logoru
logo

Бейсенбі, 14 Мамыр 2020 - KAZUS.KZ

Күн көзі коронавирусты өлтіре ме – қазақстандық инфекционист жауап берді

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Қазақстанның жетекші инфекционист дәрігері Динагүл Баешева жаз уақытында коронавирустың қалай таралатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Жазда күн көзі қатты. Ал ультракүлгін сәулелер көптеген патогендік вирус пен бактерияны өлтіреді. Әрине, бұл – жақсы жаңалық. Бірақ маңызды бір мәселені ұмытпауымыз қажет. Бұл вирус тыныс алу жолдарындағы жасушалар арқылы таралады. Ол жерге ультракүлгін сәулелер түспейді. Мәселе сонда", - деді Баешева бүгінгі онлайн брифингте.

Оның айтуынша, жазда адамдар бір жерде жиналып отырмайды. Көшеге шығып, бір-бірінен алшақ жүреді. Ал үйде отырса, терезе мен есікті жиі ашып, желдетіп жатады. Бұның бәрі вирустың таралуына жол бермейді.

"Дегенмен, арақашықтықты сақтау қажет. Адамдар бір-бірінен кем дегенде бір метр алшақ жүруі керек. Негізі талап бойынша 1-2 метр болуы шарт. Біздің негізгі мақсатымыз – вирусты бір-бірімізге таратпау. Ал инфекцияны көбейтпеу үшін оның тізбегін үзу керек. Бұл ретте гигиенаны да ұмытпағанымыз жөн", - деп атап көрсетті Баяешева.

Толығырақ ...

Ордабасы ауданында Арыс-Шымкент бағытындағы көпірді су шайып кетті

KAZUS.KZ. Түркістан облысы, Ордабасы ауданы аумағында Арыс-Шымкент бағытындағы көпірді су шайып кетті. Бұл туралы Арыс қаласының әкімдігі ресми түрде хабарлап, жүргізушілерге бұл жолдың жабылғанын ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Арыс қаласы мен көршілес Ордабасы ауданы Қараспан (Обручевка) ауылындағы Бадам өзенінің үстінен салынған уақытша көпірді су басты. Арыс-Шымкент бағытындағы жолдың үстіндегі көпірді су басуынан барлық көлік қозғалысы шектелді. Аталған себептерге байланысты Арыс-Шымкент бағытындағы көліктердің өту мүмкіндігі жоқ екендігін назарларыңызға жеткіземіз. Шымкент қаласына шұғыл түрде баратын арнайы рұқсаты бар көлік жүргізушілерінің назарына, Монтайтас-Бадам-Шымкент бағытымен жүру ұсынылады», делінген Арыс қаласы әкімінің хабарламасында.

Айта кетейік, күні кеше қатты нөсер жауыннан Қасқасу өзені арнасынан асып кеткен болатын. Салдарынан Төлеби ауданындағы 4 көпірді де су шайып, Жоғары Қасқасу ауылының ішкі жолдары жабылып қалған еді.

Толығырақ ...

ТҮРКІСТАН: Нөсер жауынның салдарынан өзендер арнасынан тасуда

Түркістан облысында толассыз жауған жауынға байланысты жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланып, арнайы штаб құрылды, деп хабарлайды KAZUS.KZ.  

Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев Төлеби ауданындағы селден зардап шеккен аумақтарды аралады. Мұнда толассыз жауған нөсер жауынның әсерінен Төлеби ауданындағы өзендердің су деңгейі көтерілді. Соңғы ақпарат бойынша, арық-атыз, қыр-сайлардан жиналып аққан жаңбыр суынан 6 елді мекендегі 260 тұрғын үйлердің ауласына су кірді. Барлығы қауіпсіз аумаққа көшірілген. 27 үйдің құлау қаупі бар.

"Тек 40 минуттың ішінде 1 айлық жаңбыр жауған. Бұл соңғы жылдары алғаш рет орын алған табиғи құбылыс. Қауіпсіз аумаққа көшірілгендеріңіз дұрыс болды. Үйлерді полиция қызметкерлері күзетеді. Уайымдамаңыздар. Саман үй құласа, өздерінің үшін қауіпті. Барлық аудандар осында көмекке келіп жатыр",- деді Өмірзақ Естайұлы Төлеби ауданы тұрғындарымен кездесу кезінде.

Бүгін түнде мұнда Қазығұрт, Сайрам және Ордабасы аудандарынан көмек жетті. Олар халықты эвакуациялап, қажетті заттар мен ыстық тамақпен қамтамасыз етуде.

Толығырақ ...

Күзетшілер шашынан сүйреп көлікке отырғызды (видео)

KAZUS.KZ. Желіде екі ер адамның қызды шашынан сүйреп тұрып көлікке кіргізгені түсірілген видео тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Куәгерлердің айтуынша, полицейлер көлікте қыз баланы ұрып-соққан. Кейінірек ұзын шашты адамның ұл екені анықталды.

Оқиғаның видеосы Instagram желісіндегі "Наш Костанай" парақшасында жарияланды.

Қостанай облысының полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 252-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің басталғанын хабарлады.

Сондай-ақ, полицейлердің айтуынша, кеше, сағат 16.00-де Абай-Быковский көшелерінің қилысында жанармай құю бекетінде қыз баланың терезені сындырып, асфальт төсеп жатқан жұмысшыларға шабуыл жасап жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Қызды ұстамақ болған кезде ол күзетшілерге шабуылдаған, біреудің бетін тырнап, екіншісінің құлағын жыртып жіберген. Белгілі болғандай күзетшіге шабуыл жасаған қыз емес ер адам екен, ол полиция бөлімшесіне жеткізілген. Оның 1988 жылғы екені анықталды, Нұр-Сұлтаннан келген болып шықты. 

Толығырақ ...

ШЫМКЕНТ: Елтай елді мекенінде жауынан кейінгі қауіп сейілді

Шымкент қаласы, Еңбекші ауданына 13.05.2020 жылы сағат 19.14-те Елтай елді мекеніне қатты жауын-шашын салдарынан Түркістан облысы Төлеби ауданынан секундына 3-5 текше метр су келгені туралы хабарлама келіп түскен, деп жазады KAZUS.KZ

Үйлердің аулаларын су басып, судың деңгейі 20-50 см құрады. Көп мөлшерде келген судан арық жүйесі істен шығып, соның салдарынан тұрғын үйлердің аулаларын су басты. Жалпы 60 тұрғын үй аулаларын су басты және 3 шаруашылық құрылысы қирады. Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Шымкент қаласы ТЖ департаментінің 57 қызметкері, 14 техника мен МП-100 маркалы 14 мотопомпа жұмылдырылды.

ТЖД күштері суды шығару жұмыстарын жүргізді, жергілікті атқарушы органдарының коммуналдық қызметтері арықтардың механикалық тазалауы жүргізілді. Эвакуациялық пункттерге жеткізу үшін шұғыл түрде қоғамдық көліктер ұйымдастырылды. ТЖ департаментінің мобильді тобы дауысзорайтқыш арқылы Елтай елді мекенінің тұрғындарын эвакуация туралы құлақтандыруы жүргізілді.

Су басқан 60 үйден адамдарды көшіру ұйымдастырылды. Маятас тұрғын алабында орналасқан №119 мектептің негізінде құрылған №41 эвакуациялық жиналу пунктіне 150 адам көшірілді, 150 адам өздеріннің туыстарының үйіне орналасты. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Қосымша 4 эвакуациялық-жиналу пункті дайындыққа келтірілді.

14.05.2020 жылы сағат 01.14-те Еңбекші ауданы, Откорм.совхоз Гаухар тас көшесінде қатты жауын-шашын салдарынан Бадам өзенінің тасуы орын алды. Жағалаудың бұзылуы салдарынан 2 тұрғын үйдің құлауына қауіп төнді (үйлерге дейін арақашықтық 7-8 метр). ТЖД күштерімен қауіп төніп тұрған 2 үйден 17 тұрғын Бадам-1 елді мекеніндегі №84 орта мектебінің негізінде құрылған эвакуациялық жиналу пунктіне көшірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. ТЖ салдарын жоюға ТЖ департаментінің 16 қызметкері және 5 техникасы жұмылдырылды.

Сонымен қатар 112 кезекшілік қызметіне азаматтардан үйлердің аулаларын су басқаны туралы 28 қоңырау түсті, барлығына шұғыл түрде қызметкерлер шығып, суды шығару жұмыстарын жүргізді. Жалпы 973 текше метр су шығарылды. Жеке құрамнан 97 адам, 23 техника жұмылдырылды.

Қазіргі таңда қауіпсіздікті сақтау мақсатында құзырлы мекемелер тарапынан қажетті көмек көрсетілуде. Жағдай тұрақты бақылауда.

Толығырақ ...

Сенат ТЖ кезінде Президенттің өкілеттілігін кеңейту жөніндегі заң жобасын қабылдады

  • Бөлім:  Cаясат

KAZUS.KZ. Бүгін Сенат отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төтенше жағдай мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" заң жобасы қабылданды. Бұл заң жобасында төтенше жағдай кезінде Қазақстан Президентінің өкілеттігін кеңейту мәселесі қаралған, деп жазады baq.kz.

Осы заң қабылданған соң билік төтенше жағдай кезінде жеңілдетілген тәртіп бойынша шешім шығарады деп күтілуде. 

Заң жобасы мемлекет басшысының 2020 жылғы 16 наурыздағы "Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету шаралары" жөніндегі бұйрығын орындау барысында әзірленді. Заң жобасының негізгі мақсаты - төтенше жағдай кезінде әлеуметтік-экономикалық салада жедел шешім қабылдау, - дейді ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов. 

Сонымен қатар, аталған құжат бойынша "Төтенше жағдай туралы" және "Құқықтық актілер туралы" заңдарға түзетулер енгізілмек. Оларға 14 сала жатады:
- салық, бюджет, кеден, банк, еңбек, монополияға қарсы заңнама, 
- денсаулық, мемлекеттік сатып алу, валюталық реттеу туралы заңнама, 
- әлеуметтік қорғау, мемлекеттік мүлік, бәсекелестікті қорғау, мемлекеттік бақылау және қадағалау, 
- елдің халықаралық міндеттемелерін іске асыру мәселелері.

Толығырақ ...

Қазақстанда сиыр еті бір жылда 20%-ға қымбаттады

KAZUS.KZ. 1 сәуірдегі статистика бойынша, Қазақстанда 8,34 миллион бас ірі қара малы тіркелген. Олардың үштен екісі сауынды сиыр болса, қалған бір бөлігі, яғни 32,8 пайызы сою үшін бордақыланған мал, деп жазады azattyq-ruhy.kz Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап. 

Елімізде сондай-ақ, 19,7 млн бас қой, 2,74 млн бас ешкі бар.

Ірі қара малдың саны жағынан Түркістан облысы көш бастап тұр. Екінші орында – ШҚО, үшінші – Алматы облысы. Қой мен ешкінің саны жағынан да осы үш өңір көш басында.

Айта кетейік, Қазақстанда ет тапшылығын болдырмас үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі ірі қара малды, сондай-ақ, 6 айдан асқан қой мен ешкіні тірідей экспорттауға тыйым салған болатын. Нәтижесінде жергілікті шаруалар ішкі нарықтағы сұраныстың 94,1 пайызын жапты.

Осыған қарамастан, Қазақстанда сәуір айында сиыр етінің бағасы 1 келісіне орта есеппен 1,88 мың теңгені құрап, бір жылда 19,5%-ға қымбаттаған.

Ең қымбат сиыр еті Алматыда, 1 келісі – 2,17 мың теңге, Нұр-Сұлтанда – 2,1 мың теңге, Түркістанда – 1,9 мың теңге.

Толығырақ ...

Қытайда 4,4 миллион тұрғыны бар қала карантинге жабылды

  • Бөлім:  Әлемде

KAZUS.KZ. Қытайдың солтүстік-шығысында орналасқан Цзилинь қаласында 4,4 миллионға жуық адам тұрады. Бұл қалада коронавирус жағдайының жиілеуіне байланысты қатаң карантин режимі енгізілді, - деп хабарлайды tengrinews.kz South China Morning Post сайтына сілтеме жасап. 

Жақында осындай атауы бар провинцияда COVID-19 жұқтырған алты жағдай тіркелді. Ал апта бұрын 15 адамнан коронавирус анықталып, оның екеуі симптомсыз болған.

Бұл жағдайдың барлығы Цзилинмен көрші тұрған Шулань қаласында кір жуатын жерде жұмыс істейтін 45 жастағы әйелмен байланысты болып отыр. Ол 7 мамырда COVID-19 анықтауға тест тапсырғанда нәтижесі оң болып шыққан.

Әйелдің қалай жұқтырғаны әлі күнге дейін белгісіз. Себебі провинцияда 73 күн бойы жергілікті тұрғындардың арасынан жұқтырған жағдайлар тіркелмеген. Әйел қаладан шықпаған және шетелден келгендермен байланыспаған.

Цзилинь билігі коронавирус эпидемиясының екінші толқыны болуынан қорқып, қатаң шараларды қабылдады. Пойыздар мен қалааралық автобустар тоқтады, мектептер, қоғамдық және ойын-сауық орталықтары жабылдады. Кинотеатрлар, парктер, стадиондар және интернет-кафелер жабылып, жиналуға тыйым салынды.

Қаладан шығу үшін тұрғындар коронавирусқа тест тапсыруы керек.

"Қазіргі аурудың жиілеуі өте ауыр және әрі қарай тарап кетуінен қауіп бар", - деді қаланың вице-мэрі Гай Допнин.

Толығырақ ...

Елжан Біртанов: Қазақстандағы әрбір вакцина қауіпсіздік бойынша көпсатылы тексерістен өтеді

  • Бөлім:  Қоғам

KAZUS.KZ. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Парламент Мәжілісінде қабылданған «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс жобасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кеше Парламент Мәжілісінің депутаттары «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Бірақ біз жолдың жартысын ғана басып өткенімізді айтқым келеді. Жұмыс әлі аяқталған жоқ, әлі де көп іс тындыру керек. Бірақ қазірдің өзінде Мәжілістегі Кодекс жобасын қарау барысында вакцинация, донорлық, трансплантация, психикалық және репродуктивті денсаулық, скрининг, жеке медициналық мәліметтерді жинау және темекіні тұтынуды реттеуге қатысты нормалар туралы консенсус табылды», - деп жазады министр Facebook парақшасында .

Министрдің хабарлауынша медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесіне жеке бөлім арналып отыр.

«Президенттің бұйрығымен санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің рөлін күшейту және оны нығайту нормалары қарастырылды. Денсаулық сақтау саласындағы бірде-бір заң бұрын соңды дәл осындай ашық әрі кең ауқымда талқыланған емес! Жұмыс тобының 42 отырысы өтіп, 1000-нан астам түзету енгізілді, Нұр-Сұлтан, Алматы, облыстарда, көптеген отандық және халықаралық сарапшылардың, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкілдерінің қатысуымен 11 қоғамдық талқылау болып өтті», - дейді ол.

Министр Қазақстанның облыстарына жасаған жұмыс сапарында әріптестеріне Кодекс жобасының нормаларын өзі таныстырғанын айтады.

«Біздің саламыздың болашақ дамуын шынайы қалайтын адамдардың бәрі 2018 жылдан бастап өз ұсыныстарын білдіріп келе жатыр. Сонымен қатар, осы қыста біз Үкіметтік емес ұйымдардан 16 жаңа ұсыныс қостық. Парламент Мәжілісі қабырғасында, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясы фракциясының отырысында халықтың ерекше назарындағы нормаларды кеңінен талқыладық. Біз бұны құптаймыз, өйткені Кодекс жобасы әлеуметтік маңызды құжат болғандықтан, қоғамнан белсенді реакция күткен едік», - деп жазады министр.

Елжан Біртанов бұл ретте вакцинация мәселесіне ерекше назар аударылатынын айтады.

«Кейінгі кезде әлеуметтік желілелерде Кодекске, оның ішінде міндетті вакцинация, сапасыз вакцина мен сатып алу міндетін дұрыс орындамайтындар, вакцинаны дұрыс тасымалдамайтындар мен вакцинадан кейінгі қиындықтар туралы әңгіме жиі көтеріліп кетті. Бұл – қоғамдық сананы ашық манипуляциялау. Қазақстанда вакцинация – мәжбүрлі емес! Бүкіл әлемдегі секілді біздің елде екпе жасату – ерікті және міндетті болады. Бірақ әрбір жағдайда ата-аналардың ақпараттық түрде келісім беруге немесе вакцианциядан бас тартуға ҚҰҚЫҒЫ болады! Екпе жасалмаған балалардың құқығын шектейтіндей ешқандай норма жоқ. Ұжымдық иммунитетті қамтамасыз ететін, яғни балабақшаға баратын БАРЛЫҚ баланың денсаулығын ҚОРҒАЙТЫН тек бір норма бар», - деп сөзін жалғастырды Біртанов.

Министр келтірген мәліметке сәйкес 2019 жылы 4 841 334 екпе жасалып, 6003 жағдайда екпе жасатпайтындарын айтып, бас тартқан (тек 0,12 пайызы). Осы 4 841 334 адамның ішінде тек 143-і екпеден кейін жайсыз күйді (температураның көтерілуі, терінің қызаруы) сезінген (0,003 пайызы). Ал Қазақстанда вакцинадан 2019 жылы бірде-бір адам көз жұмбаған.

«Қазақстандағы әрбір вакцина қауіпсіздік, тиімділігі мен сапасы бойынша көпсатылы тексерістен өтеді. Ол тексерістің бәрі де өндірістік тәжірибенің (GMP) халықаралық стандартына сай келеді», - деді министр.

Қазақстанда вакцинаның сапасын қадағалау – оны тіркеу кезеңінен басталады. Алдымен вакцинаның құжаттар тізімінің толыққанды анализі жүргізілсе, Дәрі-дәрмекті сараптаудың ұлттық орталығының сарапшылары өндіріс алаңына барып, алгоритмге сәйкес олардың стандарттарын тексереді. Екінші аналитикалық кезеңде вакциналарға лабороториялық зерттеу жүргізіліп, клиникалық зерттеу тарихы мен вакцинаның эпидемиологиялық тиімділігі қаншалықты екені тексеріледі. Тіркелгеннен кейін вакциналардың әрбір партиясы – қауіпсіздік пен сапа бойынша тағы бір сынақтан өтеді. Егер вакцина халықаралық ұйымдар арқылы сатылып алынса, оның қауіпсіздігі мен сапасы ДДСҰ деңгейінде тексеріледі.

Елжан Біртанов өз жазбасында заң жобасын қараған Мәжіліс төрағасы мен депутаттарға, сарапшыларға алғысын айтты. «Кодекс халықтың денсаулығы үшін қазіргі заманның тегеурініне жауап берер деген сенімдемін. Кодекс заманға сай әрі дамыған денсаулық сақтау жүйесін құруға бағытталған, осы бағыт біздің медицинаның деңгейін жаңа белеске көтерер деген сенімдеміз», - деп түйді Елжан Біртанов.

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу