Кейбір мемлекетте ауырғандар саны өсуі қайта байқалып жатыр. Соны болдырмау үшін карантин шараларын дұрыс сақтауымыз керек», - дейді ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев.

Оның айтуынша, елімізде эпидемия басталғалы бері 16 науқас өкпені жасанды желдету аппаратынан емделіп шыққан.

«Қазіргі уақытта 7 сырқат жасанды тыныл алу аппаратымен жатыр. Жалпы алғанда, эпидемия басталғалы жансақтау бөлімінен 69 сырқат емделіп шықты», - дейді ол.

 

Толығырақ ...

Том Круз бен Илон Маск ғарышта фильм түсірмек

KAZUS.KZ. Голливуд актері Том Круз бен Space X-тің негізін қалаушы Илон Маск ғарышта толықметраж фильм түсірмек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Deadline мәліметінше, бұл жоба NASA-мен талқыланып жатыр.

57 жастағы актер мен 48 жастағы кәсіпкер дәл қазір NASA-мен келіссөздер жүргізіп жатқан көрінеді.

NASA басшысы Джим Брайденстайн Twitter желісіндегі парақшасында ғарышта фильм түсірелетінін растады.

Толығырақ ...

Әлемге танымал ережесіз жекпе-жек спортшысы камера алдында не үшін жылады

  • Бөлім:  Спорт

Ресейлік ММА спортшысы Александр Емельяненко психологиялық эксперимент өткізіп, камера алдында жылап жіберді, деп жазады KAZUS.KZ.

"Психологтардың айтуынша, адам жылап болған соң өзін жеңіл сезінеді. Маған жеңіл болған жоқ, психологтар айта береді. Оданда барып спортпен айналысайын. Барлықтарыңызға жақсы күн мен жақсы көңіл-күй тілеймін", - деді Емельяненко өз экспериментінің нәтижесімен бөлісіп.

Естеріңізде болса, сәуір айының 3 жұлдызында Емельяненко отандасы Магомед Исмаиловпен жұдырық түйістіру тиіс болатын, алайда коронавирус пандемиясының салдарынан кейінге шегерілді. 

 

Толығырақ ...

Жұмыссыз қазақстандықтар құны 400 долларлық курсты тегін оқиды

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Халықты жұмыспен қамту орталықтарында есепте тұрған жұмыссыздарға төтенше жағдай кезінде қашықтықтан білім мен дағды алу мүмкіндігі жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдай режимінің енгізілгеніне байланысты Coursera жаппай онлайн білім беру платформасымен келісімге келіп, Халықты жұмыспен қамту орталықтарында есепте тұрған жұмыссыздар үшін қажетті дағдылар мен мамандықтар бойынша онлайн-режимде курстардан өту мүмкіндігіне қол жеткізді. Ақылы негізде бір курс бойынша оқыту шамамен 400 АҚШ доллары тұрады. Алайда қол жеткізілген келісім аясында жұмыссыз қазақстандықтарға бұл мүмкіндік тегін беріледі», - делінген аталған министрлік таратқан ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, жоба аясында азаматтар 298 курс бойынша білім ала алады. IT, гуманитарлық ғылымдар, экономика, физика, медицина, кәсіпкерлік, маркетинг сынды бағыттар бойынша оқуға болады. Курстардың ұзақтығы 6-дан 10 аптаға дейін созылады. Курстар тапсырмалардан, апталық жаттығулардан және кейде қорытынды жобадан немесе емтиханнан тұрады.

«Пандемияға байланысты бүкіл әлемде цифрлық технологиялар, оның ішінде онлайн-білім де кеңінен таралуда. Қазақстандықтар да оларды белсенді пайдалануда. Өйткені төтенше жағда й режимі офлайн өзара іс-қимылды шектейді. Сонымен қатар, бұл ыңғайлы да. Себебі кез-келген уақытта және үйден шықпай-ақ білім алуға болады. Бірақ, біз үшін отандастарымыздың төтенше жағдай аяқталғаннан кейін бәсекелі жалақысы бар перспективалы жұмыс тапқаны маңызды. Бұл жерде үміткердің дағдылары мен білімі маңызды рөл атқарады. Сондықтан келіссөз жүргіздік. Нәтижесінде 2020 жылдың соңына дейін 50 мың жұмыссыз қазақстандықты тегін оқытуға келістік», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев.

Жобаға қатысу үшін ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелу жеткілікті. Coursera.org сайтына тіркелу кезінде enbek.kz-те көрсетілген электрондық поштаның мекен-жайын немесе жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелуді пайдалану өте маңызды.

 

Толығырақ ...

МАҚТААРАЛ: Мәжіліс депутаты зардап шеккендерге үй салып беруді сұрады

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ержан Құдайберген Түркістан облысы Мақтаарал ауданында су тасқынына байланысты Үкімет басшысына сауал жолдады, деп жазады baq.kz.

Ол су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға үй салып беру мен диқандарға егін егуге көмектесу мәселесін көтерді.

Өздеріңіз білесіздер, Өзбекстан Республикасының аумағында орналасқан Сардоба су қоймасының бұзылуы салдарынан Мақтаарал ауданының бірқатар елді мекені су астында қалды. Бүгінгі таңда ресми деректер бойынша ауданның 10 елді мекені, 800-ден аса тұрғын үйі, 3 мектеп, 5 балабақша, 4 медициналық нысан су астында қалып, 31 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды. Қазірдің өзінде көктем кезінде еңбегі жанатын диқан-фермерлердің 7 600-ге жуық гектар аумағындағы дақылды егетін алқаптарын су басты, - деді Ержан Құдайберген. 

Ол осы ретте су тасқынына байланысты құрылған үкіметтік комиссияға ұсынысын айтты

Су тасқынынан жапа шеккен халыққа барлық қажетті көмек көрсетілетініне сенеміз және өз тарапымыздан қабылданып отырған шараларға ұсыныс айтуды жөн санадық. Осы орайда үкіметтік комиссия су алған тұрғын үйлерге келген залалды бағалауда тек үйдің салынған материалына ғана емес, үйдің текшеметрлік көлемі мен тұрғындар санын негізге алуын сұраймыз. Кейбір тұрғынның өз мүліктерін рәсімдеп үлгермегендері де болады. Сондықтан жерасты суларының жақын орналасқанын ескере отырып, су басқан жерлерді бабына келтіру мақсатында, дренаж жүйелерін қолдануды және қашыртқыларды іске қосу қажет деп санаймыз,- деді депутат.

Оның айтуынша, диқандардың егінді қайта егуді қолдау жолдарын қарастыру, оның ішінде ауылшаруашылық техника, жанармай, жедел қамтамасыз ететін және оларды егістік алқаптарда уақытша паналауға мүмкіншілік жасау керек. 

Сонымен қатар, диқандармен ақылдаса отырып, қысқамерзімді өнім беретін дақылдарды егуге және оған керекті тұқымдарды жеткізіп беруді, кейін алынған өнімді сатылуға байланысты шараларды іске асыру керек. Одан бөлек, қашыртқылардың уақытылы тазаланбағаны салдарынан, қоқысқа толып жарамсыз болғаны және тасыған судың өтуіне кедергі жасау жағдайдың өршуіне әкеп соқты. Осы ретте су құрылымдарының жұмыс қабілетін қамтамасыз ету керек, - деді Ержан Құдайберген.

Айта кетейік, 1 мамырда Өзбекстандағы Сырдария облысында Сардоба су қоймасының бөгеті бұзылды. Соның салдарынан Мақтаарал ауданындағы елді мекендерді су басып, төтенше жағдай орын алды.

Толығырақ ...

ШЫМКЕНТ: Үш айда 4,9 миллиард теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді

Шымкентте өндіріс қана емес, ауыл шаруашылығы саласы да қарқын алып келеді, деп хабарлайды KAZUS.KZ

Биылғы жылдың үш айында жалпы ауылшаруашылығы өнімінің көлемі 4,9 млрд теңгені құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 107,7 пайызды құрады.

Атап атар болсақ, мал шаруашылығы 8,9 %, ет өнімі 14,2 %, сүт 2,9, % жұмыртқа өндіру 11,4 % артқаны байқалады.

Оған қоса енді жылы аймақта жылыжайға басымдық берілмек. Шымкентте қазірдің өзінде жылыжай көлемі 183 гектарды құрайды. Оның 53 гектары - өнеркәсіптік. Қалада бұдан бөлек 2020 жылы 30 гектар өндірістік жылыжай іске қосылмақ. Жабық жылыжай кешендердің көлемін арттыру мақсатында «Оңтүстік» көліктік логистикалық аймағынан 100 гектар өнеркәсіптік жылыжай кешенін салу жобасы қолға алынған. Ол жүзеге асса мыңдаған жаңа жұмыс орны ашылып, жұрт жыл он екі ай көкөніспен қамтылатын болады.

Шымкентте көктемгі дала жұмыстары да бітуге жақындады. Президент тапсырмасына сәйкес, Шымкентте көктемгі дала жұмыстарына қажетті жанар-жағармай құны 174 теңгеден 160 теңге төмендетілді. Барлық агроқұрылымдар дизель отынын уақытылы жеткізілді. Тапшылық жоқ.

Жалпы қала аумағында 62 мың гектардан астам жер бер. Биыл егіс алқабын өткен жылмен салыстырғанда 1 мың гектарға ұлғайтып, 27,6 мың гектарға жеткізу жоспарлануда.

Инвестиция және несиелендіру бойынша жыл соңына дейін ауыл шаруашылығы саласында жалпы құны 7,6 млрд. теңгені құрайтын 17 инвестициялық жоба іске асады. Оның ішінде 4 құс шаруашылығын кеңейту, 4 жылыжай құрылысы, 2 тауарлы сүт фермасы, 2 жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу, 1 қарқынды алма бағы, 1 ешкі сүтін өндіру және қайта өңдеу, 1 сүтті қайта өңдеуді кеңейту, 1 мал бордақылау алаңын салу, 1 кондитерлік өнім өндіру жобалары бар.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу